Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инфляцияның себептері және түрлері.




Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен, қағаз ақшалардың шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын тілінің «inflatio» сөзінен аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді. Алғаш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі үдерісін білдірген. Осы түсінік XIX ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляция - бұл бағалардьгң жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі және оның құнсыздануын білдіретін көпфакторлы экономикалық құбылыс. Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы деңгейі мен шығындардың төмендеуін дефляция деп атайды, ал бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеу құбылысы дезиифляция деп аталады.

Бағалардың өсуі екі себептен туындайды-сұраныстың ұсыныстан артып кетуінен (сұраныс инфляциясы) және өндіріс шығындарының өсуінен (ұсыныс инфляциясы).

Сұраныс инфляциясы - бұл толық жұмысбастылық жағдайында ресурстарды тиімді деңгейінен жоғары қолданғанда сұраныстың ұсыныстан артып кетуі салдарынан болатын бағалардың өсуі. Сұраныс инфляциясын осылай түсіндіру монетаристік нұсқаға сәйкес келеді. Монетаристер баға айналыстағы ақша санымен анықталады деп санайды.

Сұраныс инфляциясы мемлекеттің бюджет тапшылығымен де байланысты. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың барлық әдістері инфляцияға жол ашуы мүмкін.

Егер баға айналыстағы ақшаның санына тәуелді болса, онда сұраныс инфляциясымен күрес ақша санын шектеуді, төлем қабілеттілігі бар сұранысты азайтуды талап етеді. Мұндай жағдайларда арзан ақшалар саясаты жүргізіледі - пайыз мөлшерлемесі көтеріледі, несиелік белсенділік шектеледі, мемлекеттік шығындар қысқарады.

Ұсыныс инфляциясы - жалақы мөлшерлемесінің өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен артып кеткенде, ресурстарға баға өскенде орын алатын өндіріс шығындарының инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясынан басқа инфляцияның әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты көптеген түрлері орын алады:

1) Инфляцияға қарсы саясаттың құралдарына байланысты инфляция екіге бөлінеді:

- ашық инфляция - нарықтық қатынастар жағдайында бағалардың айқын түрде еркін құбылуы немесе өсуі;

- жабық инфляция - бағалар мен жалақының деңгейі мемлекеттің қатаң бақылауында болатын және негізгі нысаны тауар тапшылығы арқылы көрінетін инфляцияның бір түрі.

2) Зерттеу нысанына байланысты инфляцияның үш түрі бар:

- ұлттық инфлиция;

- аймақтық инфляция;

- әлемдік инфляция.

3) Экономиканың ішкі және сыртқы факторларына байланысты:

- импортталған инфляция;

- экспортталған инфляция.

4)Бағалардың өсу қарқынына байланысты инфляция үш түрге бөлінеді:

- баяу инфляция - бағалардың өсу қарқынының жылына 10%-ға дейін болуы;

- өршімелі инфляция - бағалардың өсу қарқынының жылына 200%-ға дейін болуы;

- гиперинфляция - бағалардың өсу қарқынының жылына 200%- дан асуы.

Мәселен, өткен ғасырда, бағалардың өсу қарқынының өте жоғары деңгейлерін, әсіресе, гиперинфляцияны бастан кешірген мемлекеттер көп, соның ішінде, Қазақстан да 90-жылдардың басында өтпелі экономика жағдайында нарықтық қатынастарға көшу барысында инфляцияның аса жоғары қарқынына тап болды. 1992-1994 жылдар аралығында елімізде гиперинфляция құбылысы байқалды (12,2-кесте).

12.2-кесте. Қазақстандағы инфляция қарқыны
кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі

1991 ж. - 147,1 1995 ж. - 60,3 1999 ж. - 17,8 2003 ж. - 6.8 2007 ж. - 18,8 2011 ж. - 7,4
1992 ж. - 2960,8 1996 ж. - 28,7 2000 ж.- 9,8 2004 ж.- 6,7 2008 ж. - 9,5 2012 ж.-6,0
1993 ж. - 2165,0 1997 ж.— 11.2 2001 ж. - 6,4 2005 ж.- 7,5 2009 ж. - 6,2 2013 ж.-4,8
1994 ж. - 1158,3 1998 ж. - 1,9 2002 ж.- 6,6 2006 ж.- 8,4 2010 ж,- 7,8  

 

5) Экономиканың бағалардың өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция екіге бөлінеді:

- теңестірілген инфляция;

- теңестірілмеген инфляция.

6) Мемлекеттің инфляцияға әсер етуіне байланысты:

- бақылаудан инфляңия;

- бақылауга көнбейтін инфляңия.

7) ЖІӨ көрсеткішінің өзгеруіне байланысты:

-ақиқат инфляңия;

- жалған инфляция.

8) Бағалардың болашақтағы өсу қарқынын болжауға байланысты:

- болжауға келетін инфляция;

- болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді.

XX ғасырдың 80-жылдарының басына дейін инфляция әлемнің көптеген елдерінде үлкен экономикалық дерт ретінде қаралды. 90-жылдары инфляция қарқыны төмендей бастады. Ал XXI ғасырдың басында инфляцияға деген көзқарастар өзгере бастады. Дәстүрлі түрде инфляция тұтынушылық бағалардың өсуі ретінде сипатталады.

Инфляцияның зардаптары. Инфляция экономикаға қарама-қарсы түрде әсер етеді. Бағалардың қарқынды түрде өсуі инфляцияның барлық жағынан ұдайы өндірілуіне алып келеді. Бағалардың өсуінен жалақы өседі. Жалақының өсуі өз кезегінде бағалардың әріқарай өсуіне себепші болып табылады.

Инфляция амортизациялық қорды құнсыздандырады және өндірістің жұмыс істеуіне қауіп төндіреді. Несиелер құнсызданады.

Қалыпты экономикалық қатынастар бұзылады. Ақшаның қызметтері істен шығып олардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Қандай бағаларға және пайыздың қандай мөлшерлемесіне бейімделу керек екені түсініксіз болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар тиімсіз болып табылады.

Әсіресе, гиперинфляция құбылысы өте қауіпті, мұндай жағдайда ақшадан қашу деген орын алады. Бартерлік келісімдер (тауарды тауарға айырбастау) орын алады, бірақ олар кейбір өндірілген өнімдерді тұтыну заттарына айырбастауға болмайтын кәсіпорындарды, аймақтарды және қалаларды күйзеліске ұшыратады.

Инфляция ұлттық табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Инфляциядан табысы тұрақты болып табылатын адамдар (зейнеткерлер, қызметкерлер) көп зардап шегеді. Инфляция кредиторлар үшін де қолайсыз болып табылады.

Инфляцияның дамуында инфляциялық күтімдер деген құбылыстар өте үлкен рөл атқарады. Инфляция тек экономикалық себептерден ғана емес, психологиялық себептерге де байланысты өрши түседі. Бағалардың өсуін күту тұтынушыларды ақшалардың құнсыздануынан сақтану үшін тауарларды молынан сатып алуға мәжбүрлейді. Мұндай жағдайда тұтынушылардың мінез-құлқы дүрлікпе сұраныстың пайда болуына алып келеді. Инфляциялық күтімдерді басу инфляциямен күресудің дұрыс бағытын таңдауға көмектеседі. Инфляциялық күтімдерді алдын алу мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты дұрыс жүргізе алуына байланысты болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных