Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Екінші аналитикалық топ катиондары





Екінші аналитикалық топқа мына катиондар жатады: Ag+, Hg22+, Pb2+.

Бұл катиондардың тұздарының барлығы дерлік суда нашар ериді. Бұл топ катиондарының тек нитраттары және күміс пен қорғасынның ацетаттары ғана жақсы ериді. Күміс пен сынаптың (I) гидроксидтері тұрақсыз қосылыс болып табылады, олар түзілген сәтте оксид пен суға ыдырайды. Қорғасынның гидроксиді амфотерлік қасиет көрсетеді.


Топтық реагенті – тұз қышқылы (HCl).

Ag+, Hg22+, Pb2+ катиондары тұз қышқылымен әрекеттескенде, суда және сұйытылған қышқылдарда өте нашар еритін тұнба түзеді:

 

AgNO3 + HCl = AgCl + HNO3

Ag+ + Cl- = AgCl

Pb(NO3)2 + 2HCl = PbCl2 + 2HNO3

Pb2+ + 2Cl- = PbCl2

Hg2(NO3)2 + 2HCl = Hg2Cl2 + 2HNO3

Hg22+ + 2Cl- = Hg2Cl2

 

Концентрлі тұз қышқылын артық мөлшерде қоспау керек, себебі еритін комплексті қосылыстардың түзілуі мүмкін.

Бұл топтың хлоридтерінің ерігіштігі әртүрлі.

Күміс катионының Ag+ дербес реакциялары

I. Калий және натрий гидроксидтері күміс катионымен күміс (I) оксидінің Ag2O қара-қоңыр тұнбасын түзеді:

 

AgNO3 + KOH = AgOH + KNO3

Ag+ + OH- = AgOH

2AgOH Ag2O + H2O

 

Аммиак ерітіндісінде күміс (I) оксиді еріп, комплексті қосылыс [Ag(NH3)2]OH түзеді.

1-тәжірибе. 2 тамшы күміс нитратына 2 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар.

II. Калий хроматы K2CrO4 күміс катионымен кірпіш-қызыл түсті күміс хроматының Ag2CrO4 тұнбасын береді:

 

K2CrO4 + 2AgNO3 = Ag2CrO4 + 2KNO3

2Ag+ + CrO42- = Ag2CrO4

2-тәжірибе. Пробиркаға 2-3 тамшы күміс нитраты ерітіндісін құйып, оған 3-4 тамшы дистилденген су мен 1-2 тамшы калий хроматын қосыңдар.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1. Реакцияны рН = 6,5-7,5 жағдайда өткізу керек.

2. Аммиакты және күшті қышқылдық ортада тұнба түзілмейді.

3. Қорғасын мен барий иондары калий хроматымен тұнба түзеді де, реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.

 

III. Калий бромиді мен калий иодиді күміс катионымен ашық-сары түсті күміс бромиді AgBr мен сары түсті күміс иодиді AgJ тұнбаларын береді:

 

KBr + AgNO3 = AgBr + KNO3

Ag+ + Br- = AgBr

 

KJ + AgNO3 = AgJ + KNO3

Ag+ + J- = AgJ

3-тәжірибе. Екі пробиркаға калий иодиді мен калий бромиді ерітінділерінен 2 тамшыдан құйып, оған 2 тамшыдан күміс нитраты ерітіндісін қосыңдар.

 

Сынап (I) катионының Hg22+ дербес реакциялары

I. Гидроксидтер сынап (I) катионымен Hg22+ қара түсті Hg2O тұнба береді:

Hg 2(NO3)2 + 2NaOH = Hg2O↓ + 2NaNO3 + H2O

 

Аммиак ерітіндісі сынап (I) катионымен Hg22+ димеркураммоний хлоридін түзеді.

 

1-тәжірибе. 2-3 тамшы сынап (I) нитраты ерітіндісіне 2-3 тамшы сілті NaOH ерітіндісін қосыңдар.

II. Сынап (I) катионының Hg22+ металдық сынапқа Hg дейін тотықсыздануы

2-тәжірибе. Мыс пластинкасына сынап (I) тұзының ерітіндісін тамызып, біраз уақытқа қойып қоямыз. Осы уақыт аралығында пластинкада сұр дақ -металл күйіндегі сынап пайда болады. Пластинканы сумен жуып, дақты мақтамен немесе сүзгіш (фильтр) қағазбен сүртіңдер, сол кезде ол жылтырайды:

Hg 2(NO3)2 + Cu = Cu(NO3)2 + 2Hg↓

 

Қорғасын катионының Рb2+ дербес реакциялары

I. Тұз қышқылы HCl концентрациясы аз қорғасын (II) тұздарының ерітінділерімен ыстық суда оңай еритін қорғасын (II) хлоридінің ақ түсті тұнбасын түзеді:

Pb(NO3)2 +2HCI = PbCI2¯ +2HNO3

Pb2+ +2CI- = PbCI2¯

1-тәжірибе. 2 тамшы қорғасын (II) нитратына Pb(NO3)2 2 тамшы тұз қышқылын HCI қосыңдар. Тұнбасы бар ерітіндіге 0,5мл дистилденген су қосып, қоспаны су жылытқышында қыздырыңдар. Тұнбаның түзілуіне және оның еруіне назар аударыңдар.

 

II. Күйдіргіш сілтілер қорғасын (II) тұзының ерітіндісімен әрекеттесіп, ақ түсті қорғасын (II)гидроксидін түзеді:

Pb(NO3)2 + 2KOH = Pb(OH)2 ¯ +2KNO3

Pb2+ + 2OH- = Pb(OH)2¯

 

Қорғасын (II)гидроксиді амфотерлік қасиетке ие, сондықтан ол сұйытылған азот немесе сірке қышқылында және сілтінің артық мөлшерінде ериді:

Pb(OH)2 +2KOH = K2[Pb(OH)4]

2-тәжірибе. 2 тамшы қорғасын (II) тұзына алдымен сілті NaOH ерітіндісінің 1 тамшысын, содан кейін артық мөлшерін қосыңдар. Тұнбаның түзілуіне және сілтінің артық мөлшерінде тұнбаның еруіне назар аударыңдар.

 

III. Күкірт қышқылы H2SO4 қорғасын (II) тұзымен әрекеттесіп, ақ түсті қорғасын (II) сульфатын түзеді:

 

Pb(NO3)2 + H2SO4 = PbSO4¯ +2HNO3

Pb2+ + = PbSO4¯

3-тәжірибе. 2 тамшы қорғасын (II) тұзына сонша тамшы сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның түзілуіне назар аударыңдар.

 

IV. Калий иодиді KJ қорғасын (II) тұздарымен сары түсті қорғасын (II)иодидінің тұнбасын береді:

 

Pb(NO3)2 + 2KJ = PbJ2 + 2HNO3

Pb2+ + J- = PbJ2¯

Бұл реакция Pb2+ ионын ашу үшін жиі қолданылады.

 

4-тәжірибе. 2 тамшы қорғасын (II) нитраты ерітіндісіне сонша тамшы калий иодиді ерітіндісін қосыңдар. Оған 0,5мл дистилденген су және 3-4 тамшы сұйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Пайда болған қоспаны 2 минуттай су жылытқышында қыздырыңдар. Содан кейін қоспасы бар пробирканы су ағынының астында суытыңдар. Қыздырған кезде еріген қорғасын (II) иодиді суыған кезде алтын түсті қабыршақ түрінде қайтадан тұнбаға түседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных