Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші дәріс. Ферменттер және олардың маңызы.




Дәрістің жоспары:

1. Ферменттердің кллассификациясы.

2. Ферменттік реакциялардың жылдамдығы.

3. Ферменттің активтілігі.

4. Ферменттің белсенділігінің реттелуі.

5.Ферменттің қайтымды ковалентті модификациялануы.

Өмір үшін екі іргетастық жағдай жасалуы керек. Бірінші, өмір сүретін организм өзін-өзі қайтадан құру керек. Екінші, организм таңдап алынған реакцияларды катализдеуге қабілетті болуы керек.

Биохимия тарихының көп бөлігін ферменттердің тарихы деуге болады. Биологиялық катализдерді сипаттау 1700-жылдардың аяғында етті асқаза сөлінің ыдырататынын, ал 1800-жылдары сілекей немесе өсімдік шырындарының крахмалды басқа қосылысқа айналдыратынын байқаудан басталған. 1850-ші жылдары Луи Пастер қантты спиртке айналдыратынын ашытқыларды «ферменттер» деп атаған. Кейінірек, 1897 жылы Эдвард Бюхнер ашытқылардың сұйығы да крахмалды спиртке айналдыратынын ашты. Организм сұйығында осылай реакция катализін іске асыратын молекулаларды Фредерик Кюне «энзимдер» деп атаған. 1926 жылы Джеймс Самнер алғаш рет уреаза ферментін кристалл күйінде бөліп алып, оның нағыз белок екенін көрсетті. Содан кейін 1930 жылы Джон Нортроп пен Мосес Кунитц те пепсин мен трипсин ферменттерін кристаллдап, олардың белоктар екенін дәлелдеді. Сонымен, қазіргі кезде бірқатар каталитикалық РНҚ-дан басқа ферменттердің табиғаты белоктар екені толық дәлелденген.

Басқа да белоктар секілді ферменттердің де молекулалық салмақтары 12000-нан миллионға дейін жетеді. Кейбір ферменттердің молекуласында амин қышқылдарынан басқа химиялық қосылыстар брлмайды. Ал, басқа түрлерінің молекуласының құрамына қосымша «кофактор» деп аталатын бейорганикалық (мысалы Fe2+, Mg2+, Mn2+, Zn2+) немесе органикалық иондар кіреді.

 

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных