Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары.




«Несие» (кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда «сенемін» деген мағынаны білдіреді.

Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады. Несиелік келісім -бұл төлем мерзімі кешіктірілген сату-сатып алу қатынастары. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады. Несие жүйесі - бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды. Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие институттарынан құралады.

Қазіргі уақытта, несиенің кеңтараған нысандары бар:

1. Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қалдырып сату кезінде орын алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың өткізілуін жеделдету болып табылады.

2. Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда аса икемді болып табылады, өйткені ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.

3. Мемлекеттік несие - мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных