Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.




Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.

Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік - бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік - бұл екі немесе одан да көп адамдардың капитал салымдары (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.

2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам - бұл жарғылық капиталы белгіді бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауга құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.

Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:

1. Концерн - көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.

2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум - ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.

6. Трест - белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных