Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шінші аналитикалық топ катиондары




 


Үшінші аналитикалық топқа мына катиондар

жатады: Ba2+, Ca2+, Sr2+.

Бұл катиондар - түссіз. Бұл топтың ацетаттары, нитраттары және галогендері күшті электролиттер болып саналады және олардың ерігіштігі мына қатар бойынша төмендейді:

 

 

Ba(OH)2 → Sr(OH)2 → Ca(OH)2

 


Барий, стронций және кальций сульфаттары суда нашар еритіндіктен олардың топтық реагенті - күкірт қышқылы (H2SO4) болып табылады.

 

BaCl2 + H2SO4 = BaSO4 ↓+ 2HCl

SrCl2 + H2SO4 = SrSO4 ↓+ 2HCl

CaCl2 + H2SO4 = CaSO4 ↓+ 2HCl

 

Ең нашар еритіні - барий сульфаты, ал кальций сульфатының ерігіштігі жоғары.

Кальций адам және жануарлар сүйектерінің негізгі құрамдық компоненттерінің бірі болып саналады. Ол жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді және қанды ұйыту процесіне қатысады.

 

Барий катионының Ba2+ дербес реакциялары

 

I. Калий хроматы K2CrO4 барий катионымен сары түсті барий хроматы BaCrO4 тұнбасын түзеді, тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ күшті қышқылдарда ериді:

BaCl2 + K2CrO4 = BaCrO4↓ + 2KCl

Ba2+ + CrO42- = BaCrO4

 

1-тәжірибе. Бір тамшыбарий тұзының ерітіндісіне бір тамшы калий хроматы ерітіндісін қосыңдар.

 

II. Калий бихроматы K2Cr2O7 барий катионымен барий хроматының BaCrO4 сары тұнбасын түзеді:

 

2BaCl2 + K2Cr2O7 + H2O = 2BaCrO4↓ + 2KCl + 2HCl

Cr2O72- + H2O = 2CrO42- + 2H+

2CrO42- + 2Ba2+ = 2BaCrO4

 

2- тәжірибе. 1-2 тамшы барий тұзының ерітіндісіне екі тамшы натрий ацетаты мен екі тамшы калий бихроматы ерітіндісін қосыңдар.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1.Тұнба түсу үшін ерітіндіні қыздыру қажет.

2. Реакцияны бейтарап немесе әлсізқышқылдық ортада жүргізу керек.

3.Хромат ионымен тұнба беретін қорғасын катиондары реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.

 

Стронций катионының Sr2+ дербес реакциялары

Стронций катионына тән арнайы реакциялар жоқ.

I. Гипс суы (CaSO4·2H2O гипстің қаныққан сулы ерітіндісі) стронций катионымен стронций сульфатының тұнбасын береді.


1-тәжірибе. Пробиркаға төрт тамшы стронций нитраты Sr(NO3)2 ерітіндісін құйып, оған 5-6 тамшы гипс суын қосып, су жылытқышта қыздырыңдар және тұнбаның түзілуіне назар аударыңдар.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1.Гипс суымен жүретін реакция барий катиондарынсыз және сонымен бірге сульфат анионымен SO42- нашар еритін тұнба беретін катиондардың қатысуынсыз жүргізілуі қажет.

2. Қыздыру тұнбаның түзілуін арттырады.

3. SrSO4 тұнбасы бірден түзілмейді, ол үшін қоспа 10-15 минут тұруы керек.

 

II. Аммоний оксалаты (NH4)2C2O4 стронций катионымен Sr2+ ақ кристалл тұнба SrC2O4↓береді:

 

Sr(NO3)2 + (NH4)2C2O4 = SrC2O4↓ + 2NH4NO3

Sr2+ + C2O42- = SrC2O4

 

2- тәжірибе. 2 тамшы стронций нитраты ерітіндісіне 2 тамшы аммоний оксалаты ерітіндісін қосыңдар. Нәтижесінде ақ түсті кристалл тұнба түзіледі.

 

Тәжірибені жүргізу шарттары:

1.Тұнба сірке қышқылында ерімейді, тек минералды қышқылдарда ериді.

2.Аммоний оксалатымен жүретін реакцияны барий және кальций тұздарының қатысында жүргізуге болмайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных