Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүйректің қызметтері. Бүйрек маңызды сыртқа бөліп шығаратын мүше болып табылады.Бүйрек– бұл жұп мүше




Анықтама

Бүйрек маңызды сыртқа бөліп шығаратын мүше болып табылады.Бүйрек– бұл жұп мүше, себебі олар екеу болады және омыртқаның екі жағында орналасады.Екі бүйректің массасы дене салмағының 0,45-0,70% құрайды. Құрамындағы су -83%, құрғақ қалдық – 17% құрайды.

Бүйректің қызметтері

Бүйрек ағзада сыртқа шығару, гомеостазды, артериялық қысымды ұстап тұру, биологиялық-активті заттардың түзілу, улы заттарды залалсыздандыру, заттардың метаболизміне қатысу қызметтер атқарады.

Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі

Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректің бұл қызметі зәр түзу және оның концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.

Реттеуші-гомеостатикалық қызметі

Бүйрек ағзадағы иондардың концентрациясын, судың мөлшерін, қышқыл-сілтілі тепетеңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның, әртүрлі заттардың деңгейін реттеуге қатысады. Мысалы, бүйрек глюкозаның, креатинин, мочевина және басқа метаболиттердің деңгейін реттеп отырады.

Бүйректе барлық заттардың аралық алмасуының реакциялары интенсивті өтеді. Бүйректе улы заттар, мысалы, глицинмен конъюгирлену жолымен залалсызданады.

Бүйректің эндокриндік қызметі

Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері, эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады.Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады, сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады.

Нефрондар

Бүйректің негізгі қызметтері нефрондарға байланысты болады. Нефрон –бүйректің құрылымдық-функционалды бірлігі. Нефрондар екі түрлі болады: кыртыстықжәне юкстамедуллярлық. Бұл нефрондар қызметтері бойынша ерекшеленеді.Ағзада су қалыпты мөлшерде болғанда қан плазмасының көлемін қыртыстық нефрондар реттейді, ал су жеткіліксіз болғанда, юкстамедуллярлық нефрондарындаоның реабсорбциясы күшееді.

 

Сіздің назарларыңызға берілген тапсырмаларда бір, екі, үш немесе бірнеше дұрыс жауаптар болады. Барлық дұрыс жауаптарды қаламмен қоршаңыз.

1.Бүйрек ағзадан бөліп шығарады

1) Метаболизмнің соңғы өнімдерін

2) Метаболизмнің аралық өнімдерін

3) тұздарды

4) дәрілерді

5) бояуларды

6) улы заттарды

2.Бүйрек ағзадан бөліп шығарады

1) белоктарды 6) креатининді
2) креатинді 7) мочевинаны
3) глюкозаны 8) альдегидтерді
4) индиканді 9) кетон денелерін
5) пептидтерді 10) гиппур қышқылын

 

3. {мочевина, креатинин, гиппур қышқылы, индикан} МЕТАБОЛИЗМНІҢ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРІ БОЛЫП ШЫҒАРЫЛАДЫ КЕЛЕСІ МҮШЕ АРҚЫЛЫ

1) бүйрек

2) бауыр

3) жүрек

4) ми

5) өкпе

 

4. {осмостық, артериалдықысымды, бірқатар заттардың қалыпты деңгейін}ҰСТАП ТҰРУ КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТКЕ ЖАТАДЫ

1) реттеуші

2) сыртқа бөліп шығару

3) концентрлеу

4) антитоксикалық

5) эндокриндік

 

5. БҮЙРЕКТЕ ТҮЗІЛЕДІ

1) эритропоэтин

2) паратгормон

3) кальциферол

4) гемоглобин

5) гаптоглобин

ОЛ ТҮЗІЛУІН СТИМУЛДЕЙДІ

1)эритроциттердің

2)гемоглобиннің

3)кальцитриолдың

4)лейкоциттердің

5)тромбоциттердің

6. {Креатинин, мочевинаны, гиппур қышқылын} БҮЙРЕК

1) сыртқа бөліп шығарады

2)сыртқа бөліп шығармайды

 

7. АртериалдыҚЫСЫМДЫ реТТЕЙДІ

1) бүйрек

2) бауыр

3) ішек

4) қалқанша безі

5) гипофиз

СЕБЕБІ БҰЛ МҮШЕДЕ ТҮЗІЛЕДІ

1) ренин

2)альдостерон

3)сурфактант

4)трийодтиронин

5)тироксин

8.БҮЙРЕКТЕГІ КОНЪЮГАЦИЯ РеакцияСЫНА ҚАТЫСАДЫ

1) глицин

2) аланин

3) лейцин

4) изолейцин

5) валин

 

9. эритроцитТЕРДІҢ ТҮЗІЛУІН стимулДеЙДІ

1) эритропоэтин

2) интерферон

3) гамма-глобулин

4) интерлейкин

5) тромбопластин

СОНДЫҚТАН БҰЛ ЗАТТЫҢ синтетиКАЛЫҚ аналогЫ МЕДИЦИНАДА КЕЛЕСІ АУРУДЫ ЕМДЕУГЕ ҚОЛДАНАДЫ

1) анемия

2) пурпур

3)лейкоз

4)миелома

5)ДВС-синдром

 

10. {Креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппурқышқылы, индикан және басқа эфиркүкіртжәне эфирглюкурон қышқылдар, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин} БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

1) метаболизмнің соңғы өнімдері

2) метаболизмнің аралық өнімдері

3) метаболизмнің бастапқы өнімдері

4) дәрілер залалсызданғанда түзілетін соңғы өнімдер

5) этанол алмасуының аралық өнімдері

 

11. БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ

1) гипертония

2) гипотония

3) коллапс

4) дистония

5) атония

СЕБЕБІ БҮЙРЕКТЕ ТҮЗІЛЕДІ

1) ренин

2) эритропоэтин

3) кальцитриол

4) кальцидиол

5) ренин

ОЛ РЕТТЕЙДІ

1) артериалдыққысымды

2) қандағы глюкоза деңгейін

3) креатинин деңгейін

4) осмостық қысымды

5) қышқыл-сілтілі тепетендікті

 

12. БҮЙРЕК АРҚЫЛЫ ШЫҒАРЫЛАТЫН ҚЫШҚЫЛДАР

1) эфиркүкірт

2) эфирбромды

3) эфиркүкіртсутекті

4) эфирфторды

5) эфирглюкурон

 

13.ҚЫРТЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЮКСТАМЕДУЛЛЯРЛЫҚ НЕФРОНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ

1) ағзадағы судың мөлшеріне

2) ағзадағы белоктың мөлшеріне

3) ағзадағы глюкозаның мөлшеріне

4) ағзадағы кетон денелерінің мөлшеріне

5) ағзадағы липидтердің мөлшеріне

 

14. нефронДАРДЫҢ ӘР ТҮРЛЕРІНІҢ САНЫ

1) екі

2) үш

3) төрт

4) бес

5) алты

 

15. НефронДАР ЕКІ ТҮРЛІ БОЛАДЫ

1) қыртыстық (кортикалды)

2) юкстамедуллярлық

3) юкстагломерулярлық

4) медуллярлық

5) субкортикалды

 

«Ашық тесттік түрде тапсырманы толықтыру»

 

16.БҮЙРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫ БІРЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ _______________________.

17. БЙРЕК ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕЙДІ ________________________________________.

 

18. БҮЙРЕК ЭНДОКРИНДІК ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ, СЕБЕБІ ОНДА ТҮЗІЛЕДІ ______________________________________________________________.

 

19. БҮЙРЕКТІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ _____________________________.

 

20.ҚАННАН МЕТАБОЛИЗМНІҢ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРІН; ТҰЗДАРДЫ; ДӘРІЛЕРДІ; БОЯУЛАРДЫ, УЛЫ ЗАТТАРДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ –БҰЛ БҮЙРЕКТІҢ КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТІ ДЕП АТАЛАДЫ ____________________

21. БҮЙРЕКТЕ УЛЫ ЗАТТАР КЕЛЕСІ РЕАКЦИЯ АРҚЫЛЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНАДЫ __________________________________.

 

 

22. БҮЙРЕКТІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ТҮЗУ ҚЫЗМЕТІ АТАЛАДЫ _____________________________.

 

 

23. БҮЙРЕКТІҢ СЫРТҚА БӨЛІП ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ ОЛАРДЫҢ КЕЛЕСІ ҚАБІЛЕТТІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

__________________________________________________________________

 

7.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

53. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

54. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

55. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

56. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

 

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

54. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

55. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

56. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

Бақылау

1.Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің мөлшері.

2.Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің меншікті салмағы.

3.Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің рН-ы.

4.Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі зәрдің иісі, түсі, мөлдірлігі.

5.Дені сау адам зәрінің химиялық құрамы (ағылшын, қазақ-орыс тілдерінің бірінде).

6.Индикан және басқа да эфиркүкірт, эфирглюкурон қышқылдары, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі осы заттардың мөлшерінің арту себептері.

7.Креатинурия, креатиннің құрылысы және оның түзілуі, креатиннің бүйрек шегі туралы түсінік, креатинурияның себептері.

8.Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту себептері.

9.Гиппур қышқылы, химиялық табиғаты, түзілуі, зәрдегі мөлшерінің арту және төмендеу себептері.

10.Глюкозурия, түрлері және себептері.

11.Протеинурия, түрлері және себептері.

12.Кетон денелері – өкілдері, химиялық табиғаты және түзілуі, кетонурия – себептері.

13.Тікелей емес және тікелей билирубин, химиялық табиғаты және түзілуі, билирубинурия – себептері.

14.Гематурия – себептері. Эритроцитурия және гемоглобинурия туралы түсініктер. Осы күйлерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

15.Зәр диастазасы, түсінік, себептері.

 

ОСӨЖ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных