Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Суықтан қорғауға арналған киімді жоспарлаудағы негізгі міндеттері.




Қысты күндері және көктем-күз маусымдарында ашық алаңда жұмыс істеген кезде, сондай-ақ технологиялық себептері бойынша төмен температуралық кәсіпорын бөлмелерінде жұмыс істеген кезде, адамсуық микроклиматпен соқтығысады. Адамның биологиялық мүмкіндіктері гомеостазды температураны сақтауда шектелген, сондықтан эволюциялық даму барысында суыққа төзушілік тұрақтылықты өңдемеген. Суық бір қатар аурулардың пайда болуына ықпал етеді: бронхит, пневмания, тонзия, іштің язвалық ауруы, радикулит және т.б., жүрек қабынуы пайда болады.

Адамның сууы (жалпы және локальды, әсіресе сүйектер) оның қозғалу реакциясына әсер етеді, координациясын бұзады және нақты операцияларды орындау мүмкіндігіне әсер етеді. Бұл әр түрлі жарақат әкеледі және ми қыртысында тежегіш үдірістер пайда болады.

Киімнің жылулық қасиеті материал пакетінің жылулық қарсыласуымен анықталады, сондай-ақ ауа қабатының құрылысымен анықталынады.

әрбір элементтің мағынасы киімнің эксплуатациясы әр түрлі шарттарда бірдей емес. Тыныштық жағдайында киімнің соммалық жылулық қарсылығының үлкен бөлігі ауа қабатының жылулық қарсы тұруына сәйкестенеді, ал қозғалыс, жел кезінде киім массаның үлкею барысында көлемді жылулық қарсы тұру материалдарының бөлігі үлкейеді, ал ауа қабатының бөлігі біршама кішірейеді.

Киімдегі жылудың ауысуы температуралар әр түрлі болған жағдайда ғана болады, көбінесе киім астындағы дене бетінің температурасы арасындағы мен сыртқы ауа температурасы арасында. Қоршаған ортаға киімнің материалдар пакеті арқылы адам дене бетінен жылу өту үдірісі Фурье және Ньютонның жылу таралу заңдарымен көрсетілуі мүмкін.

Киім материалдарының жылу өту коэффициенті жылу қозғаушылық қасиетін сипаттайтын жылу физикалық негізгі шамалардың бірі. Зерттеулер нәтижесінде ауалы-құрғақ материалдары үшін талшық құрамы, өңдеу түрі және құрылысы әсер етпейді және тұрақты шама =0,049 Вт/(м*0С) болып табылады.

Жылу қорғаушылық қасиеттерін бағалау үшін маңызды шама- жылулық қарсыласу RT=[м2*0С/Вт] болып табылады.

Жай қабат үшін:

RT=δ/λ

Мұндағы: δ-қабат қалыңдығы; м.

λ -жылу өтімділік коэффициенті,

RT шамасы материал ішіндегі (Вт/м*0С) берілуін көрсетеді. Жылу қорғаушылық қасиеті RT тікелей байланысты > RT болған сайын жылу изоляциялық қасиеті де жоғарылайды.

Күрделі қабаттар үшін Rэ (эквиваленттік)-бұл жай қабаттардан құралған құрылымы:

Rэ =R’+R”+R”’

Материалдық жылу қабатының кедергісі олардың қалыңдығына байланысты, ол салыстырмалы түрде тыныштық ауаның сызығын сипаттайды. Жалпы теңдеуі мынадай:

|| RT=

Жылу беру коэффициенті – күрделі шама және қаралатын бөлік бетінің қоршаған қатты денелердің температурасымен сәулелік қасиеттері және олардың орналасуына, қоршаған ауа қозғалысының интенсивтілігі мен сипатына, физикалық қасиетіне байланысты.

Коэффициент α=αк.к.л

Мұндағы: αк.к- конвекция және кондукция бөлігіне өтетін жылу беру шамасы;

αл- сәуле бөлігіне өтетін жылу беру шамасы.

Сөйтіп, дене бетінен қоршаған ортаға жылу беру үдірісі 2 бөліктен тұрады. Киім бетінің ішіне сыртына жылу берілуі және киім бетінің сыртынан қоршаған ортаға жылу беріледі (көбінесе ауалық). Қайту шамасы α киім бетінің сыртынан ішкі ортаға Rп жылу алмасуының қарсыласуы ретінде қарастыруға болады. Сонда бірыңғай қоршалған киім жұмысы соммалық шамамен Rсум анықталуы мүмкін:

Rсум=Rэ+Rв.п +Rп

 

Мұндағы: Rв.п – бөлек қабаттар арасындағы ауа қабатының немесе қарсыласу жылуы сондай-ақ тері мен жанасатын қабат арасы.

Сонымен, киім материал пакеті мен маталарының соммалық жылулық қарсыласуының техникалық есебінің тапсырмасы былай жинақталуы мүмкін: ортаның белгілі физикалық әсерлері кезінде киім берілген жылулық қарсыласу соммасын қамтамасыз ететіндей етіп және гигиеналық талаптарға сәйкестенетіндей етіп таңдалуы тиіс. Оның шамасы мына теңдеумен есептелінеді q:

Осы теңдеуден шығатын нәтижесі-ағзамен жойылатын жылу шамасы, адам денесінің tк арасы мен ішкі ортаның tс және келісімнің соммалық қарсыласу Rсум арасындағы температураның ауысуына байланысты.

Тұрақты жылу жоғалтушылық кезінде Rсум пропорционалды түрде ауысым температурасы өседі.

Rсум үлкен бөлікті құрайтын Rв.п. шамасы, тыныштық жағдайы кезінде болатын адам қозғалысы кезінде және жел әсерінен өзгереді. Ол киім массасына, оның түріне, киім асты кеңістігіндегі вентиляцияны анықтайтын құлымдық элементтерінің қолданылуына байланысты.

Дайын киімнің зерттелуіне (адам қатысуымен және кейде манекен-моделінің жылу физикалығын қолдануымен) берілген эксплуатациялық шарттарымен оның сәйкестігін бағалау мақсатымен және киім даяралау мен жобалау үшін эмперикалық мінездеме заңдылықтарын алу мақсатымен үлкен көңіл бөлінеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных