Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 116. Токсикалық ісіну.




 

Қоздырғышы Cl. Oedematiens, анаэробты инфекциялар арасында 34,7% кездесіп, 52,3% жараланған жауынгерлерді өлімге әкелген.

Қоздырғыштары аралас газды гангренада тіндерде токсикалық ісіну, газ түзілу қатар жүреді, даму жиілігі 29,2%, адам өлімі 44,1%.

Некроздық формасы тіндердің өліеттенуімен өтеді, 9,3% кездесіп, аурулардың 22,3% өлімге әкеледі, басқа түрлерімен салыстырғанда жеңіл жүреді.

Флегмонозды формасында эмфизема мен ісік бәсеңдеу, іріңдеу байқалады, тез таралмайды. Ағымы жеңіл, сирек кездеседі 7,1%, өлімге әкелуі 10,3%.

Клиникалық классификация бойынша найзағай тәріздес және жедел түрлерін ажыратады.

Найзағай іспеттес түрі. Науқас жараланғаннан кейін бірер сағатта, иммобилизация және тасымалдау кезінде қосымша жарақаттанса дамиды, тез арада өлімге әкеледі.

Жедел түріне газды гангренаның басқа түрлерін жатқызады.

Анатомиялық жіктелуде газды гангренаны эпифасциалды және субфасциалды деп бөледі.

Газды гангренаның алдын алу шаралары: Алғашқы көмекті дер кезінде және дұрыс көрсету, шоктан шығару, қан тоқтату, анемиямен күресу, неғұрлым ерте жараға біріншілік хирургиялық тазарту жүргізіп, дренаждау. Жергілікті және жалпы антибиотикотерапия жүргізу, қажетті жағдайларда жараланғандарды эвакуациялау. Жараны мұқият бақылап жаралардың асқынуының алғашқы белгілерін дер кезінді анықтау. Кірленген, жыртылған үлкен жараларда гангренаға қарсы сарысудың 1 -2 дозасын бұлшықетке инъекциялау. Қазіргі кезде газды гангренаның алдын алу мақсатында 1. арнайы сарысу қолданады: құрамында Clostridium perfringens қоздырғышына қарсы 10000 антитоксикалық бірлік; Cl. Septicum қарсы 10000 а.б; Cl. Oedematiens карсы 10000 а. б. 2. Анаэробты бактериофагты тең мөлшерде стафилококк, стрептококтың бактериофагтарына қосып, осы бактериофагтарды 1: 1 қатынаста 0,5% новокаин ертіндісімен араластырып жараға жергілікті анестезия жасалады. Жараның көлеміне байланысты 100 – 200 мл. бактериофагтар ерітіндісін қолданады.

Газды гангренаның емі. Науқасты бөлек, жарық, ауасы кең палатаға орналастырып, тәжірибелі медперсоналдың бақылауы қажет. Кешенді ем 3 топтан құралады:

1. Арнайы (спецификалық) ем жүргізу мақсатында, бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы 150.000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдематиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 а. б. доза) дәрігердің өзі немесе мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді. Әрбір 100мл. сарысуды 100 – 400 мл. дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9 % ерітіндісімен араластырып қолданады. Бактериологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекцияны тудырған қоздырғышқа қарсы сарысумен ем жүргізеді.

2. Жедел хирургиялық операция үш түрге бөлінеді: а) Анаэробты инфекция ошағын кеңінен тіліп ашып, өліеттенген тіндерді әсіресе бұлшықеттерді алып тастау; ә) ауыр, прогрессивті интоксикация дамыған жағдайда жгут салмай гелиотина тәсілімен (балтамен шапқандай) ампутация жасап, жараны тікпейді; б) аса асқынып кеткен жағдайда ампутация істелген аяқ, қолдың тіндеріне қосымша тілік жасау; в) операциядан кейін жараларды тотықтығыштар ерітіндісімен (калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы) көп мөлшерде жуып, 10% натрий хлор, бактериофаг ерітінділерімен таңғыш салып, ауырған жердің қимылын шектеу.

Бейспецификалық, дезинтоксикациялық ем жүргізу- науқасқа тәулігіне 4 литрге дейін натрий хлордың изотониялық ерітіндісін, глюкоза, қан, қан алмастырушы сұйықтықтарды құяды. Көп мөлшерде сұйықтық ішкізіп, жоғары калориялы тағамдармен тамақтандырады. Газды гангренада оксигенотерапия жүргізу үшін барокамераларды пайдаланады. Қажеттілігіне байланысты науқасқа тиісті симптоматикалық ем тағайындалады (жүрек гликозидтері, аналгетиктер, диуретиктер, тыныс алуды реттейтін аналептиктер т.б.).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных