Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша: пайда болуы, мәні, қызметтері.




Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы әлі ортақ шешім жоқ.

Ұзақжылдар бойы ақша символының қызметін сол кездерде тапшы және құнды болып табылатын тауарлар - мал, аң терісі, шай, темекі, балық, күріш және т.б. атқарды. Аймақаралық және халықаралық байланыстардың біртіндеп кеңеюіне байланысты адам баласы ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы металлдарды қолдана бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және сақтауға қолайлы болып табылады. Алтын мен күміс монеталардың параллельді түрде айналыста жүруі биметализм, ал жалғыз металлдың айналыста болуы монометализм деп аталады.

Әдетте, екі металл арасындағы құндық арақатынас мемлекет арқылы реттеліп отырды. XIX ғасырға дейін әрекет еткен мұндай жүйенің кемшілігі болып алтын мен күмістің нарықтық құны мен белгіленген құны арасындағы сәйкессіздіктің орын алуы табылды. Бұл салыстырмалы түрде қымбатырақ монетаның айналыстан шығып қалуына алып келді. Екі металлдың бірі екіншісінен арзанырақ болды және арзан металл екіншісін ығыстырып шығарады. Мысалы, алтынмен салыстырғанда күмістің құнсыздануы алтын монетаны тауарға айырбастаудың тиімсіздігіне әкелді.

Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда болуын қажет етті. Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы ақшаның да дамуына алып келді. Бастапқыда банкнота шығарушы банктер банкноталарды алтынға айырбастау міндеттемесін өз мойындарына алған. Бұл қағаз ақшаларға деген сенімділікті тудырды және ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қағаз ақшалар алғаш рет XII ғасырда Қытайда пайда болды.

Монометаллизм жалғыз ғана металл айналым құралы қызметін атқаратын ақша жүйесі болып табылады. Бұл жағдайда сол металлға айырбасталатын басқа металлдардан жасалған монеталар да айналыста жүреді. Монометаллизм айналыстағы қандай металлдың негізгі болып табылуына байланысты күміс монометаллизм («күміс стандарт») және алтын монометаллизм («алтын стандарт») болып бөлінеді. «Алтын стандарт» алтын монометаллизмнің классикалық нышаны болып табылады.

«Алтын стандарт» - бұл негізгі валютаның рөлін алтын атқаратын, бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша белгілері болатын ақша жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны бар: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девиздік.

Алтын монета стандарты жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір көлемде алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады.

Алтын құйма стандарты кезінде ірі сомадағы банкноталар берілген жағдайда ғана құйма түріндегі алтынға айырбасталады (мысалы, Францияда XX ғасырдың 20-жылдары 215 мың франкіден кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы алтын құймаға сәйкес келді; Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг. алтын құйма алуға болатын еді).

Алтын девиз стандарты банкнотаны тікелей алтынға емес, кейіннен алтын құймаларға айырбастайтындай етіп, басқа елдің валютасына айырбастау мүмкіндігін білдіреді.

Аталғаналтын стандарт жүйесі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін әрекет етті. Ал қазіргі кезде елдің алтын резервтері шетелдегі валюта биржаларындағы ұлттық валютаның құнын сақтау үшін керек.

Кез келген дамыған елде бүгінде ақша айналымы купюра, монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар аркылы да көрінеді. Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма-қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады.

Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен көруге болады.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.

2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.

3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.

4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.

5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.

Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге асырылады:

а) қолма-қол ақша беру арқылы;

ә) банктегі есепте жазу арқылы;

б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға берешек екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.

Осыған байланысты төлем құралдарының үш түрі орын алады:

1. Қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар);

2. Чектер, ағымдық есептер;

3. Қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері). Ақшаның экономикалық рөлі жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен орташа баға деңғейіне де әсер етеді.

Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі мына формула бойынша көрсетіледі;

М х V =Р х Q.

Мұндағы: М - ақша бірлігінің массасы;V - ақша айналымының жылдамдығы; Р- тауар бағасы;Q- нарыққа ұсынылған тауарлар саны.

Осыдан тауарлар айналымына қажетті ақша саны шығады:

М= PQ/V.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных