Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Леуметтік саясат мәні, оның бағыттары және қызметтері.




Мемлекеттіц әлеуметтік саясаты - бүұл қоғам мүшелерінің және әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге бағытталған үкіметтік іс-шаралары.

Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың әділетті бөлінуіне, ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктерінің тендігін сақтап тұруға жауап беруі тиіс.

Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:

1.тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;

2. адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;

3. әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;

4. қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;

5. ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін қанағаттандыру.

Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай мәселелерді шешуге жауап іздейді:

1. адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керек;

2. қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша әділетті бөлуге болады;

3. адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен экономикалық тиімділікті арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыруға болады.

Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздер едәуір түрде байқалады. Сондықтан табыстарды бөлудегі теңсіздіктер осы тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.

Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:

1.Адамдардың ақыл-ойлық (интеллектуалдық), физикалық және эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы. Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар эстетикалық қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.

2. Адамдардың білім деңгейлеріиің ә ртүрлі болуы. Индивидтің кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғүрлым жоғары болған сайын, оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп қүюды қажеттілігі туындайды.

3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында көлік, құрал-жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. меншіктері көп болуы мүмкін. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба алады.

Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы - бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.


 

14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең бөлінуі ое биссектрисасымен берілген, мүнда 20% отбасы табыстың 20%ы-н алады, 40% отбасы табыстың 40%-ын алады жэне солай кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, е нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардыңтеңсізігін көрсетеді: бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер де арта түседі.

Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (14.3-сурет).

Салықтарды төлегеннен 14.3-сурет.Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне эсері

 

Джини коэффициенті - бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті теңдік сызығы салынган үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде анықталады:

КДж = М ауданы / N ауданы.

КДж шамасы шын м2нінде, 0 мен 1-дің арасында болады, егер коэффициент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады деген сөз, алайда, мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.

Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта қүрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3- ін азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар байланысты. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы - бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.

Өмір сүру деңгейі - бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы.

Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары):

- халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру минимумының деңгейі, т.б.);

- баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);

- денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің саны);

- білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық санындағы студенттердің үлес салмағы);

- мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);

- жылжымайтын мүлік және үзақ қолданылатын тауарлардың болуы;

- тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);

- демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу, некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);

- қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).

Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген түсінік кеңінен қолданылады.

Өмір сүру сапасы - бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді, соның салдарынан елдің өмір сүру сапасын бағалау аса қиынға соғады.

Дегенмен, 1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы әртүрлі елдердің өмір сүру сапасын және оны салыстырмалы бағалау үшін агрегатталған көрсеткішті қолданып келеді. Бұл көрсеткіш бастапқыда «адам дамуының индексі» деп аталды. Ал қазіргі уақытта, ол «адам әлеуеті дамуының индексі» (АӘДИ) деп аталады. Осы индекс мына үш көрсеткіштің орташа арифметикалық өлшенген шамасы ретінде анықталады:

- жан басына шаққандағы ұлттық табыс немесе ЖІӨ (ЖІӨжбш);

- ересек адамдардың білім деңгейі (1бд);

- өмір сүрудің ұзақтылығы (1өсұ), яғни:

АӘДИ = (ЖІӨжбш + 1бд + 1өсұ) / 3.

Көптеген жылдар бойы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлы орындарды Норвегия, Швеция, Австралия, Канада, АҚШ, Жапония мемлекеттері алып келеді.

Өмір сүру деңгейін анықтайтын басқа да көрсеткіштер бар. Мысалы, шетелдік әдебиет көздерінде халықтың өмір сүру қабілетінің коэффициенті, жан басына шаққандағы адам капиталы, қоғамның интеллектуалдың әлеуетінің индексі сияқты көрсеткіштер сипатталады.

Қазіргі нарықтық қатынастар еңбек ету құқығына, тұрақты табыс табуға, білім алуға кепілдік бермегендіктен және мүгедектерді, зейнеткерлерді және басқа да азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете алмайтындықтан мемлекет әлеуметтік салаға, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға және табыстарды қайта бөлуге міндетті түрде араласады.

Елдегі табыстарды қайта бөлудің ең басты құралы мемлекеттік бюджет болып табылады, ол халықты әлеуметтік қорғау механизмін анықтайды.

Әлеуметтік саясатпен іске асырылатын халықты әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі әдісті қолданады:

Әлеуметтік қорғау - қоғамның барлық мүшелерінің қажетті материалдық және әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің шаралары.

Әлеуметтік кепілдемелер - қоғамның оның әрбір мүшесінің алдында ең басты қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша міндеттемелері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных