Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 10. Карбункулдың локализациясы




10(1) - жоғарғы еріннің карбункулы; 10(2) - желкеде орналасқан карбункул; 10(3) -карбункулда зақымдалатын тіндер схемасы: (1-эпидермис, 2-іріңді өзектер, 3-өлі еттер, 4-терасты майы, 5-фасция, 6-бұлшықет.)

Этиопатогенезіне келсек, іріңдікті жиі тудыратын алтын түсті стафилококк болып табылады, кейде стрептококк немесе екеуі бірігіп ауруды шақырады. Қант диабеті, гипо, авитаминоз қан тамырларының аурулары адамның иммунитетін төмендетіп, ірңдіктердің пайда болуына ықпалын тигізеді. Карбункулдың жиі кездесетін жерлері: желке, жауырын ортасы, арқа, ерін айналасы. Ауру бірнеше шаш фолликуласын, терінің май бездерін қамтитын көлемді инфильтрат түзілуінен басталып, қан тамырларының тромбоздануымен жалғасып, жергілікті тіндерді некрозға ұшыратады.

Тіндерде іріңді ыдырау орын алып, әрбір шіріген фолликула өзектерінен араның ұясынан шыққан бал тәріздес ірің шыға бастайды. Іріңдік тазарғаннан кейін, орнындағы терең, үлкен жара грануляциямен толып, тыртықтанып жазылады.

Клиникалық көріністері мен диагнозы: науқастың жағдайы ауыр, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағу, ентігу, бастың ауруы, тәбетінің төмендеуі, қалтырау орын алады. Қабынған ошақта ауқымды қызарған, ісінген, тығыз инфильтрат анықталады. Инфильтрат үстінде бірнеше іріңді пустула көрінеді, олар тесіліп, жарылғанда ірің шығады. Аурудың асқынған, жайылған түрінде лимфа тамырлары, лимфа бездері қабынады, қан арқылы инфекция таралғанда, өте қауіпті флегмона, сепсис, менингит аурулары дамиды. Карбункулды өте ұқсас ойық жаралы сібір карбункулынан ажырата білу керек. Сібір ойық жарасының бетінде қара көмір түстес некроз, айналасында геморрагиялық көпіршіктер анықталады, жарада ауқымды ісік, тығыз инфильтрат, ауырсыну болмайды, іріңді сұйықтық түзілмейді. (11-сурет).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных