![]() Обратная связь ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
18. 10-сыныптың соңында оқушылар пәндік нәтижелер бойынша: 1) әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХІХ ғасыр және әлем әдебиеті үлгілерін; 2) эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін; 3) көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді; 4) көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдай білуі; 5) ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдауды; 6) шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жазуды; 7) көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарының күрделі түрлерін (эссе, шығарма, өлең құрастыру, сценарий жазу, т.б.) орындай білуі тиіс; 8) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындауды; 9) өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдауды; 10) көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді; 11) сыныптан тыс және өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуды; 12) мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алуды; 13) өзіндік көзқарасын білдіруді, шешен сөйлеу дағдыларын; 14) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық, эстетикалық, тәрбиелік, танымдық мәнін айқындауды; 15) көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу т.б.) орындауды; 16) шығарманы көркемдік тұтастықта талдаудың жолдарын, амал-тәсілдерін меңгеруі тиіс. 19. 11-сыныптың соңында оқушылар: 1) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіруді; 2) өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуді; 3) мәнерлеп оқудың барлық элементтерін қолдануды; 4) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын; 5) әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын, тезисін дайындауды; 6) компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, интернет арқылы әлем әдебиетімен таныса алуды; 7) әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын түсіндіре алуды; 8) сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуды; 9) берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізуді білуі тиіс; 10) әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті мен тәуелсіз жылдардағы әдебиет үлгілерін; 11) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, мәнін; 12) әдебиеттің өнер түрлерімен байланысын; 13) оқыған көркем туынды бойынша шығармашылық жазба жұмыстар орындауды; 14) көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдауды; 15) әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын; 16) сөйлеу дағдыларын меңгеріп, өзіндік көзқарасын білдіруді; 17) әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды пайдалануды; 18) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан түсінуді; 19) әдеби білімдері негізінде көпшілік алдында өзіндік пікір білдіруді; 20) шығармада бейнеленген өмір шындығы мен автордың ойын тани алуды және т.б. меңгеруі тиіс. 20. Тұлғалық нәтижелер: 1) қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 2) ұлттық құндылықтар мен әлемдік азаматтық құндылықтарды салыстыра пайымдап, дәріптей білуінен; 3) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен; 4) көркем туындының кейіпкері туралы қойылған жағдаяттық сұрақтарға жауап беруде әдеби тіл нормалары мен пікірталас мәдениеті талаптарын сақтай білуінен; 5) әдебиеттің өзге ғылымдармен (тіл, философия, тарих, қоғамтану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, жаратылыстану т.б.) сабақтастығын көрсетуінен; 6) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы өз көзқарасын негіздей алуынан және жұртты сендіре білуінен; 7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуынан; 8) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуіненкөрініс табуы тиіс. 21. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: 1) қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарда; 2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана алуы; 3) қазақ әдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге дағдылануы; 4) оқырман мәдениеті мен қаламгер шығармашылығына құрметпен қарау мәдениетін игеруі; 5) қазақ әдебиетін әлем әдебиеті аспектісінде түсініп, әдеби үдеріске талдау жасай алуы; 6) өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізуге дағдылануы; 7) әдебиеттану терминдері сөздіктерін, энциклопедияларды; 8) көркем әдебиет туралы ғылыми сын мақалаларды түсініп оқып, көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдануы тиіс.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|