Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кейінгі тергеу әрекеттері




Алаяқ қылмысын тергеудің кейінгі кезеңінде тергеуші қылмыстық іс бойынша жиналған материялдарды жүйелейді және оған талдау жасайды, жоспар құрьіп, қажетті схемалары мен кестелерін сызып, сот сараптамасын тағайындайды, айыпкерден қосымша жауап алады және олардың қатысуымен беттестіру жүргізеді, куәгерлердің санын көбейтуге шаралар қолданады, тану үшін көрсету әрекеттерін және тергеу эксперименттерін жүргізеді. Осы аталған кезенде тергеуші: алаяқтың кінәлілігі туралы алынған мәліметгерді тексеру; жаңа дәлелдемелерді жинау; бұрын қылмыска қатысқан белгісіз кейіпкерлер мен алаяқтарды анықтау; қашып жүрген қылмыскерді іздестіру; алаяқтық нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен құндылықтарды іздестіру; айыпкердің жеке басын анықтау; алаяқтық қылмысын жасауға себеп болған жағдайларды анықтау әрекеттерін жүргізеді. Тергеудің кейінгі кезеңіндегі тергеушінің жүргізетін тергеу және басқа да әректтерін нақтылап қарастырып өткен жөн.

Қарастырылып отырған қылмыстық істердің категориясы бойынша жүргізілетін сот сараптамасының шеңбері - алаяқтың қолданылған тәсілі мен анықталуға жататын жағдайларға байланысты өте кең.

Алаяқгарды әшкерелеу үшін, олардың қылмыс жасау кезінде қалдырған қол, аяқ іздеріне дактилоскопиялық, трасологиялық сараптама жүргізіледі. Бүтінді бөлшек бойынша анықгау қажеттігі туындаған жағдайда трасологиялық сарап­тама тағайындалады. Жасанды құнды бұйымдарды сатқан кезде гемологиялық сараптама жүргізеді. Қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған аляқтық әрекеті кезінде сот-бухгалтерлік сараптама жүргізілуі мүмкін.Қолжазба сараптамасына қолжазуды және жекеленген жазбаларды, қосып жазуды, жалпы мэтінді жазған орындаушыны анықтау үшін құжаттар жіберіледі. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың құрылтай шарттарына (келісімге), мәмілеге, қолхаттарға қойылған қолдары, кіріс және шығыс құжаттарындағы қосып жазу жазбалары зерттеледі.

Машинкамен басылған, баспаналық және басқа да әдістермен басылған құжаттардың қолдан жасалғандығын анықтау үшін құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы тағайындалады.

Құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы құнды қағаздар-дың, лицензиялардың, сертификат сараптамасының, төлем карточкаларының, банктік және қаржылық-бухгалтерлік құжаттардың, поспорттар мен куәліктердің жалғандығын және оларды жинау әдістерін анықтайды. Жалған құжат-тарды жасаған кезде немесе оны пайдаланған жағдайда техникалық құралдарда (ксерокстер, факс-модемдер, принтерлер) зерттеудің обьектісі болуы мүмкін, әртүрлі ақпараттарды жинау, жүйелендіру үшін автоматтандырылған кұралдарды, бухгалтерлік есепті басқару жүйесіне енгізіп ЭЕМ-ді (ЭВМ) қолдану кеңінен таралып отыр. Заңды тұлға атынан жасалатын әрекеттерде ЭЕМ-ді жиі қолданады, сондықтан да алаяқтық қылмысын тергеу үшін акционерлер мен салымшылардың компьютерге енгізген қаржы операциялары мен жиналған ақша қаражаттары женіндегі мәліметтерді тексеру қажетгілігіне байланысты компьютерлік-криминалистік сараптама тағайындалады. Сараптаманың Бұл түрі ЭЕМ қолданушысын және программист анықгауға,ақпараттық өзгерісті қалпына келтіруге, рұқсат етілмеген әдісті қолдана отырып компьютер жүйесіне кіру фактісі мен әдісін аныцтауға мүмкіндік береді.

Айыпкерден қосымша жауап алу тергеудің алғашқы кезінде бүрын белгісіз болған көріністер бойынша берген түсініктемелерін нақтылау және анықтау мақсатында алғашқы ұсынған құжаттары туралы түсініктерді, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысы бойынша түсініктер алу үшін жүргізіледі.

Айыпкер мен іске қатысқандардың берген жауаптарында қарама-қайшылық туындаған жағдайда беттестіру.

әрекеті, сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттері жіргізіледі.

Тергеу эксперименті кезінде айыпкердің алаяқтық механизмі қүрамына кіретін әрекеттерді және басқа да операцияларды жасау мүмкіндігі терсеріледі. Оларға: жалған құжаттар мен көмекші техникалық құралдарды дайындау; жәбірленушінің жеке мүлкін иеленуге байланысты жасалған айла әрекетті т.б. әрекеттерді бақылау мүмкіндігі жатады.Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші тінту жүргізіп, мүлікке және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тоқтам салады, мекемелер мен ұйымдарға сұраулар жіберіледі.Айыпкердің иелігіне жататын тұрғын-жайларды іздестіруші қатарына, тұрғын-жайларды бөлетін және оларды тіркейтін бөлімдер, техникалық инвентаризация бюросы, нотариадды кеңселер, жылжымайтын мүлікті, түрғьш-жайларды жекешелендіру қорының бөлімдері кіреді. Ауылдық жердегі жеке меншік үй, саяжай, коттедж, жер учаскелері жерплікті атқару органдарымен анықталады. Көлік кұралдарын сату, сатып алу. иелену. пайдалану жөнінлегі мәліметтер МАИ арқылы анықталады. Ал транспорт құралдарын шетелден экелу жайлы мәліметтерді кеден комитетінен анықтап білуге болады.

Акционерлік қоғамдар өздері шығаратын акциялар мен олардыд сертифи-каттарын, банктік-чектер мен жинак кітапшаларын, депозитгік сертификаттар мен несиелік карточкаларды, вексельдерді есепке алады.

Салық инспекциясы арқылы айыпкердің жылдық табысы туралы деклара­циями өткізгендігі және ол қандай мүлікке немесе көлік кұралына байланысты салық төлегені жөніндегі мәліметтер анықталады.

Айыпкердің шетелде жылжымайтын мүліктері және шетелдік фирмалар мен банктерде салынған салымдары бар, не жоқ екендігі туралы мәліметтерді тергеуші Қазақстан Республикасы ІІБ-ң Интерполының Ұлттык орталық бюросы арқылы анықтайды. Айыпкерге тиесілі мүлік анықталған жағдайда сот шешімі шыкқанға дейін. оның сақталуына шаралар қолданады.

Бағалы заттар мен акшалар Ішкі Істер органдарының каржылық-бөлімше-леріне сақтауға беріледі, автокөліктер жол полициясының арнайы тұрақтарына койылады. Тұрғын-жайларындағы жиьаздар мен өзге де заттар, мүлікке тоқтам салу туралы тізімге тіркеледі. Бағалы кағаздар, оларды шығарған эмиттерге міндетті түрде айыпкердін есептік пластикалық карточкасы бойынша тоқтата тұруды хабарлай отырып алынуға тиіс.

Айыпкердің есептік карточкасы бойынша банктік және каржылық ұйымдарға «стоп листі» аркылы төлемдерін тоқтатуын талап етуі мүмкін. Банктік есебінде ақшалай немесе валюталай қаржысы болса, оларга токтам салу туралы қаулы жіберіледі. Сонымен қатар, алаяқтық басқа да заңды және жеке түлғаларға жалға берген мүліктері мен кепілдікке берудің обьектілеріне, яғни заттарға да токтам салынады.


VIII тарау






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных