Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Салық және оның мәні, қағидалары, түрлері.




Қазақстан Республикасы Салық Кодексі бойынша салықтарға мынадай анықтама беріледі. Салықтар - бұл мемлекеттің заңдық тәртіппен бекіткен, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін бір жақты міндетті ақшалай төлемдер.

Салық жүйесі белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір мемлекеттің территориясында салынатын салықтардың, алынатын алымдардың, төленетін төлемдердің жиынтығын білдіреді. Салық жүйесін қүру бірқатар жалпы принциптерге негізделеді.

Салық жүйесінің принциптері:

1. Салық салудың әділеттілігі (тепе-теңдігі).

2. Салықтардың анықтылығы және нақтылылығы (салықтың мөлшері, мерзімі, тәсілі мен төлеу тәртібі салық төлеушілерге нақты анықталған және түсінікті болуы қажет).

3. Салық төлеу мерзімдері мен тәсілдерінің ыңғайлылығы.

4. Салықтарды жинаудың үнемділігі немесе тиімділігі (салықтарды жинау және салықтарға қызмет көрсет көрсету шығындары бюджетке түсетін салықтық түсімдерден әлдеқайда төмен болуы тиіс).

5. Салық зандылығының тұрақтылығы.

6. Салық салудың бір реттілігі.

7. Салық төлеушілердің барлығына бірдей дерлік салық салу талаптарының ұсынылуы.

8. Салықтық жеңілдіктер жүйесінің дәлелді болуы.

9. Салық қызметтерінің оңтайлы үйлесімділігі.

Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:

1. Фискалдық қызметі - мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады

2. Реттеушілік қызметі - макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты, экономикалық өсудің қарқыны мен жұмысбастылықты реттеу.

3. Бөлу қызметі - ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалардың табыстарын, капиталды және инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлу.

4. Әлеуметтік қызметі - салықтар, салықтық жеңілдіктер және салық мөлшерлемелері арқылы мемлекеттің халық алдында әртүрлі әлеуметтік міндеттемелерді дәстүрлі түрде орындауы.

5. Ынталандыру қызметі - жеке және заңды тұлғалардың экономикалық мүдделеріне сай жеңілдіктер мен сыйақылар, тыйым салушы және шектеуші мөлшерлемелер түрінде көрінетін салық механизмінің әртүрлі құралдарын қолдану.

6. Бақылау қызметі - құқықтық механизмдерге жүгіне отырып мемлекеттік билік пен заң күшіне бағыну негізінде мемлекет пен бизнес, мемлекет пен халық арасындағы салық қатынастарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және оны қорғау.

Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Осыған байланысты салық элементтерін анықтауға болады. Салық элементтері:

1. Салық субъектісі немесе салық төлеуші - заң арқылы салық төлеу міндеті жүктелген адам.

2. Салық объектісі - салық салынатын және есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, т.б.)

3. Салық көзі - есебінен салық төленетін табыс.

4. Салық мөлшерлемесі - салық салу бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

Салық мөлшерлемесінің келесідей түрлері бар:

1. Тұрақты салық мөлшерлемелері табыстар көлеміне байланысты емес салым бірлігіне абсолюттік сомамен белгіленетін мөлшерлемелерді білдіреді.

2. Үдемелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты артып отыратын салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді.

3. Кемімелі салық мөлшерлемелері табыстың өсуіне байланысты төмендей беретін салықтың орташа мөлшерлемесін білдіреді.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салыктардың, алымдардың және төлемдердің келесідей түрлері бекітілген:

1) Салықтар:

- корпорациялық табыс салығы;

- жеке табыс салығы;

- қосылған құн салығы;

- акциздер;

- экспортқа деген ренталық салық;

- жер пайдаланушыларына салық;

- әлеуметтік салық;

- көлік құралдарының салығы;

- жер салығы;

- мүлік салыгы;

- ойын бизнесіне салық;

- тіркелген салық;

- бірыңғай жер салығы.

2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

- мемлекеттік баждар;

- тіркеу алымдары;

- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік құралдарымен жүргені үшін алымдар;

- аукциондардан алымдар;

- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін лицензиялық алымдар;

- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;

- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер;

- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;

- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.

Салықтар құрылымында маңызды орынды тікелей және жанама салықтар алады. Тікелей салықтар деп біз салық салу объектісі ретінде физикалық және заңды тұлғалардың табысынан (пайдасынан), табиғи ресурстардан және табыс табуға мүмкіндік беретін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз. Қазақстан Республикасында тікелей салықтарға корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқалары жатады.

Жанама салықтар - бұл тауарлар мен қызметтерді өткізу, экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-жылдардың басында зерттеп, табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі деген қорытындыға келді. А. Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы - бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып, «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 13.1-суретте көрсетілген.

Сонымен, Лаффср әсері - бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтардың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных