Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық сауда және сыртқа сауда саясаты.




Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық шаруашылықтар арасындагы қалыптасқан сауда-саттық қарым-қатынастарымен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы: халықаралық еңбек бөлінісімеи (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларга өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және мүмкін емес болып табылады. Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген елде өндіруге болады, бірақ олардың шыгындары өте жогары және сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды. Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды. Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғыз Республикасына қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бүлай болса, онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем қажеті жоқ

Швед экономистері Эли Хекшер мен Бертиль Олин Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясын әрі қарай дамытты. Олардың ойынша, сыртқы саудаға түсетін өнімдердің шығындары өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларымен, технологиямен және сұраныс пен ұсыныстың жағдайына байланысты анықталады. Әлем елдерінде еңбек, капитап, жер және ғылыми жетістіктер сияқты өндірістің негізгі факторларының әртүрлі үлестірілуіне байланысты өнімді экспорттаудың сипаты табиғи, еңбектік, капиталдық, және ғылымды қажет ететін болып бөлінуі мүмкін.

Осындай ерекшеліктерге қатысты, Хекшер-Олин дәлелдемесі қалыптасты: мәселен, капитал артықшылығына ие ел капитал сиымды тауарларды экспорттайды немесе сол елде жұмыс күші көп болса, онда еңбек сиымды тауарларды сыртқа шығарады. Демек, қандай да бір елде белгілі бір фактор тапшы болса, онда ол ел сол фактордың көмегімен өндірілген тауарларды импорттайды.

Қазіргі әлемдік шаруашылық ХЭБ және ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы негізінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, әлемдік шаруашылықтың пайда болу шарты ең алдымен, ХЭБ-ке негізделеді. ХЭБ - бұл жекелеген елдерде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге тұрақты түрде мамандану және шоғырлану. ХЭБ-ның аса маңызды алғышарты болып өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады. Өндірістің барлық факторлары былай бөлінеді:

1. Негізгі факторлар - бұл елге табиғаттың сыйы ретінде берілген және тарихи ұзақ жылдар бойы қолданылып келетін факторлар;

2. Дамыған факторлар - бұл интенсивті ізденістер мен капитал салымдарының нәтижесінде игерілген факторлар;

3. Жалпы факторлар - бұл әртүрлі салаларда қолданылатын факторлар;

4. Ерекше факторлар - бұл бір салаға арналған немесе өнімнің белгілі бір тар топтарын жасау үшін қажетті факторлар.

Қазіргі әлемдік шаруашылық үшін өндіріс факторларының халықаралық алмасуының дамуы, екі жақты және көп жақты жүйелер, көптеген мемлекеттер мен мемлекет аралық бірлестіктер шеңберіндегі ашық экономиканың пайда болуы тән. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық Валюталық Қордың (ХВҚ) стандартты жіктемесі әлемнің 184 елін қамтиды жэне келесідей топтарды бөліп көрсетеді:

1. Индустриалды елдер, оларға әлемдік экспорттың 2/3-сі және әлемдік ЖІӨ-нің 50%-дан астамы келеді. Бұл - Солтүстік Американың, Батыс Еуропаның және Тынық мұхит бассейнінің 24 мемлекеті.

2. Дамушы мемлекеттер - бұл Азияның, Африканың және Латын Америкасының 132 елі.

3. Өтпелі экономикалы елдер - бұл Орталық және Шығыс Еуропаның, бұрынғы КСРО-ның 28 мемлекеті.

Дүниежүзілік банктің (ДБ) жіктемесіне байланысты элемнің 209 мемлекеті табыстар деңгейі бойынша:

1. Табысы аса жоғары дамыған мемлекеттер;

2. Табысы жоғары мемлекеттер;

3. Табысы орташа дамушы мемлекеттер;

4. Табысы төмен дамушы мемлекеттер, болып негізгі төрт топқа бөлінеді.

Мемлекеттің сыртқы саудаға араласу ауқымына байланысты сыртқы сауда саясаты:

1. Еркін сауда саясаты (Фритредерлік). Ішкі нарықтарды шетелдік капитал мен қызметтерге ашуды көздейтін жэне экспорт пен импортты шектемейтін іс-эрекет;

2. Протекционистік сауда саясаты (қорғаныштық). Ішкі нарықтарды шетелдік тауарлардан қорғауга бағытталған және импортты шектейтін әрекеттер болып екіге бөлінеді.

Бұл екі саясаттың өзіне артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Еркін сауда саясатының артықшылықтары: бәсекелестікті ынталандырады; монополияны шектейді; өндірістің тиімділігі жоғарылайды; бағалар төмен дейді; тауар таңдау мүмкіндігі артады; халықаралық еңбек бөлінісі жақсара түседі; елдер бір-бірімен жақындасып, ынтымақтастығы артады. Кемшіліктері: ұлттық экономиканы шетелдік бизнестіңтеріс әсерінен қорғаудың болмауы; ішкі нарықтарды жаулагі алу немесе демпингтің орын алуы; сапасыз өнімдердің өткізілуі және т.б.

Протекционизмнің артықшылықтары: сауда балансын тепе-теңдікке келтіреді; демпингтен қорғайды; ұлттық өндіріс салаларының өсуін ынталандырады; жас салаларды қорғайды. Кемшіліктері: өндірістің тиімділігі төмендейді; бағалар өседі; тауарды таңдау мүмкіндіктері тарылады; халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтары қолданылмайды; экспорттық қатынастар үзіледі.

Сонымен, фритредерлік саясат сыртқы сауданың ешқандай кедергілерінсіз елдер арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуын жақтаса, ал протекционистік саясат ұлттық өндірісті қолдау үшін елге шетелдік өнімнің келуін шектеуді қарастырады.

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері тарифтік және тарифтік емес әдістер болып бөлінеді. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік құралдарына кедендік баж салығы мен тарифтік квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицензиялау, еркін экспорттық шектеулер, жасырын және қаржылық әдістер, экономикалық емес әдістер жатады.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс факторларының өзара қозғалысын қазіргі уақытта Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных