Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 102. Рентгенограммада өкпе абсцесі.




Өкпе абсцесінің этиологиясы пиогенді микробтардың ассоциациясы.

Клиникалық көріністері науқастардың иммундық статусына және микроорганиздердің вируленттілігіне байланысты. Абсцесс өкпенің кез келген бөлігінде орналасады. Өкпе абсцесінің қалыптасуын екі кезеңге бөледі: 1. іріңді инфильтрация; 2. өкпе тінінің ыдырауы. Өкпеде абсцестің түзілуінде науқастың жағдайы ауырлайды, дене қызуы көтеріліп, қатты жөтеледі. Өкпе перкуссиясында абсцесс тұсында өкпе дыбысы анық естілмейді, аускультация кезінде өкпеде бронхиалды немесе әлсіреген тыныс естіледі, қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формула солға жылжиды. Ауырған өкпе тұсында қатты ауырсыну орын алады. Ауыр интоксикация жүрекке де кері әсерін тигізеді: тамыр соғысы жиілеп, қан қысымы төмендейді, жүрек соғысы анық естілмейді. Рентгендік зерттеу кезінде өкпеде деструкциялық ошақтар анықталады. Аурудың клиникалық көріністері 4-10 күнге дейін өрши түседі, сонан кейін ірің бронх арқылы жарылып, көп мөлшерде, тәулігіне 200-800мл. қақырықпен сыртқа шығады. Қақырық сасық иісті, іріңді немесе шірікті, құрамында көптеген лейкоцит, эритроцит, детрит, бактериялар, эластикалық тіндер анықталады. Гангренозды абсцесте ірің шірікті иісті өте сасық болады. Іріңді ыдысқа құйып, тұндырғанда 3-қабатқа бөлінеді: астында ірің мен тіндер детриті, ортасында сарғыш жылтыр сұйықтық, бетінде көбік. Абсцесс плевра қуысына жарылған жағдайда пиопневмоторакс орын алады, науқастың жағдайы күрт төмендейді.

Диагноз қою бастапқы кезеңде қиынға соғады, ошақты пневмониямен шатастырады, абсцесс бронхқа ашылып, көп мөлшерде қақырық бөлінуі және рентгендік зерттеу дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Жедел өкпе абсцесін кавернозды туберкулез, актиномикоз, іріңдеген өкпе кистасы, бөлік аралық шектелген плеврит, ошақты пневмония, деструкцияланған өкпе рагі, абсцестенген біріншілік бронхоэктаз ауруларымен ажырату диагностикасын жүргізу қажет.

Емі. Сырқаттың кезеңіне байланысты консервативті және оперативті ем жасалады. Бастапқы 4-5 аптада кешенді ем дұрыс жүргізілсе, консервативті ем жақсы нәтиже береді:

1. Жақсы күтім және жоғары калориялы, витаминдерге бай тағамдар беру;

2. Қоздырғыштардың сезімталдығына сай антибиотиктерді тағайындау;

3. Бронхпен байланысты абсцесс қуысын бронхоскоп арқылы санациялау, антибиотик енгізу және науқасты қақырық жеңіл шығатын жағдайда орналастыру, қақырынғаннан кейін трахеяға антибиотик енгізу;

4.Науқастың иммунитетін күшейту;

5. 100 - 200 мл. қан және қан алмастырғыш сұйықтықтар құю.

Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда 6-8 апта аралығында операция жасалуы қажет: қабырға аралығы арқылы пневмотомия жасап абсцесті ашу немесе радикалды операцияларды қолдану (лобэктомия, пневмонэктомия). Операциядан кейін консервативті емді жалғастырады.

Жедел өкпе абсцесінің асқынулары:

1. Пиопневмоторакс;

2. Өкпеден қан кету;

3. Абсцестің гангренамен асқынуы;

4. Септикопиемия – миға, бауырға т. б. мүшелерге абсцестің метастазы;

5. Іріңнің сау өкпеге құйылуы, онда пневмонияның дамуы.

Аурудың болжамы. Деркезінде жасалған кешенді ем науқастардың 70% толық сауықтырады.

Іріңді плеврит, плевра эмпиемасы (pleuritis purulenta, empiema pleurae) өкпенің плевралды қабаттарының іріңді қабынуы. Көбінесе басқа мүшелердің іріңді қабынуларының асқынуы болып табылады. Біріншілік плеврит кеуденің өтпелі жаралануында кездеседі. Қоздырғышы көбінесе стафилококк, сирек жағдайда пневмококк, энтеробактериялар, грам теріс микрофлора немесе микробтар ассоциациясы. Балаларда іріңді плевритті пневмококтар жиі шақырады. Аралас микрофлорадан туындаған плевриттер ауыр түрде өтеді. Плевриттерді дұрыс емдеу үшін плевралды пункция жасап, бактериологиялық зерттеу жүргізіп, қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қажет.

Іріңді плеврит, плевра эмпиемасының патогенезі. Көбінесе өкпе абсцесі плевра қуысына жарылып іріңді плевритке әкеледі немесе өкпе абсцесінде инфекция плевра қуысына лимфа жолдарымен де таралады (103-сурет, 158-бет).

Плевропневмонияның асқынулары - гриппозды пневмония, парапневмониялық және метапневмониялық іріңді плевриттер. Метапневмониялық плеврит жиі кездеседі. Парапневмониялық плеврит пневмонияның қызу кезеңімен қатар жүріп пневмонияны асқындырады, ал метапневмониялық плеврит пневмонияның бәсеңдеген кезеңінде дамиды. Өкпе гангренасында көбінесе шірікті плеврит орын алады. Плевра қуыстарының инфицирленген өтпелі жараларында пайда болатын гемопневмоторакс іріңдесе – гемопиоторакс дамиды. Тағы да көптеген аурулар іріңді плевритпен асқынулары мүмкін: өкпе эхинококкозы және туа біткен өкпенің кисталары жарылғанда, деструкцияланған өкпе рагі, кавернозды өкпе туберкулезі. Басқа мүшелерде орналасқан іріңді ошақтардан (іріңді аппендицит, холецистит, панкреатит, флегмоналар, сепсис) плевра қуысына инфекция гематогенді, лимфогенді жолмен түссе, іріңді плеврит дамиды. Плевра қуысына түскен инфекцияның вируленттілігі төмен болса висцералды, париеталды плевра арасында болар- болмас фибринозды сұйықтық жиналып, құрғақ плеврит орын алады. Вируленттілігі жоғары қоздырғыштар экссудативті плевритке (серозды, фибринозды, іріңді) әкеледі. Париеталды және висцералды плевра қабаттарында қызару, ісіну, экссудация, қанталау, фибрин түзілу сияқты қабынудың белгілері туындайды. Қабыну тоқтамай өрши түссе, плевра беттерінде лейкоциттер түзіліп іріңдеуге әкеледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных