Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ытайдағы қазақ мәдениет қоғамының басшыларымен бірге




 

Ондағы мақсат - екі елдің достық қарым-қатынасын,өнер-мәдениет саласындағы достықты нығайту. Қазақ мәдениетін, бейнелеу өнерін дамыту іс-шараларына, сол жақтағы қандастарымыздың бейнелеу өнері жолындағы даму жетістіктерін: мәдени, салт-дәстүр, жаңа заман мәдениетінің дамуын, өнер жолының ілгерілеуін өз көзімізбен көріп, куә болып қайттық. Сол көрмеден менің «қазақ даласынан сыр» атты туындым көрермендер лебізіне бөленді. Оның себебі, менің туындымда қазақ даласындағы бұрыннан қалған байырғы тас дәуірінен бастап Түркі қағанаты мен қазақ хандықтары заманындағы тасқа қашалып салынған бейнелер, таңбалар, жан-жануарлардың және адам қимылын, сол замандағы тарихтан сыр шертетін соғыс құралдарын және соғыс майданын бейнеленген бейнелер тағы да басқалары менің туындымнан бірден көрініп кеткендігі деп ойлаймын.

 

 

«Қазақ далсынан сыр»

 

Сол орайда, мен Шинжаң қазақ телеканалында режиссер және диктор болып жұмыс атқаратын Қуандық Көгенұлымен таныстым. Ол кісі мені бірден әңгімеге тартып, өнер жолындағы ойымыз тоғыса кетті. Әңгіме өте қызықты бола бастады. Өйткені, менің мамандығым суретші болғанымен, суретшінің түп тамырының атам-заманғы тас дәуірінен-ақ басталған және бал-бал тастар мен сын тастар, жартастағы таңба жазу, бейнелерімен егіз еді. Сонымен қатар, өзім де тарихқа қызығатындықтан туындыларымның кейбірі тарихи мұрағаттар жанрында болып келеді. Және Қазақстан көркем академиясының мүшесіне қабылданғаннан кейін Қазақстан даласындағы қорғандар мен жартастағы суреттерді зерттеу жұмысына қызыға қатысып отыратындықтан, тарихпен сурет өнері егіз, бөлінбес бір тұлға ретінде қарайтындығым Қуандық ағамызға да ұнаған сыңайлы. Әңгімеміз жарасып кетті. Ол кісінің «Базар бауырым, қазақ бейнелеу өнері және мүсін өнерінің қайнары сынтастарда жатыр. Жәдігерлікті жадыңда жақсы сақтағайсың» - деп ризашылықпен айтқан сөзі Қытайдағы қазақ қандастарымыздың сол жердегі байырғыдан бергі қазақ тарихынан сыр шертетін жартастағы жазулар тастағы бейнелер және жусан иісі аңқыған даладағы сынтастар мен бал-балдарды аманат ретінде тапсырған тәрізді құлағымда жаңғырып қала берді.

 

 

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных