Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалақы – еңбек бағасы ретінде.




Еңбек нарығы - жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі.

Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі - жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.

Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.

Еңбекке деген сұраныс - бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.

Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:

1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;

2. Жалақы деңгейі;

3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі;

4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы;

5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар;

6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы - жалақы деңгейіне (w) тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.

9.1-сурет. Еңбекке деген сұраныс қисығы

 

Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде - қажетті еңбек қызметінің шамасы (L) және ордината осінде - жалақы мөлшерлемесі (w). Dl қисығының бойындағы кез келген нүкте жалақының белгілі бір деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.

Еңбек ұсынысы - бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.

Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:

1. Елдегі демографиялық жағдайлар;

2. Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы;

3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы;

4. Миграциялық үдерістер;

5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;

6. Кәсіподақтар қозғалысы;

7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері;

8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы. Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырганда ерекше жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.

9.2-сурет.Еңбектің ұсыныс қисығы

 

Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды, бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек ұсынысын арттыра алмайды, яғни ол өзінің бос уақытын бағалай бастайды, демек адам бір тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды деген сөз. Осыны төмендегі суреттен көре аламыз.

9.3-сурет. Еңбектің жеке ұсыныс қисығы

 

Осы суретке сәйкес, жалақы өскенде ұсыныс көлемі I нүктесіне дейін ұлғаяды, бірақ қисық I нүктесінен өткеннен кейін жалақы одан әрі артқанда теріс көлбеулі сипатқа ие болып өз бағытын өзгертеді. Басты себебі, жалақы артқанда адам өзінің бос уақытын оны қосымша жұмыс уақытына алмастыру арқылы қүрбан етеді, яғни I нүктесіне дейін алмастыру әсері орын алады. Әрі қарай, адам жалақының w1, деңгейінде өзінің материалдық жағдайы жоғары деңгейіне жеткенде, жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады және ол I нүктесінен кейінгі жағдаймен сипатталады. Сөйтіп, біз жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз.

Енді, еңбектің сұраныс және ұсыныс қисықтарын біріктірсек, онда біз еңбек нарығындағы жағдайды және ондағы тепе-теңдікті талдай аламыз. Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекке сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысының қисығы Е нүктесінде қиылысады. Осы нүктеге тепе-теңдік жалақының (wе) және еңбектің тепе-теңдік көлемі (LЕ) сәйкес келеді, яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болады. Тепе-теңдік Е нүктесі экономиканың толық жұмысбастылық жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде еңбектің қажетті шамасын сатып алуга келіседі және олардың еңбекке деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады. Жұмыскерлер де осындай жалақыға өз қызметтерін ұсынуға келісіп, барлығы дерлік жұмыспен толығымен қамтылган жағдайда болады.

9.4-суретЕңбек нарығындағы тепе-теңдік

 

Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада, жалақы - бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада, жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса, сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.

Жалақының екі түрі ажыратылады:

1) Атаулы жалақы - бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.

2) Нақты жалақы - бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтыгы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне тәуелді.

Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:

1) Мерзімдік жалақы - бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімді жұне мерзімді сыйақылы болып тағайындалуы мүмкін.

2) Келісімді жалақы - бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.

Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыстарының басым бөлігін қүрайды және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных