Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лттық есепшот жүйесі және оның көрсеткіштері.




Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) - бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есепшоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете және экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді.

ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ - бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.

ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша жасалған құндар кірмейді:

1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекеттің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.).

2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.

3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.

ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:

1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн - бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.

2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:

1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (С).

2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).

3) Мемлекеттік шығындар (G).

4) Таза экспорт (NХ).

Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Ү) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді:

Ү=С + І + G + N Х.

Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.

3. Табыстар бойынша ЖІӨ-ді есептеу әдісі. ЖІӨ-ді осы әдіс арқылы факторлық табыстардың жиынтық сомасы деп қарастыруға болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен түскен табыстар, бөлінбеген пайда көрсеткіштері де ЖІӨ-ге жатқызылады.

Шығындар мен табыстар бойынша есептелетін ЖІӨ-ді төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:

10.1-кесте. ЖІӨ-ді есептеу әдістері
Шығындармен есептелген ЖІӨ Табыстармен есептелген ЖІӨ
1. Тұтыну шығындары (С) 1. Жалақы (w)
2. Жалпы жеке инвестициялар (I) 2. Пайыз (r)
3. Мемлекеттік шығындар (G) 3. Рента(R)
4. Таза экспорт (NХ) 4. Пайда (Р)
5. Жанама салықтар
6. Амортизация (d)

 

 

Осы екі әдіс арқылы ЖІӨ бойынша шығындар мен табыстар бір-біріне тең болады, яғни нәтижесінде бірдей шаманы көрсетуі тиіс.

ҰШЖ-де екінші макроэкономикалық көрсеткіш - ол жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ - бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.

ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер бар. Оларга таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады.

ТҰӨ - ЖҰӨ мен амортизациялық аударымдар арасындағы айырма.

ТҰӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТҰӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТҰӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштің келесі түрін аламыз.

ҰТ - ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты үлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстарының жиынтығы. Алайда осындай табыстардың барлығы түгеліментұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса, ҰТ-тан жеке табыс көрсеткіші алынады.

ЖТ - ел тұргындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап трансферттік төлемдерді қосу керек.

ҚБТ - ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады.

Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін бағалап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де атап өткен жөн. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады.

3. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі

ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштер болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне тәуелді болып табылады. Өндіріс көлемінің шамасын анықтау үшін индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің қандай екендігін білу қажет.

Бағалар индексі - бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен қызметтердің сондай тобының жиынтық бағасы арасындагы арақатынас.

Осы жылғы бағалар индексі =
осы жылғы тұтыну қоржынынмң нарықтық бағасы / өткен






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных