Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алғашқы кристалдағы өзгерістер




АСД – ликвидус пен АЕСF – солидус сызықтары барлық қорытпа жүйесінің кристалдануының басталуы мен аяқталуын көрсетеді. АС сызығындағы қорытпалар салқындаған кездесұйық ерітіндіден көміртегіні бойына сіңірген қатты ерітінді кристалдары g - темір түсе бастайды, ондай құрылымды аустенит деп атайды. Диаграмманың АСЕ аймағында екі фазаның- сұйық ерітінді мен аустениттің қоспасы орналасқан. А сызығының төменті жағындағы қата бастаған қорытпалар аустениттік құрылым болып табылады. Е нүктесінің сол жағына қарай жатқан қорытпалар болат деп аталады. АСД сызығы бойынша сұйық ерітіндіден бастапқы деп аталатын Ц цементит кристалдары түзіле бастайды. Диаграмманың СДF аймағында екі фазаның қоспасы: сұйық ерітінді және цементит болады.

Құрамы 4,3 % -ға сай келетін диаграмманың С нүктесінде, АС және СД сызықтары қиылысатын жерде аустенит пен цементиттің бір мезгілде кристалдануы жүріп, олардың ұсақ қоспалары пайда болады, ол эвтектикалар – қорытпа қату кезінде пайда болатын күрделі құрылым.

Fe-Fe3С қорытпалары жүйесіндегі эвтектика құрылымын ледебурит деп атайды. Ледебурит шойын деп аталатын құрылым С 2,14-тен 6,67-ға дейінгі қатқан барлық қорытпаларда болады. С құрамы 4,3 %-дан кем шойындар эвтектикалыққа дейінгі, 4,3 %-эвтектикалық, ал 4,3%-дан жоғары болса, эвтектикалықтан кейінгі деп аталады. Кез келген құрамдағы эвтектикалыққа дейінгі және кейінгі шойындарда аустенит пен цементиттің кристалдануы нәтижесінде сұйық фазадағы көміртегі құрамы өзгеріске түседі, тиісінше АС және ДС сызықтары бойынша және 1147°С температурада (ЕСF сызығы) эвтектикалық құрамға (4,3%) жеткізіледі. ЕСF сызығында эвтектикалық құрамның сұйық ерітіндісі ледебуриттің пайда болуымен бірге кристалданады. Осыған байланысты ЕСF температураларының сызығы ледебуриттің алмасу сызығы деп аталады.

Диаграмманың GSE, PSK, QPG сызықтарында қатты күйінде аталған жүйенің қорытпаларында екінші мәрте кристалдану нәтижесінде құрылым өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріс темірдің аллотропиялық алмасуының және темірдегі көміртегінің қыздырылған және суытылған күйлері ерігіштігінің өзгеруі нәтижесінде болады. Ерігіштіктің өзгеруі қорытпа қызған немесе салқындаған кезде торларының үлкеюінен және кішіреюінен, сондай-ақ тор түрінің өзгеріске түсуінен болады.

Кейін пайда болған кристалдану кезіндегі болатқа айналу.

AGSE аймағында аустенит болады. Қорытпа салқындаған кезде аустенит тұрақсыз болып, GS сызығында және Ф – ферриттен төмен, ал SE сызығында және Ц – цементиттен бөлініп түзіледі. Кейінгі кристалдану кезінде қатты ерітіндіден қалыптасатын цементит кейін пайда болған кристалдану деп аталады. Осындай бір күйден екіншісіне айналу нәтижесінде GSP аймағында қоспаның екі фазасы – аустенит пен феррит, SE аймағынан төмен – аустенит пен кейін пайда болған цементит қоспасы болады.

GS×SE сызықтары қиылысатын S нүктесінде аустениттің ыдырауы мен цементиттің ұсақталған қоспасының пайда болуы жүзеге асады, эвтектоидты аналогия бойынша оны эвтектоид деп атайды. Перлитті құрам болаттарда С 0,8% құрамда болады. С 0,8%-дан төмен құрамды болаттар эвтектоидке дейінгі, ал 0,8%-дан жоғары болса эвтектоидтен кейінгі делінеді.

Эвтектоидке дейінгі және кейінгі болаттарды салқындату кезінде аустениттегі көміртегі концентрациясы өзгереді, тиісінше , GS және ES сызықтары бойы мен және PSK сызығы бойымен 727°С температурада эвтектоидті құрам 0,8%-ға жетеді. 727° С температура кезінде аустениттің түпкілікті ыдырауы және оның перлитке айналуы жүзеге асады. PSK сызығы температураларын сондықтан да аустениті – перлитке айналу сызығы деп атайды. Төмен көміртегілі аустенитті салқындату кезінде , бір күйден екіншісіне айналуы нәтижесінде бір фазалы ферлитті құрылым пайда болады, оның орналасу аймағы QPG сызығымен шектеледі.

727°С температурадан төмен салқындатылған, мысалы, + 20-ға дейін, қорытпалар ондағы көміртегінің құрамына байланысты мынадай құрылымда : 0,006% С-ға дейін – ферритті; 0,006-дан 0,8% С-ға дейін – ферритті – перлитті ; 0,8% С кезінде – перлитті; 0,8-ден 2,14% С-ға дейін перлитті – цементитті болады.

Кейін пайда болған кристалдану кезінде шойынға айналу.

Эвтектикалық құрамды шойын қатқаннан кейін ледебуритті - Л құрылымында болады, ол аустенит пен цементитен тұрады. Одан кейінгі салқындату кезінде SK сызығында, сондай-ақ S рүктесінде А®П бір күйден екіншісіне айналу жүзеге асады, сондықтан ледебурит 727°С-тан төмен температурада перлит пен цементитің қоспасы болып табылады.

Эвтектоидке дейінгі құрамды шойынның қатайғанна соң көміртегі (2,14%) және ледебуриттің шектеулі құрамы бар аустениттің кристалдарынан тұратын құрылымы болады. ES және SK сызықтары арасында температураның интервалында оларды салқындатқанда ES сызығы бойымен g - темірдегі көміртегінің ерігіштігі төмендейді. Соның салдарынан салқындаған аустениттен цементит түрінде артық көміртегі бөлінеді. EC және SK бір күйден екіншісіне айналу сызықтары арасында эвтектоидке дейінгі шойындардың айнымалы құрамдағы аустенит кристалдарының қоспасынан, қайталама цементитен және ледебуриттен тұратын құрылымы болады. 727°С температурадан төмендеген кезде А®П бір күйден екіншіге айналу жүзеге асады, сондықтан ледебурит 727°С температурада перлит пен цементит қоспасы табылады.

Эвтектоидке дейін құрамды шойынның қатайғаннан соң көміртегі және ледебуриттің шектеулі құрамы бар. Эвтенидтің кристалдарынан тұратын құрылымы болады. ES және CS сызықтары арасында температураның интервалында оларды салқындатқанда ES сызығы бойымен g - темірдегі көміртегініңерігіштігі төмендейді. Соның салдарынан салқындаған аустениттен цементит түрінде артық көміртегі бөлінеді.

Темір-графит қорытпалары жүйесі диаграммасының түзілімі. Темір-графит жүйесі түзілімінің диаграммасы графиттің теміркөміртегі қорытпаларына айналу процесін сипаттайды, соның нәтижесінде көміртегі графит түрінде бөлінеді. Темір-графит қорытпалары жүйесінде мынадай фазалар болады: сұйық ерітінді, аустенит, феррит және графит. Графит цементитке қарағанда неғұрлым тұрақты фаза болып табылады, сондықтан темір-графит жүйесі диаграммасы графиттік фаза пайда болуына байланысты тұрақты диаграмма деп аталады, ал темір-цементит жүйесінің диаграммасы метатұрақты болады.

Тұрақты қоспаларды жасау метатұрақтыға қарағанда мейлінше жоғары температурада жүреді.

 

 

 

1.1-сурет. Темір-көміртегі жүйесіндегі қорытпалар түзілімінің диаграммасы (метатұрақты)

1.1-суретте келтірілген диаграммада үзбе сызықтар графит бөлінетін температураны білдіреді. С¢ Д' сызығына сәйкес температурада бастапқы графит кристалданады, ал Е'С' сызығында графиттік эвтектика – аустенит пен графитті қоспасы пайда болады. Е¢С¢Ғ¢ және S¢K¢ сызықтары арасында температура интервалында екінші қайтара графит бөлінеді. SK сызығында феррит пен графиттен тұратын эвтектои пайда болады. Сөйтіп Е¢С¢Ғ¢ және S¢K¢ сызықтары арасында температура интервалында орналасқан теміркөміртегі қорытпалар аусиенит пен графиттің фазалары қоспасын көрсетеді, ал S¢K¢ сызықтарының төмен жағы феррит пен графит фазаларыныңқоспасын белгілейді.

Көміртегі графит түрінде бөлініп, цементит пайда болмау үшін шойынды барынша жәйменен салқындату керек. Метатұрақты және тұрақты диаграмманың бір мезгілде түзілімдерінің алмасуы нәтижесінде қалыпты өндірістік жағдайларда графитті, сондай-ақ цементитті фазалар кездесетін құрылымдар жасалады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қатты, сұйық, газ тәрізді күйдегі фазалар жиынтығы.

2. Егер бастапқы және жаңа фазалар арасында құрылымдық ұқсастық болса, онда жаңа бастапқы фазаның кристаллографиялық жазықтығына орналасатын не?

3.Кристалдану процесі кезіндегі жеке кристалдар ішіндегі қорытпа құрамының біртекті болмауы қалай аталады?

4. Тор периодының өлемі нанометрді метрге айналдыру.

5. Көміртегінің балқу температурасы қандай?

6. Қандай температуралар аралығында феррит пен үшінші ретті цементиттен механикалық қоспа түзіледі?

7. Қандай температуралар аралығында аустенит пен екінші ретті цементит механикалық қоспаны көрсетеді?

8. Фаза ережесіндегі (Гиббс заңы) еркіндік дәрежесі санын анықтайтын формула




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных