Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Цитоқаңқаның конформациялық қайта құрылуын және құрылысын анықтаңыз.




Гиалоплазманың микротрабекула торы: 1-трабекулярлы жіп; 2-микротүтікше; 3-полисомдар; 4-клеткалық мембрана, 5-эндоплазмалық тор; 6-митохондрия; 7-микрофиламенттер;

Цитоқаңқа.

Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға (миграция), цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Цитоқаңқа - жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады.

Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.

Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.

Цитоқаңқа құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды роль атқарады. Олар:

1. Органеллалардың цитоқаңқаға жабысуына;

2. Органеллалардың бағыты қозғалуын қалыптастыруға;

3. Цитоқаңқа байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді.

Цитоқаңқа немесе жасуша қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады.

Микротүтікшелер жасушаның бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль жасуша орталығында жасалады. Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның тіректік құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Мысалы, бұл қасиетті сыртқы ортамен байланыстыратын эпителий ұлпаларынан байқауға болады.
Микротүтікшелер жасушаішілік зат тасымалдауға қатысады.

Аралық филаменттер жасушада жуандығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан, оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады. Әрбір ақуыз – антиген, сондықтан олардың әрқайсысына сәйкес антидене түзілуі керек. Егер мысалы, флюоресцентті белгімен белгіленген антигенді ағзаға енгізсе, ол өзіне сәйкес ақуызды шоғырландырады. Аралық филаменттердің ақуыздары жасушалардағы біршама өзгерістерге қарамай өз қасиеттерін сақтайды. Сондықтан, арнайы белгіленген антиденелерді аралық филаменттердің ақуыздарына қолдана отырып, қай жасуша қатерлі ісіктің алғашқы көзі болғанын анықтауға болады.

Микрофиламенттер – 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынан құралады. Актин молекулаларының 10-шақты түрі анықталған. Сондай-ақ, актинді филаменттер цитоқаңқаның тіректік құрылымын түзетін шоқтарға топтастырылады.Жасушада актиндердің екі пішіні болуы мүмкін: мономерлі (глобулды актин) және полимерленген (фибрилді) актин. Актиндермен қатар микрофиламенттерді түзуде тропонин, тропомиозин секілді басқа да пептидтер қатысады. Осындай миозиннің полимерленуіне Ca иондары қажет. Кальцийді қосу С тропонинінің қатысуымен жүреді.

Морфологиялық белгісіне қарай цитоплазманың органеллаларын 2 топқа бөлеміз: мембраналы және мембранасыз.

Мембраналы органеллалардың өзі 2-ге бөлінеді:бірмембраналы және қосмембраналы. Бірмембраналы органеллаларға – эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомалар, пероксисомдар және басқа да маманданған вакуольдер, сонымен бірге плазматикалық мембрана жатады. Қосмембраналы органеллаларға митохондрия және пластидтер, клеткалық ядро жатады.

Мембранасыз органеллаларға рибосомдар, жануар клеткасының клетка орталығы жатады.

 

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам!