Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Және трансфузиялық терапияға негізгі көрсеткіштер




Трансфузиялық сұйықтықтар Трансфузия қажеттілігі
Айналымдағы қанның өзгерістері Иммундық реакцияларының тежелуі
Гиповоле-мия ГК дефици-ті ПК дефици- ті АБК,ААК дефициті   АHbК дефициті Іріңді ин-токсикация Специфика- лық Бейспеци- фикалық Су электро-литтер тепе-теңдігінің бұзылыста-ры Ацидоз Параэнте- ралды қо- ректендіру
Толық құрамды қан + +     + +   +      
Эритроциттік масса + +     +            
Лейкоциттік масса + +           +      
Тромбоциттік масса + +                  
Қан плазмасы +   + +   +   + +    
Альбумин       +         +    
Гипериммунды плазма, спецификалық гаммаглобулин             +        
Белокты гидролизаттар     + +       +     +
Амин қышқылының қоспалары       +             +
Дезинтоксикациялық қаналмастырғыш сұйықтықтар           +          
Полиионды ерітінділер                      
Майлы эмульсиялар                 +   +
Глюкоза ерітіндісі                   + +
Бикарбонат ерітіндісі                   +  

Ескерту: ГК – глобулярлы көлем; ПК – плазма көлемі; АБК – айналымдағы белоктар көлемі; ААК – айналымдағы альбуминдер көлемі; АHbК – айналымдағы гемоглобин көлемі.


Лимфосорбция тұрақты детоксикациялық нәтиже бергенімен, адам ағзасы лимфоциттерді көп жоғалтады және гипопротеинемия орын алып, иммундық реакция төмендей түседі. Сорбцияға лимфаны кеуде лимфа тамырын дренаждау арқылы алады.

Қан плазмасындағы спецификалық және бейспецификалық иммундық қорғаныс факторлары маңызды орын алады. Бұл факторларды ретикулоэндотелий, плазмалық жасушалар қорытып шығарады. Иммуноглобулиндер микробтарды, токсиндерді желімдеп сүзеді, макрофагтар оларды жояды (фагоцитоз). Иммунотерапия ағзадағы иммундық өзгерістерге сай жүргізілуі қажет. Ағзаның антиинфекциялық қабілеті фагоцитоз процесінің белсенділігіне байланысты. Қалыпты жағдайда фагоцитоз көрсеткіші - фагоцитарлық сан (индекс) 2,5-4,0; фагоцитоз белсенділігі 72,8 ± 1,5% құрайды. Қан сарысуының бактериалды белсенділігі 80-100% аралығында болады. Фагоцитоз қабілетінің жоғары болуы иммунитеттің күштілігін білдіреді. Иммундық жүйенің қабілетін Т- және В-лимфоциттер, иммуноглобулиндер көрсетеді. 1 мл. қандағы лимфоциттердің қалыпты саны 106 құрайды. Т-лимфоциттердің қалыпты көрсеткіші 50-80% немесе 1 мкл қанда 700-1920 клеткалар, В-лимфоциттер 13-30%, 1 мкл қанда 210-810 клеткаларды құрайды. Лимфоциттердің бласттрансформациясы 1000 клеткалар мөлшерінде болады. G – иммуноглобулиннің мөлшері 14 ± 3,4 г/л, А - иммуноглобулин – 2,25 0,5 г/л, М - иммуноглобулин - 1,2 ± 0,4 г/л құрайды. Бұл көрсеткіштер төмен болса иммунитеттің әлсіздігінің белгісі. Ем нәтижелі болса аталған көрсеткіштер деңгейі өседі. Қан айналымында иммунды комплекстердің пайда болуы иммунитеттің бұзылуының белгісі болып табылады. Тактивин және тималин иммундық жүйенің Т-жүйесінің жетіспеушілігінде қолданады, олар Т-киллерлердің функциясын реттеп иммунитетті қалыптастырады. Тактивинді 1-2 мкг/кг дозада, күніне бір рет 5-14 күн тері астына, тималинді бұлшықетке 10-20 мг-нан 4-6 күн қатарынан қолданады. Емнің нәтижесі 10-15 күннен кейін біліне бастайды. Иммунокоррекция мақсатында 150-200 мл. лейкоциттық массаны 3-4 күнде бір реттен 4-6 күн құюға болады. Иммунотерапия белсенді және белсенді емес түрлерге бөлінеді. Белсенді емес иммундық препараттарға гипериммундық антистафилококк, антипротей, т.б плазмалары, стафилококқа, сіреспеге қарсы қолданатын арнайы гаммаглобулиндер және малдың қан сарысуынан алынған гипериммундық газды гангрена, сіреспеге қарсы қолданылатын сарысулар жатады. Бұл дәрілердің құрамында қоздырғыштарды, олардың токсиндерін жоятын антиденелер, антитоксиндер бар. Белсенді иммундық препараттарға анатоксиндер, вакциналар жатады, бұлардың құрамындағы вируленттілігі жойылған микробтар, микробтардың улы әсері жоқ токсиндері (антигендер) әсерінен, науқастың ағзасында антиденелер түзіліп, иммунитетін белсендіреді. Продигиозан, левамизол (декарис), интерферон сияқты препараттар, қан құю, гемосорбция науқастардың иммундық реакцияларын күшейте түседі. Иммунотерапия іріңді процестердің ағымына, кезеңдеріне және науқастың иммундық реакциясына сәйкес жүргізілуі керек. Қабынудың қарқынды кезеңінде белсенді емес иммунтерапия жүргізілсе, ремиссия кезеңінде белсенді иммунотерапия жүргізген жөн. Нақтылы қандай иммунды препараттар тағайындау үшін Т-, В- лимфоциттер саны анықталады. Т-лимфоциттер азайса, науқасқа сау адамның немесе реконвалесценттердің лейкоциттық массасын, тимолин, тимоген, левамизол, интерферон препараттарын қолданған жөн. Иммунитеттің гуморалды факторлары, В-лимфоциттер жетіспеушілігінде гипериммунды плазма, сарысу, спецификалық иммуноглобулиндер қолданады. Иммундық жүйе бұзылып, аллергия орын алса, циркуляциядағы қанда иммундық комплекстердің деңгейі өскен жағдайда стероидты гормондар тағайындалып, гемосорбция жүргізілген жөн.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных