Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары және үлгілері.




Қоғамдық шаруашылықтың нысаны - адамдардың шаруашылық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі.

Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар:

1) Натуралды шаруашылық - қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:

- экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;

- әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;

- қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;

- өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыстардың орын алуы;

- еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.

Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруашылық -терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық. Кейіннен, егін шаруашылыгы мен мал шаруашылығының пайда болуымен байланысты натуралды шаруашылықтың иемденушілік түрі ұдайы өндірушілікке айналды. Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық - табиғаттың дайын игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық игіліктермен» толықтырылып отыратын, тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс терімшілік пен аң аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау сияқты және басқа да әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы өндірушілік шаруашылық адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп, материалдық игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады.

2) Тауарлы шаруашылық - өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:

- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы;

- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;

- тауарлар айырбасының орын алуы;

- еңбектің мамандандырылуы;

- өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы;

- еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:

1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.

2. Жеке меншіктің пайда болуы.

3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.

Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных