Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тор қабық веналары тромбозының жіктелуі




(В.Э. Танковский, 2000)

І. ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР БОЙЫНША

1.Келесі қабынулы аурулардағы тор қабық веналарының тромбозы:

А. Көздің:

1) хориоретиниттардағы және ретиналды васкулиттардағы:

а) инфекционды (бактериалды, вирусты,т.б.);

б) жүйелік, синдромды, аутоиммунды аурулардағы (Бехчет ауруы, Бехтерев ауруы, жүйелік қызыжегі және т.б.)

2) көру нервісінің невритінде.

а). Көз айналасы тіндерінің қабынуларында.

б). Басқа жүйе мен мүшелердің қабынуларында.

2. Қабынусыз аурулардағы тор қабық веналарының тромбозы.

А. Көздің:

1) тор қабық орталық артериясының эмболиясы;

2) ангиоматоз және телеангиэктазиялар;

3) көру нервісінің невритінде;

4) глаукомада;

5) жарақаттар (операциялық араласуды қосқанда).

Б. Көз айналысы тіндерінің (өсінділік, көз шарасының және көру нервісінің ісіну зақымдары).

В. Басқа жүйелер мен мүшелердің ауруларында:

1) жүрек-тамыр аурулары (артериялды гипертония, атеросклероз, жүрек тапшылығы және т.б.);

2) эндокринді аурулар (қант диабеті);

3) қантүзілу жүйесінің аурулары (лейкоз, полицитемия, агранулоцитоз, тромбоцитопениялық пурпура және т.б.);

4) гемостаз және фибринолиз (гемофилия, дисплазминемия);

5) иммунды жүйенің аурулары (гипергаммаглобулинемия).

3. Белгісіз этиологиялық факторлардағы тор қабық веналарының тромбозы.

ІІ. АНАТОМИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША

1. Тор қабық орталық венасының тромбозы.

2. Гемицентралды және гемисфералық тромбоз.

3. Тор қабық орталық венасы тармақтарының тромбозы:

а) жоғарғы-самай бұтағының;

б) төменгі-самай бұтағының;

в) жоғарғы-мұрын бұтағының;

г) төменгі-мұрын бұтағының:

4. Тор қабық орталық венасының самай бұтағының макулярлы бұтақшасының тромбозы.

5. Үшінші қатар веналарының тромбозы.

ІІІ. ДАМУ САТТАРЫ БОЙЫНША

1. Претромбоз.

2. Тромбоз

3. Қайталамалы тромбоз.

4. Тромбоздансоңғы тромбоз

5. Қайта дамыған тромбоз.

ІV. ТҮРІ БОЙЫНША

1. Ишемиялық емес.

2. Ишемиялық.

3. Анықталмаған (көбінесе уақытша болады; микроциркуляторлық арнасының жағдайын бағалауға мүмкіндік болмағанда).

V. МАКУЛЯРЛЫ АЙМАҚТЫҢ ЖАҒАДАЙЫ БОЙЫНША

1. Ісіну:

а) ишемиясыз;

б) ишемиямен.

2. Ісінусіз:

а) ишемиясыз;

б) ишемиямен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных