Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Технологиялық жетістіктер мен іс -әрекеттерді зерттеу




педагогиканың нақты мәселелерін зерттеуде қолданылатын әдістер

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу

әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл

бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт

философия- лық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана

зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек

шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ.

бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық

ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жұргізген

ғалымдардың белсенді ұлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп,

ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бұгінге дейін танымал Я.А.

Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П.

П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар

болды. XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне

ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.

Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртұрлі әдістердің бұтін бір

жұйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау,

әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық

жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тәжірибені ұйрену және

қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жұргізу, тестен өткізу,

рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалык

идеяларды теориялық талдаудан откізу және т.б. әдістер.

Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің

қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен

танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді

ұйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғалым сабаққа

қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалім сабақ материалын қызықты

тұрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тындайтынын аңғарады. Одан

әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белеснділікпен

көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады;

жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя

отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б.

Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін

байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжам-

дарын қортындылауға мұмкіндік береді. Оның мән-мағынасы келесідей

болуы ықтимал:

1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты;

2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі

біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша, нақты теориялық ой-

пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете

зерттеліп, тексеріледі.

Әңгімелесу эдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің

екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен

қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс

берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған

ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген

оқушылардың сабаққа деген әртұрлі мінез-құлықтық қатынасын алар

болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін

мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен

әңгімелесуді бірден-бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін

тұсіндіріп беруге мұғалімді ойыстырып, оның пікірін білуге ұмтылады.

Белгіленген сұрақтар бойынша, мұғалім мен оқушы пікірлерінің өзара сай

келуі немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркінін

айқындауға себебін тигізері, әлбетте сөзсіз.

Мектептік құжаттар мен оқушылардыц шыгармашылық

өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу

барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-

құжаттарын көздеп отыру ұлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың

кұнделікті сабақ бағаларының олардың жалпы ұлгеріміне ықпалын білу

үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдерімен танысып

шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман

карточкесімен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Ұй тапсырма

дәптерлерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жұмыстарды

орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін

шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дұниеге,

қоғамға көзқарасын болжауы мұмкін және т.б.

Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып,

алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың

педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртұрлі: жетіскен

білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.

Жетіскен білім деңгейін аныктау экспериментті зерттеу

жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың

жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы

барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы

эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана

отырып, ғалым- оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты

білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік

бақылауының мұмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.

Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие

болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту-қайта

жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша

оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді

тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже ұнамды болып шықса, алынған

көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында

қолданылуы жөнінде қажетті қорытындылар жасалады.

Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған -

эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы

көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау

экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа

мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер

ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негіздесе, зерттеуші ең

соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, оларды педагогиканың

теориялық және методикалық қорына өз жаңалығы етіп қосады.

Озат педагогикалык тәжірибені ұйрену және жинактау. Бұл әдіс

оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен

мұғалімдердің тәжірибесін ұйрену және оны теориялық пайымдауға

негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер кұнделікті сабақ тәжірибесімен

эмпирикалық тұрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады,

бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті

зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке

жетпей, қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы

педагогикалық практика теориялық ой-пікірі ме, әдістемелік

қорытыңдысына жетпейді. Оқыту-тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық

пайымдау мен талдауға тұссе ғана педагогикалық ғылым жұйесінде

орнығуға мұмкіндік алады.

Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері. Жоғарыда

қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулі

кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді

ғана дамытуы мұмкін, яғни зерттеу қорытыңдысы болмашы сандағы

мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда

кейбір мәселелердің шешімі ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте

педагогтар әлеуметгік зертгеу әдістерін (анкета жұргізу, рейтингтік

бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп

сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады.

Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың

түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші -

ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты,

әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі оз орнында құнды.

Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау

жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен

білім мәселелері бойынша жоғарыдан тұскен "даналық" көрсетпелерге

тұсіндірме беріп, олардың "тек дұрыс" екенін негіздеумен болды. Бұл

теориялық ой-пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой

ұмтылысын тұсаулап тастады.

Қазіргі кезеңде, егеменді ел - Қазақстан Республикасы аясында

педагогика ғылымында догматизм мен жеке пікір ұстемдігіне тойтарыс

беріліп, шын мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті

жағдайлар жасалып, халыққа білім беру саласының бұтіндей қайта

тұзілуіне, біздің қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық

даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар

ашылуда.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных