Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік шығындар: мәні, түрлері, құрылымы.




Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына. және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.

Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.

Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңгы соманың шамасы болып табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар тұжырымдамасын енгізген.

Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс шығындарынан басқа жеке шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың, қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.

Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін анықтайды.

Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытыныңбасты өкілі Р. Коуз енгізген трансакциондық шығындар теориясы аса маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді, олай болса, экономиканы бұл шығындарсыз елестету қиын. Қазіргі уақытта, фирманың нарықтағы негізгі қызметі болып осы трансакциондық шығындарды үнемдеу табылады. Яғни солар арқылы фирманың мүшелері қандай да бір ақпарат алуға жұмсайтын шығындарын төмендете алады. Дуглас Норт трансакциондық шығындардың негізгі түрлерін бөліп көрсетті:

1. Нарық туралы ақпарат іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

2. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен байланысты шығындар;

3. Тауардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың маркалық белгісін қорғауға жұмсалатын шығындар;

4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін қорғауға жұмсалған шығындар;

5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық) әрекеттерден болған шығындар.

Өндіріс шығындары - бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі.

Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолданылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.

Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар, еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріске салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын алады. Баламалы шығындар немесе таңдау шығындары - бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын» ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шыгындар).

Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес» шығындардың сомасына тең болады.

Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты аныктау үшін ең алдымен осы баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады. Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төмендетуге тырысады, өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.

Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.

Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға мүмкіндік береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных