Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Практикалық сабақ: Базалық примитивтермен жұмыс.




Жұмыстың мақсаты: Базалық примитивтермен танысу

Түзу ( LINE ) -

LINE командасының сұраныстары:

Specify first point: кесіндінің бастапқы нүктесін көрсету

Specify next point or [Undo]: кесіндінің соңғы нүктесін көрсету

Specify next point or [Close/Undo]:

Specify next point or [Close/Undo]:

Түзу командасы ЕNTER батырмасы басылғанға дейін түзу сыза береді.

LINE командасының кілттері (опциялары):

- Close – түзуді тұйықтау:

- Undo – соңғы сызылған түзуді болдырмау.

Конструкциялық түзу (ХLINE) -

Конструкциялық түзу көмекші түзулер сызу үшін қолданылады. Түзулер үш өлшемді кеңістіктің кез-келген жерінде орналаса алады. Үнсіз келісім түрінде түзулер екі нүктесін көрсету арқылы тұрғызылады. Бірінші нүктесі түпкі нүктесі деп аталады – бұл түзудің шартты ортасы болып саналады. ХLINE командасының сұраныстары:

Specify a point or [Нor/ Ver/ Аng/ Bisect/ Offset]: - нүктені көрсету

Specify through point: - түзу өтетін нүктені көрсету

Specify through point:

ХLINE командасының кілттері (опциялары):

-Нor – көрсетілген нүкте арқылы горизанталь түзу сызу;

-Ver - көрсетілген нүкте арқылы вертикаль түзу сызу;

-Аng - бұрышпен берілген түзу сызу;

-Bisect – көрсетілген үш нүкте арқылы биссектриса тұрғызу.

-Offset – базалық түзуге қатысты орын ауыстыру.

Сәуле (RAY) -

Сәуле үш өлшемді кеңістікте берілген нүктеден басталып шексіздікке дейін созылатын түзулерді құрайды. Конструкциялық түзуден айырмашылығы сәуле бір бағытта ғана шексіз болып келеді. RAY командасының сұраныстары:

Specify start point: - бірінші нүктені көрсету

Specify through point: - сәуле өтетін екінші нүктені көрсету

Политүзу (PLINE) -

Политүзу өзара байланысқан сызықтық және доға сегменттерінің тізбегінен тұрады.

PLINE командасының сұраныстары:

Specify start point: - бастапқы нүктені көрсету

Current line-width is 0.0000 – политүзудің ағымдық ені

Specify next point or [Arc/Halfwidth/ Length/ Undo/ Width]: - келесі нүктені көрсету

Specify next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]:

PLINE командасының сұраныстары циклды түрде ұйымдастырылған. Цикл Enter батырмасын басқаннан соң аяқталады. PLINE командасының кілттері (опциялары):

Arc - команданы доға сызу режиміне аударады;

Close – политүзуді кесіндімен тұйықтайды;

Halfwidth - жартылай енін енгізу;

Length – алдыңғы сегментті жалғастырушы түзудің жартылай енін ензізу;

Undo – соңғы сызылған сегментті болдырмау;

Width – келесі сызылатын сегменттің енін беру.

PLINE командасы доға режиміне көшкен кезде сұраныс төмендегідей өзгереді:

Current line-width is 0.0000 - политүзудің ағымдық ені

Specify next point or [Arc/Halfwidth/Length/Undo/Width]: ARC – доға тұрғызу режиміне көшу

Specify endpoint of arc or [Angle/Center/Close/Direction/Halfwidth/Line/Radius/Second pt/Undo/Width]: - доғаның соңғы нүктесін көрсету

Доға тұрғызу режиміндегі PLINE командасының кілттері (опциялары):

Angle – центрлік бұрышты енгізу;

Center – доғаның центрін көрсету,

Close – доғамен тұйықтау;

Direction – жанаманың бағытын беру;

Halfwidth – политүзудің жартылай енін анықтау;

Line – кесінді тұрғызу режиміне көшу;

Radius – доғаның радиусын енгізу;

Second pt – үш нүкте арқылы доғаның екінші нүктесін көрсету;

Undo - соңғы нүктені болдырмау;

Width – политүзудің енін анықтау.

Мысал 1. Енін енгізу арқылы политүзу тұрғызу

PLINE командасын іске қосып, сұраныстарына жауап беріңіз:

Specify start point: 40, 10 - 1 нүкте

Current line-width is 0.0000

Specify next point or [Arc/Halfwidth/Length/Undo/Width]: W – политүзудің енін енгізу режиміне көшу

Specify starting width <0.0000>: 0.5 – бастапқы ені

Specify ending width <0.0000>: 0.5 – соңғы ені

Specify next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: 50,12 – 2 нүкте

Specify next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: W – политүзудің енін енгізу режиміне көшу

Specify starting width <0.5000>: 3 – бастапқы ені

Specify ending width <3.0000>:0 – соңғы ені

Specify next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: 60,14 – 3 нүкте

Specify next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/Undo/Width]: - команда жұмысын аяқтау үшін Enter батырмасына басыңыз.

 

2

 

 

Көпбұрыш (POLIGON) -

Көпбұрыш қабырғалары 3-тен 1024-ке дейінгі дұрыс көпбұрыш сызуға мүмкіндік береді. Команданы таңдағаннан кейін көпбұрыш қабырғасының санын, келесі сұранысты центірін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш енгізудің үш әдісінің бірін таңдаймыз:

1-Edge (Сторона)-көпбұрыш қабырғасының орналасуын екі нүкте арқылы анықтайды.

2-Inscribed in circle (Вписанный вокружность)-көпбұрыштарды центрі және радиусы арқылы сызады.

3-Circcumscribed (Списанный вокруг,окружность)-көпбұрыш болатын шеңбердің центрін және радиусын сызады.

Шеңбер ішіндегі көпбұрыштар төбесі мен центрінің ара қашықтығы белгілі болған жағдайда, ал шеңбер сыртындағы көпбұрыштар көпбұрыш центрімен қабырғаларының ортасы белгілі болған жағдайда тұрғызылады.

Тікбұрыш (REETANGLE) -

Екі қарама-қарсы төбелерін беру арқылы тікбұрыш сызуға мүмкіндік береді. Оның екі опциясы бар:

1-Chamfer (Фаска)-төбесімен екі қабырғаның ортасына берілген қашықтықта бұрыштарды қосады.

2-Fillet (Скругления)-радиусын енгізу арқылы бұрыштарды енгізу.

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных