Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары




Модуль

1. «Адам», «тұлға», «индивид» ұғымдарының өзара арақатынасы.

2. Тұлғаның дамуының биологиялық және әлеуметтiк факторлары.

3. Қажеттiлiктер деп ненi айтады?

4. Тұлғаның даму бағыт-бағдарлары қандай?

5. Тұлғаның әлеуметтiк ролi қалай анықталады?

6. Қарым-қатынастың негiзгi түрлерi қандай?

7. Әлеуметтiк психологияда топтар қандай түрлерге бөлiнедi?

8. Топ пен ұжымның өзгешелiктерi.

9. Тұлғааралық (тұлға iшiлiк) қарым-қатынастардың сипаты және оған керi әсер ететiн факторлар (конфликт).

10. Iс-әрекеттiң құрылымы қандай?

11. Негiзгi түрлерiне не жатады?

12. Iс-әрекет үшiн ниеттер мен түрткiлердiң (литив) атқаратын ролi қандай?

13. Iс-әрекеттi басқару мүмкiндiктерi.

14. Бiлiм мен икемдiлiк арасындағы байланыс себептерi қандай.

15. Дағды және әдеттердiң бiр-бiрiнен өзгешелiктерi мен ұқсастықтары.

16. Шаршау мен болдырудың психологиялық сипаты мен iс-әрекетке зияны.

17. Iс-әрекеттегi белсендiлiктiң маңызы.

18. «Жетекшi iс-әрекет» түсiнiгi ненi бiлдiредi?

19. Эмоцияның қазақша мағынасы ненi бiлдiредi?

20. Эмоция мен сезiмдердiң айырмашылығы неде?

21. Стеникалық және астеникалық деп қандай сезiмдердi айтады?

22. Ми әрекетiнiң эмоция мен сезiмдерге ықпалы қандай?

23. Эмоцияның қандай түрлерi бар?

24. Жоғары деңгейдегi сезiмдердiң түрлерi қандай?

25. Стресс пен дистресс туралы не бiлесiң?

26. Ерiк дегенiмiз не?

27. Адам ниетiнiң өрiсi мен ерiк әрекетi арасында қандай байланыс болуы мүмкiн?

28. Ерiктiң физиологиялық негiзi неде?

29. Ерiк амалы қандай кезеңдерден тұрады?

30. Ерiктi әрекет деген не?

31. Ерiктiң қандай сапалары бар?

32. Өзiн реттеудiң ерiк сапаларын қалыптастыруға ықпалы бар ма?

33. Темперамент туралы iлiм қалай дамыды?

34. Темпераменттiң физиологиялық негiзiн жасаған кiм?

35. Жүйке процестерiнiң қандай ерекшелiктерi ескерiлдi?

36. Темперамент типтерiнiң жүйке жүйесi ерекшелiктерiне тәуелдiгi қалай анықталады?

37. Сангвиниктiк типтiң психологиялық ерекшелiктерi қандай?

38. Холериктiң ерекшелiктерi қанадй?

39. Меланхолик қандай мiнез-құлықпен сипатталады?

40. Флегматиктiң психологиялық сипаты?

41. Темперамент типiн өзгертуге бола ма?

42. Мiнез деп ненi айтады?

43. Мiнез қандай құрылымнан тұрады?

44. Мiнез тереңдiгi деген не?

45. Мiнездiң күшi неде?

46. Мiнез темпераментпен қалай байланысады?

47. Мiнездi қалыптастыруда елiктеу қандай роль атқарады?

48. Өзiн тәрбиелеу арқылы мiнездi өзгертуге бола ма?

49. Қабiлеттiлiк қандай көрсеткiштерден көрiнедi?

50. Нышан дегенiмiз не?

51. Дарындылық деп ненi айтады?

52. Данышпандық қандай қасиет?

53. Қабiлеттiң қандай түрлерi бар?

54. Талант қабiлеттiлiктiң қандай деңгейi?

 

Тестік тапсырмалар

І-нұсқа

1.Адамның психологиялық өзгешелiгi оның iс-қылығына байланысты болатынын анықтап, зерттейтiн ағымды анықтаңыз:

А) Дифференциалдық психология

В) Психоанализ

С) Салыстырмалы психология

Д) Гештальтпсихология

Е) Бихевиоризм

2.Психологияның негiзгi әдiстерi:

А) Анкета, әңгiме

В) Тест әдiсi

С) Диагностикалық

Д) Дамытушы әдiстер

Е) Байқау, эксперимент

3.Психология жан туралы iлiм ретiнде:

А) ХХ ғасырдың аяғында пайда болды

В) ХIХ ғасырда пайда болды

С) ХIХ ғасырдың ортасында дүниеге келдi

Д) XVIII ғасырда пайда болды

Е) Бiрнеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болды

4.Индивидтiң белгiсi:

А) Даму бағыты бар

В) Мақсат-мүддесi анық

С) Іс-әрекет пен қарым-қатынаста маңызды орын алады

Д) Психикалық әрекеттердi талдау

Е) Тiршiлiк етушiлердiң бiр түрi

5.Тұлғаның қажеттiлiктерi:

А) Қоғамдық

В) Сана мен психика

С) Іс-қылық

Д) Іскерлiк

Е) Биологиялық және әлеуметтiк

6.Iс-әрекеттiң түрлерi:

А) Оқу, ниет, қажеттiлiк

В) Дағды, ниет

С) Әдеттер, ойын

Д) Ниет, икемдiлiк

Е) ойын, еңбек, оқу

7.Әдеттiң пайда болу жолы:

А) Мақсат қою арқылы

В) Оқып-үйрену арқылы

С) Сезiм арқылы

Д) Мiнез арқылы

Е) Көру, қайталау, елiктеу арқылы

8.Алғашқы әсерлерге жатады:

А) Интерпретация, идентификация, стереотип

В) Идентификация, жаңалық, ореол

С) Ореол, идентификация, рефлексия

Д) Эмпатия, рефлексия, стереотип

Е) Стереотип, ореол, жаңалық

9.Ишара белгiлер, мимика, пантомимика қай топқа жатады:

А) Визуаликалық

В) Экстра-паралингвистикалық

С) Проксемикалық

Д) Вербальдық

Е) Оптико-кинетикалық

10.Темперамент туралы ғылыми түсiнiктi жасаған ғалым:

А) Гиппократ

В) К.Юнг

С) Э.Кречмер

Д) В.Сеченов

Е) И.П.Павлов

11.Қабiлеттiң түрлерi:

А) Жалпы, арнайы

В) Математикалық, компьютерлiк

С) Биологиялық, әлеуметтiк

Д) Ырықты, ырықсыз

Е) Дарын, дана

12.Адамгершiлiк сезiмiне жатады:

А) Жауапкершiлiк

В) Қызығу

С) Таңғалу

Д) Өзiне сенiмдiлiк

Е) Бағдарлау.

13.Эмоциялық процесс мынадай үш негізгі құрылымнан тұрады:

А) Эмоциялық қозу, эмоция белгісі, эмоцияны қадағалау дәрежесі.

В) Эмоциялық қысым, қозу, бағдар және бақылау.

С) Оқиғаны бағалау, эмоциялық рең, шектен тыс қозу.

Д) Тітіркену, қажеттіліктер, сыртқы әсерлер.

Е) Эмоция көзі, оқиға, тітіркендіргіштердің әсер ету дәрежесі.

14. Коммуникативтік эмоциялар дегеніміз:

А) Жақын және сыйлы адамдардан қолдау күту.

В) Басқа адамдарды қуанту мен бақытты етуге тырысу.

С) Көпшілік құрметіне бөлену.

Д) Жұмысқа бар жан-тәнімен берілу.

Е) Әдеттен тыс, ғажап жағдайларға ұмтылу.

15. Романтикалық эмоциялар дегеніміз:

А) Әдеттен тыс, ғажап жағдайларға ұмтылу.

В) Жақын және сыйлы адамдардан қолдау күту.

С) Көпшілік құрметіне бөлену.

Д) Жұмысқа бар жан-тәнімен берілу.

Е) Басқа адамдарды қуанту мен бақытты етуге тырысу.

16. Адамды бүтіндей билеп-төстеп, оның ойы мен әрекетінің беталысын өзіне тәуелді ететін күшті сезім:

А) Құмарлық.

В) Махаббат.

С) Ерік күші.

Д) Адалдық.

Е) Адамгершілік.

17. Эмоциялар мен сезімдер адамның іс-әрекет белсенділігіне ықпал етуіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

А) Стеникалық және астеникалық.

В) Ырықты және ырықсыз.

С) Күшті және әлсіз.

Д) Ұзақ және қысқа.

Е) Терең және таяз.

18. Бұл ұғымды канадалық ғалым Ганс Селье енгізген:

А) Стресс.

В) Аффект.

С) Апатия.

Д) Фрустрация.

Е) Депрессия.

19. Сезімге ғана емес, өзін қорғау инстинктіне байланысты пайда болатын құбылыс:

А) Аффект.

В) Депрессия.

С) Стресс.

Д) Апатия.

Е) Фрустрация.

20. Адамның өзінің іс-әрекетіне қатысты қоғам үшін, жеке әлеуметтік топ үшін маңызды болып табылатын эмоциялық әсерленуді не деп атайды:

А) Құрмет.

В) Ұят.

С) Парыз.

Д) Ар, намыс.

Е) Әділдік.

21.Эмоцияларды стеникалық және астеникалық деп бөлудің негізі:

А) Тұлғаның жеке ерекшелігіне байланысты.

В) Ағзаның ресурстарын жұмсауына байланысты.

С) Қажеттіліктермен байланысты.

Д) Белгілеріне қарай.

Е) Эмоциялардың күші мен ұзақтығына қарай.

22. Кез-келген ерік әрекетінің қорытынды кезеңі:

А) Мотивтер күресі.

В) Талпыныс.

С) Шешім қабылдау.

Д) Қиындықтарды жеңу.

Е) Қозғалыс әрекеті.

23. Түрлі тілектердің қарама-қайшылығы дегеніміз:

А) Бағдарламаны қалыптастыру.

В) Шешім қабылдау.

С) Әрекетті орындау.

Д) Нәтижеге жету.

Е) Мотивтер күресі.

24. Өте күшті эмоциялық әсерлерге ақылмен жауап қайтару жағдайы:

А) Шешімділік.

В) Мақсаттылық.

С) Табандылық.

Д) Сенімділік.

Е) Ұстамдылық.

25. Мотивтер күресі болмайды, егер:

А) Тілектер тек эмоциялық күшіне қарай ажыратылса.

В) Екі тілектің бірі қызықтырақ болса.

С) Тілектер тек деңгейіне қарай әр түрлі болса.

Д) Тілектер тек әлеуметтік маңызына қарай ажыратылса.

Е) Екі тілектің бірі күшті болса.

26. Эмоциялық жағдайлар:

А) Бастамашылдық, мақсаттылық, шешімділік.

В) Талпыныс, мүдде, құмарлық.

С) Бағдар, мінез, қабілет.

Д) Елігу, ықылас, әрекет.

Е) Стресс, аффект, фрустрация.

27.Зейiннiң түрлерi

А) Сапалы, сапасыз

В) Тұрақты, тұрақсыз

С) Жүйелi, жүйесiз

Д) Жалған, ақиқат

Е) Ырықты, ырықсыз

28.Контактылы түйсiктерге жатады:

А) Иiс сезу

В) Сөйлеу

С) Есту

Д) Көру

Е) Дәм сезу

29.Ес процесiне жатпайды:

А) Есте тұту

В) Ұмыту

С) Есте сақтау

Д) Қайта жаңғырту

Е) Қайталау

30.Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты бiлдiредi

А) Анализ

В) Ұғым

С) Ой қорытындысы

Д)Синтез.
Е)Пiкiр.
31. Топтың мүшелерiнiң мiнезiнiң жалпы ережесi, олар:

А) Мораль

В) Адамгершiлiк

С) Заң

D) Топтық норма

Е) Нұсқау

32.Өзiнiң iс-әрекетiн және пiкiрiн, идеясын дәйектi, саналы түрде сөзбен дәлелдеу:

А) Сендiру

В) Реклама

С) Иландыру

D) Елiктеу

Е) Нақтылау.

33.Топтың құрылымның орталық бөлiгi (звеносы):

А) Лидерлiк

В) Мүшелiк

С) Заттық әрекет

D) Қарым-қатынас

Е)Ой әрекеті
34.Қарым-қатынастың түрлерiн жүйелеудiң қайсысы қате:

А) Эмоциялық және iскерлiк

В) Іскерлiк және жеке бастық

С) Тiкелей және бiрдеме арқылы

D) Вербалдық және вербалдық емес

Е) Педагогикалық және тұлғааралық.

35. Ырықты зейіннің дамуымен тікелей байланысты психикалық процесс:

А) Ойлау.

В) Қиял

С) Түйсіктер.

D) Қабылдау.

Е) Ес.

36. Экстероцептивтi түйсiкке қатыстылар:

А) Көру

В) Органикалық

С) Вибрациялық

D) Жылулық

Е) Ашығу.

37. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бiрiне бiрi сәйкес келмей, бұрмалануы

А) Иллюзия.

В) Апперцепция.

С) Галлюцинация.

D) Жалпылап тану.

Е) Агглютинация.

38.Сыртқы анализаторлардың (көру, есту, иіс, дєм, тері түйсіктері) рецепторлары не деп аталады?

А) Экстерорецептор.

В) Интерорецептор.

С) Кинестезиялық.

D) Проприорецептор.

Е) Паралингвистикалық..

39. Жүйке процесiнiң уақытша байланыстары негiзiнде бұрынғы қабылданғандарды еске түсiру:

А) Қайта жаңғырту.

В) Есте қалдыру.

С) Тану.

D) Еске түсiру.

Е) еСТЕ САҚТАУ

40. Теоретикалық және эмпирикалық ойлауды қалай айырады

А) Жалпылау сипатына қарай

В) Шешілетін тапсырма типі бойынша

С) Субъект белсенділігіне қарай

D) Жетекші анализаторға қарай

Е) Анализдеу мен синтездеу арқылы.

 

2-нұсқа

1.Психикалық бейнелеудiң сипатын анықтаңыз:

А) Тiтiркендiргiштер әсер етпейдi

В) Жан туралы түсiнiктi бiлдiредi

С) Өзiн-өзi бақылауды анықтайды

Д) Заттардың фотосуретiн бередi

Е) Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелейдi

2.Психика мен сананың байланысын анықтайды:

А) қатынастар

В) қоғам

С) қоршаған орта

Д) бiлiм

Е) ми әрекетi

3.Ми iс-әрекетiнiң психикалық функцияларының ерекшелiгiн анықтаған ғалымдар:

А) А.Айви, Д.Корнеги

В) В.Петровский, Г.Андреева

С) К.Юнг, Л.Лоуэн

Д) Д.Уотсон, Э.Торндайк

Е) Э.Вернике, Д.Брок, И.Анохин

4.Тұлғаның белсендiлiгi көрiнедi

А) Эмоция,сезімдерінен

В) мiнезi, темпераментi, қабiлетiнен

С) сөйлеуi, өзiн ұстауынан

Д) темперамент, мақсатынан

Е) қажеттiлiктерi, түрткiлерiнен

5.Тұлғаның даму деңгейi байқалады:

А) iс-әрекетi, психикасы, қарым-қатынасын

В) сөйлеу әрекетiнен

С) темпераменттiк ерекшелiгiнен

Д) мiнезi мен мiнез бiтiстерiнен

Е) психикалық жағдайларынан

6.Жүйелi жаттығулар мен белсендiлiктiң нәтижесiнде қалыптасатын әрекет:

А) икемдiлiк

В) ниет

С) әдет

Д) қажеттiлiк

Е) дағды

7.Икемдiлiктiң қалыптасуына негiз болады:

А) қызығу

В) сана

С) бағыт

Д) түрткi

Е) бiлiм

8.Қарым-қатынас түрлерi:

А) iскерлiк, басшылық, материалдық

В) өзара әрекет, таптық, әлеуметтiк

С) биологиялық, әлеуметтiк, сөйлесу

Д) биологиялық, әлеуметтiк

Е) Іскерлік, әлеуметтік, педагогикалық

9.Сангвиник латын тiлiнен аударғанда:

А) өт

В) қара өт

С) шырын

Д) қара қан

Е) қан

10. Тұлғаның басқа адамдарға, қоғамға, заттарға, еңбекке және өзiне қатынасын бiлдiретiн жағдай:

А) Тұлғалық дәрежесі.

В) мiнез акцентуациясы

С) нышандар

Д) қабiлетi

Е) мiнез бiтiстерi

11.Қабiлеттiң көрсеткiштерi:

А) икемдiлiк, шеберлiк, шығармашылық
В) білімділік, даналық, көрегендік.

С) дарындылық, даналық, данышпандық

Д) ептiлiк, дағдылану, iскерлiк

Е) бейiмдiлiк, икемдiлiк, бiлiмдiлiк

12.Сезiм түрлерiне (формалары) жатпайды:

А) байсалдылық

В) құмарлық

С) аффектiлер

Д) көңiл-күй

Е) стресс

13. Эмоциялық процестің формасы мынаған тәуелді:

А) Сигналдық тітіркендіргіш.

В) Қажеттіліктер.

С) Дара ерекшеліктер.

Д) Адамның мінез-құлығы.

Е) Оқиғаны бағалау.

14. Глорикалық эмоциялар дегеніміз:

А) Көпшілік құрметіне бөлену.

В) Жақын және сыйлы адамдардан қолдау күту.

С) Басқа адамдарды қуанту мен бақытты етуге тырысу.

Д) Жұмысқа бар жан-тәнімен берілу.

Е) Әдеттен тыс, ғажап жағдайларға ұмтылу.

15. Эмоцияның қайғы, ашу, жиіркену, жек көру, қорқыныш, кінә және жасқаншақтықтан құралатын жиынтығы:

А) Депрессия.

В) Агрессия.

С) Қайғы-қасірет.

Д) Стресс.

Е) Дистресс.

16. Адамның фрустраторлардың күшті әсеріне ешқандай ауыр күйзеліссіз, өткір реакцияларсыз төтеп бере білуі:

А) Толеранттылық

В) Фрустрация

С) Нақтылық.

Д) Адалдық

Е) Адамгершілік.

17. Жоғары сезімдердің түрлері:

А) Моральдық, эстетикалық, интеллектуалдық, праксикалық.

В) Күшті, әлсіз, терең, ырықты.

С) Ақыл-ой сезімдері, мәдени сезімдері, стеникалық және астеникалық..

Д) Көңіл-күй, аффект, фрустрация, махаббат.

Е) Жаны ашу, құмарлық, мойындау, синтония.

18. Стрестің физиологиялық және психикалық түрлерін анықтаған:

А) Р. Лазарус.

В) Г.Селье.

С) И.Павлов.

Д) Ю.Мюллер.

Е) П.Гальперин.

19. Адамның іс-қылығының әлеуметтік нормаларға сәйкес, не сәйкес еместігімен сипатталатын эмоциялық жағдай:

А) Моральдық сезім.

В) Эстетикалық сезім.

С) Интеллектуалдық сезім.

Д) Адамгершілік сезімі.

Е) Праксикалық сезім.

20. Сезімдердің жинақталуы мен алмасуы, бұл:

А) Сезімдердің заңдылығы.

В) Сезім түрлері.

С) Сезім көріністері.

Д) Сезім нормалары.

Е) Сезім жағдайлары.

21. Танымдық іс-әрекетке байланысты пайда болатын сезімдер:

А) Адамгершілік.

В) Моральдық.

С)Эстетикалық.

Д) Практикалық.

Е) Интеллекуалдық.

22. Ерік көріністері күшіне қарай мынадай болып бөлінеді:

А) Ақиқат және жалған.

В) Белсенді және енжар.

С) Адамгершілігі жоғары немесе төмен.

Д) Жәй және күрделі.

Е) Күшті, орташа, әлсіз.

23. Қажетті жағдайларда мүмкін болатын көп мақсаттардың ішінен ең тиімдісін таңдай білу жағдайы:

А) Бағдарламаны қалыптастыру.

В) Әрекетті орындау.

С) Нәтижеге жету.

Д) Мотивтер күресі.

Е) Шешім қабылдау.

24. Сананы ең маңызды мақсаттарға шоғырландыратын психикалық жағдай:

А). Шешімділік.

В) Ұстамдылық.

С) Табандылық.

Д) Сенімділік.

Е) Мақсаттылық

25. Еріктік әрекет төменде қарастырылған жағдайлардың бірінің нәтижесі болып табылады:

А) Сопақша мидың.

В) Мидың маңдай бөлігінің.

С) Самай бөлігінің.

Д) Мишықтың.

Е) Бүкіл ми әрекетінің біріккен жұмысының.

26. Ерiк қызметiнiң негiзгi сипаты

А) өзара әрекет

В) өзара қабылдау

С)өзара түсіну

Д) бiрлескен әрекет

Е) саналы реттеу

27.Сананың бiр объектiге жинақталып, шоғырлана алу қасиетi:

А) зейiннiң ауысуы

В) көлемi

С) тұрақтылығы

Д) бөлінуі

Е) концентрациялығы

28.Бiр түйсiк түрлерiнiң екiншi бiр түйсiктердi қоздыруы…. деп аталады:

А) сенсибилизация

В) адаптация

С) перцепция

Д) апперцепция

Е) синестезия

29.Мақсат қойып, арнайы мнемикалық әрекет жасауды қажет ететiн естiң түрi:

А) ырықсыз ес

В) логикалық ес

С) оперативтiк ес

Д) қозғалыс ес

Е) ырықты ес

30.Қиялдың түрлерi:

А) бейнелiк, елес

В) эмоциялық, сезімдік

С) арман, фантазия

Д) тұрақты, тұрақсыз

Е) қайта жасау, шығармашылық

31. Адамның өзiн өз еркiмен нақты топқа мүше деп есептеуi, ол:

А) референттiк топ

В) шартты топ

С) формалды топ

D)ұжым

Е) номиналдық топ

32. Басқа адамды эмоциялық қабылдау қабiлетi:

А) эмпатия

В) идентификация

С) қарым-қатынас

D) рефлексия

Е) интерпретация

33.Адам немесе кейбiр жағдайларға қатысты қоғамда қалыптасқан жеңiл түсiнiк ол:

А) образдар

В) стереотиптер

С) бағыт

D) түсiнiк

Е) пікірлер

34. Зейiн мәселелерi алғаш рет:

А) сана психологиясының

В) бихевиоризмнiң

С) гештальтпсихологияның

D) психоанализдің

Е) iс-әрекет теориясының шеңберiнде қарастырылды.
35. Ырықсыз зейiн туу үшiн қажет болмайтын жағдай:

А) жаңа тiтiргендiргiш

В) күтпеген тiтiргендiргiш

С) адамның қызығушылығы

D) адамның шаршауы

Е)бағыт-бағдары
36. Организмнiң iшкi жағынан әсер етуiн бейнелейтiн рецепторлар:

А) интрорецепторлар

В) проксемикалық

С) проприорецепторлар

D) паралингвистикалық

Е) экстрорецепторлар

37. Көру, есту, тактильдiк түйсiктердiң аталуы:

А) экстерорецептор

В) интерорецептор

С) органикалық

D) проксемикалық

Е) проприорецептор

38. Сезім мәшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге бейімделуі не деп аталады?

А) Үйрену

В) сенсибилизация

С) синестезия

D) бір ізді образдар

Е) перцепция

39. Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыру қабілеті естің қай түріне жатады?

А) сөз-логикалық ес

В) қозғалыс ес

С) образдық ес

D) моторлық

Е) эмоциялық ес

40. Заттар мен құбылыстарды оларға тән жалпы әр маңызды белгiлерiне карай бiрiктiру ол

А) жалпылау

В) синтез

С) анализ

D) классификация

Е) салыстыру






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных