Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сыныс және оған әсер еруші факторлар, заңы және қисығы.




Ұсыным (S) – тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.

Ұсынымға тауардың өзінің бағасы және бағадан басқа факторлар әсер етед.

Ұсыным факторлары:

1. тауар бағасы (Р);

2. субститут тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының өсуі) (Рs, Рc);

3. өндіріс шағандары мен технология деңгейі(С);

4. салықтар мен субсидиялар көлемі (Т);

5. сатушылар көлемі (N);

6. нарықтық экономика агенттерінің бағаны және тапшалақты күтуі (Е).

Ұсыным көлемінің «S» оны айқындайтын фактордан функционалды тәуелділігі ұсыным қызметі деп аталады:

QS = f (Р, Рs1 … Рsn, Рc1 …Рcm, C, N, E, T).

Ұсынымның бағаға байланысты қызметі: QS = f (P).

Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын сызба түрде көрсетуге болады.

Ұсыным қисығы - өндірушілердің дәл осы уақытта турлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын қөрсететін қисық.

Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. (5.3 -сызба).

 
 

 


Ұсыным шамасының бағаға тәуелділігі

 

Баға мен ұсынылган өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыным заңы деп аталады.

Ұсыным заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің қөбін жоғарғы бағамен сатуды ұсынады. Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушалыр тарапынан тауарды ұсыну қөбірек болады. Керісінше тауар ұсынысы ұлғайған сайын, оларға баға төмендей түседі. Игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы емес, басқа факторларының әсері ұсыныстың қысқаруын немесе өсуін әкеледі. Ұсыным мөлшерінің ұлгаюы ұсыным сызығын оңға қарай қозғалтып, ал кеми түсуде солға қарай ығысады.

Нарықтық тепе-теңдік – бұл сұраным мөлшері мен ұсыным қөлемі бір-біріне дәл келетін жағдай.

Тепе-теңдік бағаe) – бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға.

 

 

 

 

Нарықтық тепе-теңдік

 

Нарықтық тепе-теңдік сұраным мен ұсынымның қиылысында орналасқан.

Pe = PD = PS – Тепе-теңдік баға;

Qe = PD = PS - тепе-теңдік өндіріс көлемі.

Ұсыным көлемі сұраным мөлшерінен асып кетсе - артық өнім пайда болады, ал сұраным мөлшері ұсыным көлемінен артық болса тапшылық пайда болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных