Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Периодонттың биомеханикалық қасиеттері.




Жақсүйегінде тісті ұстап тұратын периодонт тістің байлам аппаратынан (әр бағытта өтетін серпімді байламдар), жасушалық элементтерінен (фибробластлар, гистиоциттер, остеобластлар, мезенхимиялық жасушалар және т.б.), қан және лимфа тамырларынан нерв талшықтары мен жасуша аралық заттардан тұрады. Периодонттың байлам аппаратында шумақты коллаген талшықтары өте көп. Периодонт талшықтары периодонт тіндерінің 53-90 пайызын құрайды, олардың өту бағыты тістің атқаратын қызметіне сәйкес. Периодонт тіндерінің 10-30 пайызын қан тамырлары мен нервтер тармақтары өтетін борпылдақ дәнекер тіні құрайды. Тіс түбірінің ұшына қарай дәнекер тінінің саны арта түседі. Периодонт талшықтары өзара қиылысып, шеңберлі және тангенциальды бағытта өтеді. Түбір ұшында периодонт талшықтары ұяшық түбіне негізінен шеңберлі бағытта өтеді.

Периодонтта коллагенді талшықтардың қалыңдығы ер адамдарда орта шамамен 0,15 -0,2 мм, ал әйелдерде -0,1-0,15 мм құрайды, олардың аралығы 0,1 мм. Адамның жасы ұлғая келе (50 жастан соң) коллаген талшықтарының қалыңдығы 0,05 мм кемиді, босаған орын аралығын борпылдақ дәнекер тіндері қамтиды. Талшықтардың саны орта шамамен 5-7*103 құрайды.

Периодонттың негізгі қызметі – шайнау кезінде туындайтын механикалық күштерін өзіне қабылдап, оны тіс ұяшығының сүйектік қабырғаларына, осындағы нервтік-рецепторлық аппаратына және микроциркуляциялық арнасына тарту. Периодонттың гидравликалық аппараты (қан және лимфа тамырлары,), оның биомеханикалық қызметінде белсенді рөл атқарады. Гидравликалық қысымының өзгеруі байлам аппаратының серпімділігіне әсерін тигізеді, қысымның артуына талшықтардың серпімділігі кеміп, олар қатая түседі. Шайнау кезінде тіс үнемі серпімді – бекітілген күйінде болса да, тіс ұяшығының қабырғаларына ешбірде тиіп тұрмайды. Периодонттың амортизациялық қызметі – шайнау кезінде туындайтын сілкіністі сөндіріп, қысым күшін тіс ұяшығының қабырғаларына біркелкі тарату, сөйтіп күйрету күшін алмасу процесінің үстемділігін арттыруға жұмылдыру.

Периодонт саңылауының ені адамның жасына, тістің атқаратын қызметіне, оған түсетін функциялық жүктеменің өлшеміне және түбірінің биіктігіне байланысты. Перидонт саңылауының ені оның әр бөлімдерінде бірдей емес (0,08-0,28 мм): ең кең тұсы – тіс ұяшығының кіреберісі мен түбі, ең тар тұсы –түбірінің орта шамасы. Сол себептен периодонт саңылау құм сағатына ұқсас. Периодонттың механикалық сипаты оның талшықтары мен байламдарының орналасу бағытына байланысты.

Периодонт тінінің беріктілігін тісті жұлуға жұмсалған күшпен бағалауға болады, оның қасиеттерін білу үшін әр бөлімдегі тіс-жақсүйегінің сегменттері зерттелуі тиіс.

Альвеолалық өсіндісінің сүйек қабы қан тамырларымен, нервтер тармақтарымен және қызыл иекпен берік бітіседі, ол өзалды кілегей қабықпен эмаль кутикуласына немесе қабына ауысады. Кілегей қабық пен тіс эмальі бетінің аралығында қызыл иектің қалта қалыптасады.

Қызыл иектің кілегей қабығында бездер жоқ, сөйте тұра ол қан тамырлары мен нервтерге өте бай.

Тіс эмальінде нервтер мен қан тамырлар болмаса да онда алмасу процестері үнемі тоқтаусыз өтеді. Осыған байланысты, тісті ағзаның маңызды мүшесі деп қарастыру тиіс.

Күрек тістері, dentis incesivi. Күрек тістердің жалпы саны 8, олар тіс қатарының алдыңғы тұсында орналасады (екі жақсүйегінде төрт-төртен). Сол себептен, оларды кейде алдыңғы тістер деп те атайда. Олар ауыздағы тағамды тістеп үзуге және кесуге арналған. Күрек тістердің сауыты фронтальды бағытқа қарасты орналасады, пішіні күрекке ұқсас кескіш қырымен аяқталады. Күрек тістердің түбірі біреу, мезодистальды (бүйір жандарынан) бағытта қысыңқы. Әрбір жақсүйектерінде екі ортаңғы (медиальды) және екі бүйір (латеральды) күрек тістері болады.

Жоғарғы медиальды күрек тісі. Осы топтағы ең ірі тістің бірі, жалпақ күрекке ұқсас сауыты бар. Қажалмаған тіс сауытының шайнау қырынан төмпешік тәрізді үш үшкірді көруге болады, олар сауытының вестибулярлық (сыртқы) бетіндегі тұрақты білікке ауысады. Біліктер ұзына бойы дөңестігімен тіс сауытының бетін жылтырлатып тұрады.

Сауытының тіл жағына қарасты беті, әсіресе ұзына бойына қарай ойыстанып өтеді. Шеткі қырларынан өтетін екі білік біртіндеп қалыңдай келіп, тістің мойын тұсында өзара қосылып төмпешік, tuberculum dentale, құрайды. Тіс сауытының бүйір беттері шайнау қырына қарай сына тәрізденіп екі жаққа ажырайды. Тістің түбірін қаптайтын цемент сауытының бүйір жандарында қызыл иегінің емізігіне сәйкес доға тәрізді ойыс құрады. Тістің түбір ұшы дөңгелектенген және ұшына қарай жіңішкереді.

Тіс сауыт қуысының пішіні үшбұрыш саңылауға ұқсас. Түбір жағына қарай тістің қуысы тарыла келіп, түбір өзегіне ауысады. Күрек тістің ұяшығы түбіріне сәйкес. Ұяшығының түбі мұрын қуысының астында жатады, одан компактілі сүйек табақшасымен шектеледі. Оның кіреберістік (вестибулярлық) және тіл жақ қабырғалары сәл ойыстау, ал апроксимальды қабырғалары биіктеу болуына байланысты, тістің бүйір беттерінен сәл шығып тұрады. Ұяшықтың вестибулярлық қабырғасын жұқа компактілі табақша құрайды, ал тіл жақ бетінің қабырғасы едәуір қалың. Сол себептен, тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл оның алдыңғы бетіне қарай орындалуы тиіс. Тіс ұяшығы тереңдеген сайын қабырғаларының кемікті заты да қалыңдай түседі.

Жоғарғы бүйір (латеральды) күрек тісі. Өлшемі ілкі тістен кішілеу, пішіні сәл өзгеше. Сауытының вестибулярлық (ұрт және ерін) бетіндегі біліктер айқын емес, тіл жақ бетінен өтетін екі білік және шайнау қырындағы төмпешік жақсы дамығандықтан, беті ойық сияқтыланып көрінеді. Тістің ішкі бетіндегі төмпешіктің алдынан соқыр шұңқырды, foramen caecum, көруге болады. Сауытының сыртқы (дистальды) бүйір беті шайнау қырына қарай дөңгелектеніп өтуінен пішіні ит тісіне ұқсас болып келеді. Түбірі мезиодистальды (сыртқы бүйірінен ішкі бүйіріне қарай) бағытта қысыңқы. Жоғарғы латеральды күрек тістеріне тән сипаттар: түбірлік және сауытының қисықтық белгілері айқын. Тіс сауытының қуысы аса үлкен емес, пішіні өзіне сәйкес. Түбір өзегі кең, жандарына ашылатын тұйық өзекшелер жиі кездеседі. Тіс ұяшығы көрші медиальды күрек тістің ұяшығына ұқсас, әйтсе де одан сәл кіші, түбі мұрын қуысының түбінде жетпейді. Алдыңғы сүйектік қабырғасы артқы жағынан едәуір жұқа, сол себептен тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл алдыңғы бетіне қарай орындалуы тиіс.

Төменгі медиальды күрек тісі. Барлық тістердің арасындағы ең кішісі. Сауыты жіңішке шапқыға ұқсас. Түбірі мезиодистальды бағытта едәуір қысылған, ұшы өткір, әдетте бір жағына қарай сәл қисық. Түбірінің екі жақ бетінде ұзына бойы жүлге өтеді. Сыртқы (дистальды) жағындағы тереңдеу жүлге болуы, оның орналасу орнын айқындайтын басты белгі болып табылады, себебі оны көрсететін басқа белгі жоқ дерлік. Тіс сауытының қуысы фронтальды жазықтықта орналасады, пішіні үшбұрышты, біртіндеп тарыла келе түбір өзегіне ауысады.

Тіс қуысының шайнау бетіне қарасты бетінен ұлпа мүйіздеріне арналған үш ойықты көруге болады. Тіс ұяшығының пішіні түбіріне сәйкес. Алдыңғы сүйектік қабырғасы жұқа, сол себептен тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл алдыңғы бетіне қарай орындалуы тиіс.

Төменгі бүйір (латеральды) күрек тіс.

Төменгі медиальды тістен айырмашылығы аз. Әдете, одан сәл ірілеу, сауытының дистальды қыры ұзындау болуы, оның айырмашылық белгісі болып табылады. Түбірі кіші, мезиодистальды бағытта қысыңқы, дистальды бетіндегі жүлге медиальды жағындағыдан едәуір айқын. Түбір өзегі, алдыңғы тістегідей, ортаңғы тұсында екіге ажырайды. Бір өзегі вестибулярлық, ал екіншісі – тілдік бетіне қарай өтеді. Түбір ұшына жақын жерде екі өзегі бірігіп, ортақ тесікпен аяқталады. Тістің ұяшығы түбіріне сәйкес, терең, түбінің артқы қабырғасын төменгі жақсүйектің кемікті заты құрайды, ал алдыңғы қабырғасы жұқа компактілі табақшамен шектелген. Осыған байланысты, тісті жұлғанда алғашқы ырғақтық қимыл алдыңғы бетіне қарай орындалуы тиіс.

Ит тіс, dentis canini.Саны төртеу, әрбір тіс қатарының (доғасының) артқа иіліп өтетін тұсында біреуден (әрбір тіс қатарына екеу) орналасады.

Сауыты сына тәрізді, ірі бір түбірі бар. Тағам шайнағанда ит тістің атқаратын қызметі – тағам қабылдау процесінің алғашқы сатысында оны бөлшектеп кесу және жұқалу, шайнауға ықшамдап дайындау. Сол себептен де тістің өлшемі едәуір ірі. Күрек тістермен салыстырғанда, сауыты әлде қайда ірі. Себебі, кіреберіс (вестибулярлық) жағының дөңестеу беті тіл жақ бетінің ортаңғы деңгейіне ауысатын тұсында буылтық құрады. Тістің кескіш қырында аталмыш буылтық кіреберіс бетімен бірге үшкір төмпешік құрайды. Ол тістің мойнына жақындай келе сауытының өлшемін едәуір үлкейтіп тұратын тістің төмпешігіне ауысуы, сондай-ақ, төмпешікке тіл жақ бетінен келетін буылтықтар қосылады. Түбірі мезиодистальды бағытта сәл қисайыңқы. Түбір ұшы дөңгелектенген, жиі дистальды жағына қарай қисайыңқы. Түбір ұшының тесігі үлкен. Тіс ұяшығының пішіні түбіріне сәйкес, қабырғалары қалың

Жоғарғы ит тісі найза тәрізді сауыты бар. Екі бүйір (апроксимальды) беті мойны тұсынан ажырай бастап, кескіш қырларымен орта шамасында қосылады.

Екі кескіш қырларының ұзындығы бірдей емес. Оның медиальды қыры дистальды қырынан сәл қысқа. Жоғарғы ит тістің түбірі, басқаларына едәуір ұзын, көлденең кесіндісіне сопақша пішінді. Тіс қуысының пішіні сауытына сәйкес, кескіш қырына қарай жіңішкере түсіп, бір ұлпа мүйізі орнығатындай кеңістікпен аяқталады. Тістің қуысы мойнына қарай кеңейіп түбір өзегіне қарай, керісінше тарыла түседі. Тіс ұяшығының кіреберісінің сопақ пішінді. Алдыңғы қабырғасында сүйектің кемікті заты болмайды. Альвеолалық өсіндінің вестибулярлық жағында күрек тістердің ұяшық қырттары, juga aiveolaria, едәуір шығыңқы. Тіс ұяшығының түбі жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісінің түбінде аяқталып, шайнау қысымын бассүйек сауыты түбіне өткізуге қатысады. Тіс ұяшығы мұрын қуысы мен гаймор қойнауы аралығында орналасса да, қабырғалары оларға жақын жатпайды. Тісті өз орнында өсі бойымен бұрып жұлу ыңғайлы.

Төменгі ит тіс жоғарғысынан кіші, сауытының пішіні жоғарғы латеральды күрек тістіне өте ұқсас. Сауытының найзаға ұқсастығы аз, себебі ішкі бүйір (медиальды) қабырғасының жалғасы түбіріне қарай тік бағытта өтеді. Шайнау қырының ұштығы айқын емес, медиальды жағына қарай ығысыңқы. Түбірі мезодистальды бағытта едәуір жапырылған, апроксимальды жағындағы ұзына бойынғы жүлге, әсіресе дистальды бетіндегісі, айқын байқалады. Тіс қуысының пішіні сауытына сәйкес. Ұяшығы көршілес күрек тістердікінен едәуір ірі, кіреберісі сопақ пішінді. Түбі төменгі жақсүйектің кемікті затының тереңдігінде жатады. Төменгі ит тісін өз өсі бойында бұрып жұлған ыңғайлы.

Кіші азу тістердің, dentis premolars, негізгі қызметі тағамды ұсақтау. Барлық азу тістердің шайнау беті, facies masticatoria, бар, қарсы жағындағы тістерімен қабысатындықтан – қабысу беті, facies ocelusalis, деп те талады. Тіс сауытының шайнау бетінен төмпешіктерді көруге болады: ұрт жағындағы төмпешікті, яғни тіс сауытының вестибулярлық (кіреберістік) жағындағысын ұрттық төмпешік деп, ал тіл беті жағындағысын - тілдік төмпешігі деп аталады.

Азу тістері кіші және үлкен азу тістеріне бөлінеді. Біріншісі ит тіспен бірге тағамды үсақтауға, сондай-ақ, шайнау процесінің екінші сатысында тағамды езгілеп үгуге арналған. Сол себептен, кіші азу тістері сауыттарының пішіні ит тісі сауыттарына ұқсас, шайнау бетінен екі төмпешікті көруге болады. Осындай ерекшеліктері ескеріліп, кейде кіші азу тістерін екі төмпешікті тіс деп атайды.

Екі тіс қатарында сегіз кіші азу тісі, тіс қатарының екі жағында екі-екіден, ит тіс-тен кейін орналасады. Ит тісіне жақын орналасқан кіші азу тісін бірінші, одан кейінгісін - екінші кіші азу тісі деп атайды. Кіші азу тістердің ит тістеріне ұқсастығы -атқаратын қызметіне (тағамды езгілеп ұсақтау) байланысты, әсіресе сауытының ұрт төмпешігі олардың ұқсастығын едәуір жақындатады. Тіл жақ төмпешігі ұрт жақ төмпешігінен биіктеу және тістің өзі бір түбірлі болуы, олардың ұқсастығын одан әрі жақындата түсіреді. Бірінші кіші азу тістің түбірі жиі екіге ажырайды.

Жоғарғы кіші азу тістерінің сауыттары, төменгілерімен салыстырғанда, біршама кіші, мезодистальды бағытта жандарынан қысыңқы, пішіні сопақ. Екінші кіші азу тістің сауыты дөнгелек пішінді. Жоғарғы кіші азу тістерінің шайнау бетінен өтетін көлденең жүлге екі төмпешікті шектеп тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных