Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауыз қуысының физиологиясы.




Ауыз қуысының ас қорыту жүйесіндегі атқаратын қызметі ерекше орын алады. Ас қорытудың алғашқы сатысы осы ауыз қуысынан басталады. Ауыздағы тағам мұнда негізінен механикалық өңдеуден (шайнау, ұсақтау, үйкелу, езгілеу, ылғалдау және т.б.) өтеді. Шайнау қызметі рефлекторлық процесс ауыз қуысының рецепторлары тағамнан тітіркеніп, содан туындайтын афференттік импульстері нерв тармақтарымен сопақша мида жатқан шанау орталығына жетіп, одан қозғалтқыш нейрондардың аксоналарымен эфференттік импульстерді жауабы шайнау бұлшықеттеріне кері қайтады. Тағамның ауыз қуысында механикалық өңдеуден өтуі, оның сілекеймен шылануы мен ылғалдануы тілдің және тістердің белсенді қатысымен өтеді. Бұл кезде тіл өзінің дәм сезу бүртіктерімен тағамның дәмін айырып, оларды импульс ретінде ми қыртыстарына жеткізеді. Ас қорыту жүйесінің бұл бөлімінде (ауыз қуысында) тағамның тек таза механикалық және физикалық өңделуі ғана өтіп қоймай, сондай-ақ химиялық, дәлірек айтқанда, биохимиялық өңделуі өтеді. Бұны түсіну үшін, әрине сілекейдің бөліну процесін, оның құрамын және химиялық қасиеттерін білу абзал.

 

Сілекейдің бөліну процесі. Сілекей бездері вегетативті нерв жүйесімен жүйкеленеді. Парасимпатикалық нервтер сұйық сілекейдің бөлінуін артады, ал симпатикалық нервтері, керісінше сілекейдің бөлінуін тежейді. Сілекейдің бөліну шартсыз рефлекстік процес. Ауыздағы тағам тілдің вегетативтік екі бөлімінің де рецепторларын бірдей тітіркендіреді. Импульстер сопақша мидағы сілекей бөлінуінің орталығына жетіп, одан эфференттік нерв тармақтары арқылы сілекей бездеріне кері жауап қайырады. Гуморальдық нерв жүйесі, аз болса да, сілекей бездерінің қызметіне қатысады. Мұндайда, қанда көмір тегінің шамасы көбейеді немесе кейбір улы заттарға сілекейдің бөлінуі артады. Сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі (гиперсаливация) құтыру ауруына тән клиникалық белгілерінің бірі екендігі күмән тудырмайды. Мұндайда науқас сілекейін жұтып үлгере алмауынан аузы көпіріп, үнемі түкіре береді. Себебі, біріншіден, ми, соның ішінде сілекей бөлу орталығы құтыру ауруын тудырушы вируспен зақымдануынан тітіркенуі артады; екіншіден, бірнеше уақыт өткен соң құтыру ауруын тудырушы вирустың өзі сілекей безінде өсіп-өніп көбейе бастайды. Сол себептен, аталмыш дерттің дамуы үшін, вирустың терідегі сызаттан енуі міндетті шарт емес, ауырған иттің немесе басқа жануарлардың тістеген орны сілекеймен шылануы ғана жеткілікті.

Ауыз қуысында аралас сілекей жинақталады. Тітіркендіргішсіз, жайлы жағдайда бөлінетін сілекей жайлы жағдайдағы сілекей деп аталады. Оның бөліну мөлшері, жағдайларға байланысты, өзгеріп тұрады: орта шамамен 0,33-0,5 мл/мин құрайды. Сілекей аз болса да (0,05 мл/мин) ұйқы кезінде де бөлінеді. Қатты тітікендіргіштерден сілекейдің бөлінуі арта түседі (1,5-2,3 мл/мин). Сілекейдің аз немесе көп бөлінуі жайлы жағдайда бөлінетін сілекейдің көлеміне байланысты емес. Денсаулығы сыр бермеген ересек адамның күнделікті бөлетін сілекейі ас қабылдау кезінде, жайлы жағдайда және ұйқы кезінде бөлінетін сілекейдің көлеміне (750-1000 мл) тең. Бөлінетін сілекейдің көлемі ең алдыменен сілекей бездерінің өлшеміне байланысты.

Бездердің сілекей бөлу мөлшері әртүрлі. Жайлы жағдайда сілекейдің 70% жақсүйекастының сілекей безі, 25%- құлақмаңы сілекей безі, ал 5%-тіласты және ұсақ сілекей бездері бөледі. Тітіркендіргіштердің түрлеріне қарай бөлінетін сілекейдің сапасы әртүрлі. Айталық, қышқыл тағамнан, сағыз шайнаған кезде құлақмаңы безінен сұйық сілекей бөлінеді. Қанттан жақсүйекасты, тіласты және ұсақ сілекей бездерінен сілекей көп мөлшерде бөлінеді. Сілекей гипотониялық сұйықтық, ол 0,1-0,25 градусқа мұздап қатады (қанның плазмасы 0,56 градуста қатады). Қалыпты жағдайда бөлінген сілекей мөлдір, РН-бейтараптылы (нейтральды) сұйықтық. Құрамында неорганикалық тұздардан натрий, калий, хлорид, фосфат және бикорбонат тұздары кездеседі. Тіс жегісімен ауырмайтын адамдардың сілекейі құрамындағы фторидтер саны, тіс жегісімен ауыратындармен салыстырғанда,-60% жоғары.

Сілекейдің құрамындағы органикалық заттарды екі топқа бөлуге болады: қан сарысуынан өзгеріссіз сілекейге қосылатын (амин қышқылдары, альбумин) және сілекей бездерінің өздері түзетін (амилаза, гликопротейіндер және белоктар) заттар. Амилазаның молекулярлық салмағы 50000, құрамында кальций элементі болмаса әсері жойылатын блок. Сонымен қоса, амилазаның әсерін арту үшін хлордың иондары қажет. Сілекейдің құрамында иммуноглобин IqA, сондай-ақ калликрейн және глюкоза бар. Диабет ауруына шалдыққан адамның сілекейіндегі қанттың концентрациясы, оның қандағы санына байланысты, сарысудағы санынан 30 есе артуы мүмкін. Сілекейден фруктозаны, гексозаминді, сиыл қышқылын табуға болады. Муцин ұзын жіпшелерден тұрады, талшықтарының молекулалары сілекейдің тұтқырлығын қамтиды. Сілкіністен муцинның талшықтары ыдырап, сілекейдің тұтқырлығы лезде төмендейді, сөйтіп судың тұтқырлығымен теңеседі. Бейтарапты ортада сілекей тістерді сыртынан майлап (обвалакивает), айрықша қап (pellicula) құрайды. Қышқылды ортада тістердің бетін қаптайтын муцинді алып тастау едәуір қиындық тудырады. Муциннің мұндай қасиеті тістің бетінде қақтың (зубные бляшки) түзілуіне себеп болады.

Сілекейден қанға көптеген заттар келіп қосылады, атап айтқанда йод, бром, ауыр металлдардың тұздары (ртуть, висмут, қола, алтын) және т.б.

Ауыз қуысында сілекей екі маңызды қызмет атқарады: 1) кілегей қабығын және тістерді кебуден, тағамның физикалық және химиялық зиянды әсерлерінен қорғайды, ауыз қуысының температуралық тұрақтылығын қалыпты деңгейде сақтайды, қышқылдар мен сілтілерді байланыстырады; 2) сілекей тістердің тазаруына, ауыз қуысының және тістердің ылғалданып тұруына мүмкіндік береді; бактерицидтік қасиетімен зиянды микробтарды жояды, ауыз қуысындағы жаралардың тез жазылуына ықпалын тигізеді.

 

11.Жаңа тақырыпты бекіту. 63мин(35%)

1. Тістердің анатомисы, сүт және тұрақты тістер

2. Төменгі жақ сүйір тістерін жұлу операциясы.

2.Төменгі жақ күрек тістерін жұлу операциясы

3.Төменгі жақ кіші азу тістерін жұлу әдістері

4. Төменгі жақ үлкені азу тістерін жұлу әдістері

12.Сабақты қорытындылау. 18мин(10%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;

13.Үйге тапсырма беру. 3.5мин(2%)

Сабақ №3

1.Сабақтың тақырыбы: Тістердің гистологиясы. Шығу мерзімі.Тістердің белгілері. Тіс формуласы

 

2.Сағат саны: 2 сағат100 мин(100%)

3.Сабақ түрі: теориялық сабақ

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларға тістердің гистологиясы. Шығу мерзімі.Тістердің белгілері. Тіс формуласы оқыту.

тәрбиелік: оқушыларға тістердің гистологиясын, анатомиясын шығу мерзімін түсіндіру

дамыту: фантомда тіс құрылысын қайталап жетілдіру

5.Оқыту әдісі: пікірталас, тәжирибиелік

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы, стоматологиялық құрылғы

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных