Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 112. Газды гангрена. Анааэробтардың токсиндерінің әсерінен тіндер некрозданған, қатты ісінген, қанталаған.




Газды гангрена даму үшін қоздырғыштардан басқа да факторлар әсер етеді: 1) топырақпен, кір киімдердің қиықтарымен ластанған, өліеттенген жұмсақ тіндерге, әсіресе мыжылған бұлшықетке толы жыртылған ауыр жаралар. 2) анемия, шок, қатты тоңу, жгут салу, тамырларды байлау, жараны қатты таңу, әсіресе тіндердің гипоксиясы. 3) науқастың иммунитетін төмендететін жағдайлар (қатты зорығып шаршау, жүдеу, суыққа шалдығу). 4) жараланған жердің транспорттық иммобилизациясында және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттануы.

Патогенезі. Анаэробты микроорганизмдердің эндо, экзотоксиндерінің әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді екі кезеңге бөледі: 1) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналып, тіндердің токсикалық ісіну кезеңі; 2) тіндерде өліеттенген бұлшықеттердің гликогені, белоктары, қантының ыдырауында газ түзіліп, бұлшықет және дәнекер тіндерді қысып прогресивті өліеттендіру кезеңі. Тіндердің ісініп, араларына газ түзілуінде тінішілік қысым жоғарылап, жарада қан айналымы бұзылады. Осының салдарынан сау бұлшықеттер, т.б. жұмсақ тіндер некрозға ұшырап, анаэробтардың ары қарай өсіп өнуіне қажетті қоректі заттар көбейеді. Бұл кезеңдердің ағымы, клиникалық көріністері қоздырғыштардың түріне байланысты болып келеді. Анаэробтардың токсиндері қан арқылы бүкіл организмге тарап, ауыр интоксикацияға әкеледі. Науқас ағзасының функциясы бұзылып, істен шығады.

Клиникалық көріністері. Анаэробты инфекциялардың инкубациялық кезеңі 1- 7 күнді құрайды, бұл кезең неғұрлым қысқа болса, ағымы соншалықты ауыр түрде өтеді. Найзағай тәріздес түрі жараланғаннан кейін, алғашқы сағаттарда дамуы мүмкін. Аурудың клиникасы микробтардың вируленттілігіне, жараның көлеміне, қансырау, шокпен асқынуына, науқастың иммунитетіне сай әрқилы болып келеді. Жара керіп қатты ауырады, жараға салынған таңғыш тіндерді қысады. Жалпы интоксикацияның алғашқы белгілері: тамыр соғысы, тыныс алудың жиілеуі, әлсіздік, жүйке жүйесінің тежелуі немесе қозуы (көп сөйлеу, мазасыздану). Дене қызуы басында субфебрильді, соңынан тез 38,3-39ºС дейін көтерілуі. Тамыр соғысы 140-150, тыныс алу жиілігі 30-40 минутына. Қан қысымының 90 – 80 мм. с. б. дейін төмендеуі. Жараланған қол-аяқ жарасы қарағанда қатты ісінген, терісі бозарған, теріде бозғылт - қызыл дақтар, жолақтар анықталады. Тері астында пальпация кезінде эмфизема (газ), крепитация естіледі (113-сурет).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных