Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылу физикалық қасиеттері




Конструкциялар мен үймереттердің пайдаланудағы сенімділігін арттыруда оның жылуфизикалық қасиеттерінің маңызы зор: жылу өткізгіштігі және температуралық деформациялары.

Қоршауыш материалдардың жылуфизикалық қасиеттері ғимараттарды жылумен қорғау, көтергіш конструкциялардың жылу физикалық қасиеттерін, олардың өрт кезіндегі және басқа да факторлардың әсеріне төзімділігін анықтайды. Бұл қасиеттері құрама темірбетон зауытында конструкциялар мен мен бұйымдарды шығару кезінде,қыста бетондау және бірқатар технологиялық есептеулерде есепке алынады.

Бетонның жылу өткізгіштігі деп, материалдың бір бетен екіншісіне жылу беруін атайды. Материалдың жылу өткізгіштігі материалды 1 сағат ішінде 1C0 әртүрлі температурада 1м2 бет арқылы бере алатын, жылудың көлемімен анықталады.

Бетонның құрылымы қатты фазаны және су және ауа тамшыларының жүйесін қамтиды. Ауаның жылу өткізгіштігі λ=0,023Вт/(м∙С0), ол қатты фазаның жылу өткізгіштігінен бірталай артық, сондықтан бетонның ауа кеуектілігі жоғары немесе оның тығыздығы төмен болған сайын,оның жылу өткізгіштігі төмен болады. Кеуектігін ылғалмен толтыру кезінде бетонның жылу өткізгіштігі артады, өйткені судың жылу өткізгіштігі λ=0,58Вт/(м∙С0), құрайды, яғни ауаның жылу өткізгіштігінен 25 есе жоғары.

Бетонның қатуы кезінде оның жылуөткізгіштігі артады, өйткені мұздың жылу өткізгіштігі λ=2,3Вт/(м∙С0), яғни судың жылу өткізгіштігіне қарағанда төрт есе жоғары. Бетонның жылу өткізгіштігі оның температурасы артқан кезде біршама артады. Бетонның ылғалдану және қатуы кезіндегі жылу өткізгіштігінің өзгеру деңгейі оның тығыздығына байланысты болады:тығыздығы азайған кезде бұл факторлардың әсері артады.Жеңіл бетондардың олардың тығыздығына байланыстылығы.

7.1 кесте. Жылуөткізгіштіктің бетонның орташа беріктігі мен кеуектілігіне тәуелділігі

Бетон түрі Орташа тығыздық, кг/м3 Кеуектілік, % Жылуөткізгіштік коэффицменті λ, Вт/(м∙С0)
Ауыр бетон     1,2
Керамзитті бетон     0,24
Ұялы бетон     0,09/0,17* 0,14/0,22 0,23/0,32
Гранит (салыстыру үшін)      

 

Техникалық есептеулерде қолданылатын бетонның жылу сыйымдылығы оның құрамына, құрылымына және тығыздығына байланысты және 0,75..1,1 кДж(кг∙С0) ауытқиды. Суға жоғары жылу сыйымдылығы 4,19 кДж(кг∙С0) тән, сондықтан бетон қоспасындағы судың құрамының немесе бетонның ылғалдығының артуына қарай олардың жылу өткізгіштігі артады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных