Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны, түрлері мен нысандары.




«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды.

Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономи-калық жүйенің негізі болып табылады.

Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:

Бірінші тәсілдөме меншікті нақты экономикалық кате­гория ретінде қарастырады. Меншік дөген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.

Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономи-калық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті 3.1-сызба сипаттайды.

 

3.1-сызба. Меншік қатынасының құрылысы

 

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншік теу) иемдеу-жатсыну;

ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үлестіру тәсілі;

г) субъектілік-объектілік талдау.

1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің емір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттөту - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін емөстігін білдіреді.

2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір туарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.

Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі қурайды.

Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде -жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүред., Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.

4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншік теушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.

5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуі меттік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдар бола алады. Меншік объектілері: ендіріс құралдары, мүлікі ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені үйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады.

Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.

Маркс бойынша, меншік - бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды.

Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады. Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.

Кейбір отандық әдебиеттерде, меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесіне, қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:

1) Иемдену - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі.

2) Пайдалану - белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.

Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:

1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау қүқығы;

2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуга деген құқығы;

3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі жөніндегі құқығы;

4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге жете алу құқығы;

5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы;

6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;

7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;

9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;

10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;

11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік субъектілері - бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. Меншік объектісі - бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.

Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.

Жеке меншік - бұл бір түлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал- жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік - бұл акцияларды сату нәтижесінде қалыптасатын меншік.

Мемлекеттік меншік - бұл субъектісі мемлекет болып табылатын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен, бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы. Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме қозғау керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных