Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






йымдасқан қылмыскерлік, оның рецедивтік және кәсіби қылмыскерлікпен өзара байланысы




file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Криминологияны ғылым ретінде қарау

Егер сөзбе-сөз ұғынсақ криминология дегенiмiз кылмыскерлiк жайындағы iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ криминоло­гия ғылымының нақты мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген адам­, неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? - деген cұрақтарға жауап бередi.

Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні – заңдылықтар; а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) кылмыскерлiктiң, детерминациялары мен себептiлiгi; б) кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырайтындығы.

Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; кылмыскерлiктiң әр түрлі негіздер бойыншабөлiнiп алынатын жекелеген түрлерi (эко­номикалық, мемлекеттiк, кәмелетке толмағандардың, әйелдердiң және т.б); мемлекеттiң белгiлi бiр аймағындағы, мемлекеттегi адамзат коғамының әр түрлi кезеңiндегi қылмыскерлiк.

Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік - адамзат тарихында бұрын болған және қазiргi бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлiгi'.

Криминология кылмыскерлiктi орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бiр жағынан, «қылмыскерлік арқылы», кылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлiк, оның себептерi жане онымен күрес - криминоло­гияға негiзгi керектiлер осылар. Қылмыскерлiктен бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Нақты өмiрде қылмыскерлiк пен басқа келеңсiз әлеуметтiк ауытқулар (алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелi эко­номия жене т.б.) арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Олар­ды оқшаулап қарау салыстырмалы, жасанды болып шығады.

Қолданыстағы заң қылмыскерлiктiң шекарасын көрсетедi, бiрақ криминологиялық зерттеулердiң шекарасы одан бiршама кең. Қоғам мен заң өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгередi. Криминолог белгiлi бiр iс-ерекеттердi кри­миналға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс деп тану) және криминалға жатқызбау (тиiстi iс-әрекеттердi заң бойынша қыл­мыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау) туралы меселеге өз үлесiн қосады. Қылмыс жасай­тын адамдарды зерттей келе криминологтар мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға қауiптi әрекеттерi өз нысанын өзгертедi екен, ал бұл нысанның өзгеруiнен сол әрекет екенiн қоғамға қауiптiлiк сипатын жоғалтудың орны­на, кейде бұрынғыдан да бетер қауiптi болады екен. Мұндай жағ­дайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу ке­рек. Заңның криминологиялық келiсiмдiлiгiн, оның қоғамға аса қауiптiлiк келтiретiн жаңа шындыққа сәйкестiгiн осы криминологтар қамтамасыз етедi. Қылмыстық құқық саласындағы маман­дарда құбылмалы кезде қоғамға қауiптi әрекет нысанының өзгеретiндiгi жайында толықтай деректер болмайды.

Сонымен крuмuнолог қылмыскерлiк пен келеңсiз әлеуметтiк ауыт­қулардың өзге нысандарының өзара байланысындағы, олардың қоғамға қауiптi әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейдi.

Профессор Г.М. Минковский бейнелеп айтқандай, крими­нологтердiң назар аударатын объектiлерi қалайда «фондық құбы­лыстар» болуға тиiс. Бiрақ криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен байланысын ғана зерттейдi.

К,ылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жал­пы алғанда, к,ылмыскерлiктiн. к.огамда туындау процесi (елеумет­тік детерминация) жене сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк).

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Қылмыскерлiк детерминациясымен себептiлiгi, жалпы, қoғaмдағы, мемлекеттегi, аймақтағы қылмыскерлiктiң, белгiлi бiр әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң қылмыскерлiгiнiң, қылмыскерлiктiң кейбiр түрлерiнiң, жеке қылмыстық әрекеттiң қандай да бiр кезеңде да­муын зерттейдi.

Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлiкке ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлiктiң қоғам өмірінің әр түрлi жақтарына ықпал ету процесi де талданады.

Кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырау заңдылығын тал­дағанда алдында қылмыскерлiкпен күрестің неғұрлым тиiмдi жол­дарын iздестiру мақсаты тұрады.

«Қылмыскерлiкпен күрес» - күрделi, көп аспектiлi к.ызмет, ол қылмыскерлiктiң өзiне және оның себептерiне, жағдайға ықпал етудi қамтиды. Бұл қызмет қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерлiктiң алдын алуды да, құқық қоргау қызметiн де қамтиды. Егер алғашқы eкi меселе, негiзiнен, криминолгтердiң назарын аударатын басты объектiлер болып келсе, ал құқық қорғау қызмeтi - оның жүйелiлiriн қамтамасыз ету жене криминологиялық келiсiм тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызментінің кейбiр бағыттарын қылмыстық процесс, жеделіздестіру қызметi бойынша мамандар және басқалар анықтайды.

Криминолог - жан- жақты экономикалық саяси, әлеуметтiк, құқықтық және басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің экономикалық саяси жене басқа да салаларын, құқықтың әр түрлi салаларындағы мәселелердi тереңiрек талдаған сайын ол алғашында басқа мамандармен ынтымақтастықта болады, кейiннен «эстафета таяғын» олардың қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлiктi тудыратын себептермен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды.

Бұл ретте криминологте оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады: тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп алу. Ол өзi алған нәтижелер жа­йында экономистердi, саясаткерлердi, социологтердi, құқық

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

қорғаушы және басқа мемлекеттiк органдарды, жұртшылықты хабар­дар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай жұмыссыз­дық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес. Ол жұмыссыз аза­мaтrapдың қандай бөлiгi кедейлiк сатысынын ең төменгi баспалдaғына тұрғандығын, сол себептi олардың қылмыс жасайтынды­ғын ашып көрсетyi тиiс. Бiрақ ондай адамдардың iшiнде қылмыс жасамайтындар да бар. Тиiсiнше, кейбiр тұрақты тepic құбылыс­тарды тез жою жөнiнде меселе көтермесе де, криминолог өз ақпа­ратымен олардың криминогендiк әpeкeттepін бейтараптандыруға, оң факторлармен өзара қатынасын камтамасыз етуге көмектесе алады (қapттapғa, мүгедектерге экономикалық көмек; еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастару; қылмыспен келген табысты «жуып-шаюға» жол бермеу және т.б.).

Сонымен қатар криминолог қылмыскерлiктi азайтуға ықпа­лын тигiзетiн құбылыстарды назаpға алады - ол тек криминогендiк қана емес (кылмыскерлiктi туындататын), сонымен қатар антикриминогендiк (туындауға тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса көнiл аударады.

Оның антикриминогендiк процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлiкпен күресте батымды шара қабылдауға көмек­теседі.

Сонымен, бiрiншiден, криминология өмiрдегi барлық жағдайға жан-жақты ұсыныс беретiн әмбебап ғылым емес, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес проблемасын орын мен yaқыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын ұстанады.

Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтiк қайта өзгеру процесiнде қолданысқа алынады, солай болуға тиiс те, бiрақ кри­минолог пен революционердi, криминолог пен билiк басындағы­лардың жауын ажырата бiлу керек.

Криминолог ic жүзiнде әрқашан қоғамғa оның денесiндегi сыз­дауықты, әлеуметтiк басқарудағы қателiктердi көpceтeтін сын­шы рөлiн атқарады, себебi қылмыскерлiк оң жетiстiктерден, жақ­сы өмiрден туындамайды. Ал, оның ұсынысы болмаса қылмыс­керлiктiң тасасында тұрған, кейде қоғамға

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

«қылмыскерлiк арқы­лы» карағанда ғана көрінетін тepic құбылыстардан арылу мүмкін емес.

Криминологиялық құбылыстарды ескеру - қоғамдық қатынас­тарды құрбансыз және астан-кестен төңкерicсiз, ғылмға сүйенiп қайта құру жолындағы маңызды қадам.

Әлеуметтiк жетiстiктердi емес, қателiктердi ғана көрсеткені үшiн криминологтi айыптау пациенттiң келicтi түр-түсiн, инабат­тылығын, жақсы қасиеттерiн сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудiң жолын айтқан дәрiгердi айыптағанмен бiрдей.

Мұны айтып oтырған себебiмiз, КСРО кезiнде криминология­лық зерттеулерге отыз жылдан аса уақыт тыйым салынғанан едi. Ол тыйым Қылмыскерлiк пен қылмыскердi зерттеу жөнiндегi мемлекеттiк институт қайта ұйымдастырылып, Орталық статис­тика басқармасының моральдық статистика бөлiмi таратылған 30 жылдардың басынан Қылмыскерлiктiн себептерiн зерттеу және оның алдын алу шараларын қарастыру жөнiндегi бүкiл одақтық институт шығарылған 1963 жылға дейiн созылды. Бұл кезенде қыл­мыскерлiк проблемалары бойынша, бiрақ қылмыстық құқық кри­миналистика және басқа пәндер шенберiнде жекелеген ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi. Іc жузiнде әңгіме күрделi де бүтiндей ерек­ше құбылыс болып табылатын қылмыскерлiк жайында емес, жекелеген қылмыстармен күрес жайында ғана едi.

КСРО құрамында болған мемлекеттердегi социализмнiң ыдырауы қылмыскерлiктiң себептерiне, әcipece, наркобизнес, жезөкшелiк, валюталық операциялармен жасалатын қылмыстар­дың себептерiне жаңаша көзқарасты талап етті.

ТМД елдерiнде алғашқы Криминологиялық ассоциация 1991 жылы кұрылды. Қазақстан Республикасында да Криминология­лық Ассоциация 2000 жылы кұрылып, аталған ұйымның "Қыл­мыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности) жур­налы 2001 жылдан бастап жылына eкi рет жарық көре бастады. Алғашқы Қазақстанның Криминологиялық ассоциациясының төрағасы болып заң ғылымдарының докторы, профессор И.И.Ро­гов сайланды.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Криминологияның ғылым ретіндегі мазмұн - бұл дегенiмiз: қылмыскерлiктi, оның өзгерiстерiн, аймактық және әлеуметтiк­ топтық ерекшелiктерiн зерттеу және бағалау; тиiсті қылмыскерлiктiң детерминация және себептiлiк процестерiн оның өзгерiстерi мен айырмашылықтарын зерттеу және бағалау қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде, сондай-ақ крминологиялық зерттеулердiң методологиясы мен әдiстемесiне қатысты ұсыныстар дайындау.

Криминология пәнiнiң анықтамасымен салыстырып қарасақ мұнда, бiрiншiден, қылмыскерлiктi, оның детерминация және себептiлiк процестерiн, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде криминологиялық зерттеулердiң методологиясы әдiс­намасы мен әдiстемесi бойынша ұсыныс дайындауды көрсету өзiнше жаңалық болып табылады.

Кез келген ғылымның методологиясы мен әдiстемесi маңызды рөл атқарады, себебi олар әрқашанда зерттеу объектiсiне «байла­ныстырылады» және оның нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн, растығын анықтайды. Зерттеу әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзiндiк ерек­шелiктерi осы әдiстердi игерген мамандардың сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерiн ұйымдастырудың қажет екендiгiн талап етедi.

Криминология бойьшша 60 жылдары шыққан алғашқы оқулық­тарда оның пәнi мен мазмұнын қарастырғанда жеке басы сөз болмайды. "Қылмыскердiң тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзiнде бас тарту дегенiмiз жеке дараны әлеуметтiк ай­налдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап қарасаңыз криминоло­гиялық теорияны әдiстемелiк негiзден айырады" – деп У.С. Жеке­баев дұрыс айтқан болатын. Кейiн қылмыскерлiкпен, оның себептерiмен, қылмыскерлiктiң алдын алу шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат - криминологтердiң оған өзiнше бөлек назар аударуы керек екендiгiн, қоғамдық қаты­настарды зерттеу қылмыскердiң жеке басын зерттеудi алмастыра алмайтындығын, ал қылмыскерлiкке және оның себептерiне ықпал ету - адамның өмip салтын cayықтыpy және белгiлi бiр жеке мiнез­құлықты түзету екендiгiн көрсету едi. Криминология пәнiн, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзiн ақтады, себебi ол, мысалы, қылмыскердiң жеке басын криминологиялық зерттеудiң дамуына септiгiн тигiздi. Осы күні зерттеулер нәтижелерiнiң ма­ңыздылығы даусыз, ендi криминологияның пәнi мен мазмұнын анықтауда қылмыскердiң жеке

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

басын қылмыскерлiктен бөлек, оның себептерi мен алдын алу шараларынан бөлек сөз етуге бол­майды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнiнде бөлiп алудың жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

1.2. Криминологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы

Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасыр­дан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады.

19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасал­ды; 4) әлеуметтiк-құқықтық.

Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бас­тады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Че­заре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- ­дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу­ типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқан­дардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады.

Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себеп­тepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеу­меттік факторларға көңіл бөле бастады.

Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады.

Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде П.Н. Тарановскийдiң Д.А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа авторлардың жұмыстары антро­пологиялық бағытқа жақын болды.

Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыс­керлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипо­теза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды».

Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпе­тью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы ста­тистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заң­дылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгия­лық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң «Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi» атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: «Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сан­дар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудар­масқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сай­ын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен олар­ды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек».

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олар­дың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерт­теуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбы­лыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.

Ал, әлеуметтiк-экономикалық социологиялық зерттеулердi алатын болсақ көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейiнiрек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерлiктiң әр түрлi әлеуметтiк факторлармен статистикалық байланысын көрсетті.

1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмыс­шы табының жағдайы» атты кiтап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. «Әлеуметтiк тәртiптi сыйла­мау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себеп­тер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады»- деп жазды Ф.Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, «әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табыла­тын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып бара­ды; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагер­ге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариат­қа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады.

Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жал­пы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жал­дан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекеме­лердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыс­керлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады.

Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң құқық социологиясы­ның дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормала­рының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда олар­ды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық сая­сат туралы iлiм пайда болды.

Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шара­ларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессо­ры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады.

Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушi­лердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи кри­минологияның пайда болуына әкелдi.

Римдегi кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық көрген кiтабын «Криминология» дел а­таған.

 

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

1.3. Криминология ғылым жүйесінде

Бiрқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист заңгер де, қоғамтанушы да болуы тиiс дейдіi. Бұл криминалист үшiн мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бiрқатар тактикалық мәселелердi шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологгердi қай мамандық шеңберiнде дайындау керек? «Пәнаралық» ғылы деген не? Ол қай пәндер арасында?

Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылым­ды айыра бiлу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлi мамандар қаты­сады, ал маман-криминолог деген кім, oған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиiс?

Бұл мәселелер әр түрлi шешiлдi және шешiлiп келедi. Бұған негiзi төрт көзқарас бар:

1. Криминология - қылмыскерлiк социологиясы және зерт­теушiнi социологиялық даярлау базалық болуы тиiс. Осыған бай­ланысты бiрқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологгер өтедi (АҚШ, Ұлыбритания және т.б.).

2. Криминология – заң ғылымы және мамандарды заңдық да­ярлау базалық болуы тиiс. Оған мынадай аргументтер келтiрiлген: қылмыстың шекарасын заң белгiлейдi, қылмыскерлiкпен оның барлық аспектiсiнде күресудi заң құқық бұзушылыктың басқа түрлерiмен және өзге де келеңсiз әлеуметтiк ауытқулармен са­лыстырғанда өте мұқият реттейдi.

Ресейде, Батыс Еуропаның бiрқатар мемлекеттерiнде крими­нологияны заң факультеттерiнде өтедi. Тиiсiнше, криминология, заң мамандықтарының бiрi ретiнде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда социологияны, әлеуметтiк психологияны жақсы бiлуге тиiс деген ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтiк-құкықтық ғылым деп саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социо­логиялық кең көзқараста болу тән. Сондықтан да болар, бола­шақ заңгерлер философияны да, психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да, сот медицинасын да өтуге тиiс. Юриспруденция (Заңнама) жалаң зандық-догматика­лық көзқарастан әлдеқашан өтiп кеттi. Әрине, заңгерлердi ма­мандандыру бар. Ол

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

заңгерлердiң философия негiзiн, психология­ны, статистиканы жене т.б. бiлуiмен

шектелмейдi. Олар «крими­налдық цикл» деп аталатын пәндердi жақсы игеруi тиiс (қылмыстық құқық қылмыстық процесс, сот статистикасы және т.б.).

3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бәрiнен бұрын, адам­ның мiнез-құлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргiзуi тиiс. Бұл «клиникалық» криминология деп аталатынның өкiлдерiне тән. Бiрақ соңгы онжылдықтар практи­касында мұндай көзқарас социологиялық, экономикалық, заңдық және басқа танымдар ескерiлiп жүзеге асырылатын, яғни кешендi немесе пәнаралық деп саналатын криминологиялық зерттеудiң объектiсiне айналды.

4. Криминологиялық зерттеу, бұл – пәнаралық зерттеу. «Кри­минология - айрықша тұтастық құрайтын әр түрлi бiлiмдер мен әдiстердiң жүйесi, сондай-ақ

қылмыскерлiктi зерттеуге бабағыттал­ған пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметiнiң айрықша жүйесi» ­деп санайды В.Б.Лершин мен А.Н.Лодрядов. Мұндай көзқарас­пен криминологияны «кешендi ғылым» деп те атауға болады.

Мынадай сұрақтар туындайды: құқықпен қоса социология ту­ралы неге сөз болады? Неге экономика, саясаттану және басқа ғылымдар жайында емес? Ал социология дегенiмiз - қогам өмірінің әлеуметтiк саласының заңдылығын зерттейтiн қогамдық ғылымдардың бiрi ғана.

60 жылдары КСPO-да криминология қайта дамығаннан кейiн өмiрдiң өзi эксперимент қоя бастады. Қылмыскерлiктiң себептерiн зерттеу және олардың алдын алу шараларын дайындау жөнiндегi бүкiл одақтық институттың кадрлары философия, заң социология, психология және басқа салалардың мамандарынан жинақталды. Басқаларына қараган дща заңгерлер криминологиялық зерттеулердi тез игерiп кеттi. Алғашында қиындық көрдi, себебi олар криминологияны жоғары заң оқу орындарында оқымаған едi, тек аға буын криминологтермен қатынаста болды, кiтапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен зерттеулерге, жарыссөзге қатыс­ты. Отандық криминологияның қазiргi мектебiн құрған сол заң­герлер едi.

Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ес­кере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, ад­вокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

қылмыскерлiктi де, онымен күрестің жолдарын да нақты жағдай­да көрiп-бiлуге мүмкiндiк бередi.

Ресейде және юриспруденция шеңберiнде өзi дамыған басқа елдерде криминология криминалдық цикл ғылымдары үшiн (қылмыстық, қылмыстық-атқару иқұқығы, қылмыстық процесс, кри­миналистика, жедел-iздестiру қызметi, сот психологиясы және т.б.) жалпы теориялық ғылымға айналды. Криминалдық цикл ғылмдарының саны тұрақты емес.

Криминология мен бұл ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқықтық теориясы мен басқа заң пәндерiнiң арақатынасымен салыстыруға болады.

Криминология жөнiндегi оқулықтар мен оқу орындарында Криминологияның прокурорлық қадағалаумен, азаматтық құқықтық және процеспен, басқа дақұқықтық мамандықтарымен, сондай-ақ өге де қоғамдык, ғылымдармен философиямен, политологиямен, со­циологиямен, экономикамен, демографиямен,.әлеуметтiк және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендiгi жайында айтылrан.

Криминологияда сөзсiз практикалық сипат бар екендiгiн көрсе­туге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыс­кердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыс­тық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жа­салады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қыл­мыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек.

Сонымен қатар, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстың заңдылықтарын зерттейтiн криминология адам және қоғам туралы ғылы­ми ұсыныстар жасауға үлесiн қосады.

Қазакстанда криминологиялық зерттеулермен ғылыми меке­мелер мен жоғары заң оқу орындарының қызметкерлерi айналы­сады.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

1991 жылы криминологтер Криминологиялық қауымдастық құрды, бұл - заңды тұлға болып табылатын epiктi, өзiн-өзi басқа­ратын қоғамдық бiрлестiк. Оның жұмысының негiзгi нысандары: семинарлар мен конференциялар өткiзу, арнайы әдебиет шыrғ­py, криминологиялық сараптама жургiзу, заң жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен халықаралық байланыстар орнату.

Қазақстан криминалистерiне тән қасиет - қылмыскерлiктi шетелдiк және халыкаралық зерттеуге қатты ыкылас қою. Кри­минология жөнiндегi көптеген еңбектер орыс тiлiне аударылды, ал отандық ғалымдардың еңбектерi шет елдерде басылып шығуда.

 

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

1.4. Методология және әдiстеме ұғымы

Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Мето­дология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi тура­лы iлiм.

Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерт­теулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.

Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдар­дың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық ­антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медици­налық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай крими­нологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политология­лық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.

Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материа­листiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi.

Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қара­лады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестер­мен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процес­термен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыс­керлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, ру­хани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс.

Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара бай­ланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады.

Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi.

Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар­дың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қарала­ды. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады.

Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қай­шылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыс­керлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жа­ғынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, олар­ды дамыту және мадақтау.

Қылмыскерлік – қоғaм жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен ту­ындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзге­ре салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз бат­пақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

қатынастардың бүгiнгi сипатамасын ғaнa емес, адамдар санасында, олардың дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi.

Криминологиялық зерттеудiң методологиясы тағы да бiр проб­леманың шешiмiне байланысты. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, қылмыскерлiк дегенiмiз - абстракция. Жекелеген қылмыстар және қылмыстардың жекелеген түрлерi нақты өмiрде бар. мұндай ойдың логикасы мынадай: қылмыскерлiк дегенiмiз - қылмыстар­дың жасалынатындығын бiлдiредi, ал жасалынатындық нәтижесiнде не туындайды, ол – көптеген мән-жайларға, адам­ның биологиялық және басқа да қасиеттерiне, ол үшiн қарастырылған сыртқы жағдайларға байланысты. Бұл ретте зерттеушiнi не туындайтыны емес, сол жасалынатын процесс қызықтырады деп дәлелдейдi. Басқа авторлар қылмыстылықты оның детерми­нация процесiмен теңдестіруге болмайды, ол оның нәтижесi, оған өзiнше назар аудару керек дейдi.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

1.5.Танымның жалпы ғылыми әдicтерiн криминологияда қолдану

Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады.

абстрактiден нақтығa көтерiлу;

жорамал;

жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал);

тарихи әдic;

салыстыру;

динамикалық және статистикалық әдiстер.

1.Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң теориялық даярлығының белгiлi бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi.

Бұл ретте eкi маңызды кезеңдi ескеру керек:

- бұрындары жасалғандармен танысу керек. Қылмыскерлiк туралы үйреншiктi түciніктepгe ғанa сүйенген, бiрақ криминоло­гия теориясын игермеген, бұрынғылар алған ғылыми мәлiметтермен таныспаған зерттеушiлер ғылыми негізделген ере­желер бере алмайды;

- «Қылмыскерлiк» құбылысының және оны туындататын процестердiң жете танылмағандығы туралы, ол құбылыстың ұдайы өзгерiп тұратындығы туралы ой естен шықпау керек. Сондықтан да зерттеу процесiнде криминолог «ашық жүйе» болуы тиiс және ол жаңа мәлiметтердi бұрыннан бар теориялық ұғымдар мен схе­маларға «сыйдыруға» барлық күшiн салып тырыспауы керек.

2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi наза­рын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi.

Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек.

Болжамның бәрi бiрдей жорамал бола бермейдi. Өзiн тексеру­ге тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамал­ды ұсыну, оны қалыптастыру

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

бұрыннан бар теориялық және эмпи­риялық мәлiметтерге баға берудi, оларды зерттеу пәнiмен, объек­тісімен және мақсатымен салыстыруды қажет етедi. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесiнде жүргiзiледi.

3 Жүйелік амал. Бұл әдiс саны белгiлi өзара байланысты элементтердi қамтитын белгiлi бiр құрылымы бар белгiлi бiр күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олар­дың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара бай­ланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан.

Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара байланысты қылмыстар мен олар­ды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады.

Жүйелiк-құрылымдық талдау процесiнде, әдетте, математи­калық әдiстер кең пайдаланылады. Криминологияда оларды пай­далану онша дамыған жоқ. Математикалық модельдеу әдiстерi шектеулi қолданылады. Сонымен қатар, корреляциялық, кластерлiк талдаулар жүргiзу және электрондық-есептегiш маашиналар пайдаланып басқа да математикалық әдiстердi қолдану практикасы кең таралған.

4 Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыс­та зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасаған­на, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

Қылмыскерлiктiнң аймақrық ерекшелiктерiн зерттегенде тарихи салыстырмалы-тарихи әдiс алынады. Бұл ретте мыналар жүзеге асырылады: а) әр түрлi аймақтарда бiр кезең аралығында болған бiр типтi оқиғаларды (кәмелетке толмағандардың, жастардың жасаған қылмыстарын т.б.) салыстыру; ә) әр аймақrар­дагы бiрдей сипаттамаларды әр түрлi кезең бойынша салыстыру.

5 Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр аймақтарындағы қылмыскерлiк, жынысы, жасы және әлеуметтiк жағдайы және т.б. әр түрлi адамдардың қылмыскерлiгi салыстырылады.

Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталады. Тиiстi ұқсастықтар бұл жағдайлар мен қылмыскерлiктiң өзара байланыстарының фактiсi мен тeтiгiн ары қарай зерттеуге негiздеме болады. Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. Мұндай материалдар қылмыскерлiктiң ортаның на­қты жағдайларымен себептiк байланыста екендiгi туралы болжам жасауғада және оны тексеруге де негiз болады.

6 Динамикалық және статистикалық әдісте криминология­қ зерттеулерде кеңінен қолданылады. Әcipece, қылмыскерлiкте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистика­лық әдic кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистика­лық әдiстер әр түрлi бiлiм бередi. Динамикалық заңдылықтар дегенiмiз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептiк байланыс­тарды aнықтауға алып келедi. Мысалы, 20 жыл бойы кәмелетке толмай қылмыс жасаған 140-тан аса адамның жеке басының си­паттамалары мен тағдырларына кешендi зерттеу жүргiзiлдi. Зерттеудiң бiрiншi кезеңi - 14-17 жастағыларды қылмыс жасағаннан кейiн бiрден зерттеу, екiншi кезең - 10 жылдан соң, үшiншi -тағы 10 жыл өткеннен кейiн. Бұл бiреулердiң қылмысты қайта­лағандығы, бiреулердiң дұрыс жолға түскендiгi, ал бiреулердiң азғындап кеткендiгi қандай мән-жағдайлармен байланысты eкeндiгін aнықтayғa мүмкiндiк бердi.

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

Статистикалық заңдылықтарды iздестiру құбылыстардың ортақ қасиеттерiн табу және сипаттау жолдарымен жүзеге асы­рылады. Мысалы, бұрын рецидивистердiң 60 %-ынан 80 %-ына дейiнi алғашқы қылмысты кәмелеткетолмаған жаста жасағанды­ғын статистика дәлелдеген болатын. Бiрақ бұл статистикалық заң­дылық неге негiзделген? Жоғарыда аталған ұзақ уақыттық зерт­теу осы құбылыстың тeтiгін ашуға мүмкiндiк бердi.

Заңдылықтарды iздестiру әрқашанда статистикалық зерттеу­лермен байланысты. Бiрақ олардың сипаттарын (себептiк, жаrғдайлар байланысы немесе өзгедей) табу әдiстер кешенiн қолдану­ды талап етедi.

Статистикалық зерттеулерде жинақтап қорытылатын көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға мынадай негізгі талаптар қойылады:

а) зерттелетiн жиынтық құрамы жағынан бiртектi болуға тиiс.

Мысалы, 1997 жылдың l-қаңтарына дейiн және одан кейiн тiркел­ген қылмыстарды салыстыра салуға болмайды, себебi қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексi енгізiлгеннен кейiн заң шығарушы қылмыстар қатарына жатқызатын iс-әрекеттер шеңберi өзгердi, қылмыстық кодекстiң көптеген баптарының диспозицияларының түсініктемeci де өзгерiссiз қалған жоқ;

ә) зерттелетiн жиынтық едәуiр кең ауқымды болуы тиiс, он­дай болмаса кездейсоқ ауытқулар нәтижеге ықпал eтyi мүмкін.

Зерттеулер процесiнде кейде iшiнара бақылау қолданылады, 6iрәқ бұл peттe өкiлдiк (репрезентативтiк) мәлiметгер алынуы тиiс.

Криминологияда нақты-социологиялық әдістерді қолдану

Нақты социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуда зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдіс кешені мыналарды қамтиды:

Құжаттарды зерттеу;

Анкета және сұхбат түрiнде сұрақ беру;

Байқау жургiзу (тiкелей немесе сырттай);

Эксперимент.

1. Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүрriзгенде әр түрлi

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

ұжаттарды зерттеуге тура келедi, олар статистикалық есептер, iстердiң материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама

орталығынынң бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтiк-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелерi, қылмыскерлiккe және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргiзiлген зерттеу­лердiң нәтижелерi және басқа да құжаттар зерттеледi.

Қылмыстық iстердi немесе өзге құжаттарды зерттеудiң бағ­дарламасы жасалынады. Зерттеудiң тиiстi нәтижелерi өңделедi және олардың негiзiнде қандай да бip заңдылықтың бар екендiгі туралы тұжырым жасалады.

2. Сауалнама не сырттай (анкета арқылы), не бетпе-бет (сұхбат арқылы) жүрriзiледi. Бiрiншi жағдайда cұрақтар көрсетiлген ан­кета жасалынады. Егер cұpaқтapдa «жабық» сипат болса, онда олар­ға «иә», «жоқ» немесе «бiлмеймiн» деген жауаптар берiледi. Ал, «ашық» түрдел сурактарга кез келген нысанда жауап берiледi. Мұндай cұpaқ-жауаптарды өңеуде қиындық туындайды. Олар­ды, неriзiнен, зерттеудiң алғашқы кезеңiнде, жауаптардың қан­дай болатындығын алдын ала болжау қиын болған жағдайда пай­даланады, онда алдымен жауаптардың болуы мүмкiн варианттa­рын анықтау және анкетаның «жұмыс қабiлeттiлiгiн» тексеру үшiн cұpaқтap түсініктi ме, оларға жауап берiлген бе, әлде жал­тарып кеткен бе және т.б. анықтау үшiн «пилотажный» деп аталатын сұрақ-жауап жүргiзiледi. Немесе «ашық» cұpaқтapғa берiлуi мүмкін жауаптар «тiзбегi» ұсынылып, «еске салудан» қашу керек болған жағдайда қойылады. Мысалы, кейбiр сотталғандарға сұрақ қойылғанда, егер мәселе ашығынан болса, олар моральдық көпшiлiк қабылдаған нормаларына өздерiнiң тepic көзқараста екендiгiн ашық айтқан. Егер жауаптардың «тiзбегi» берiлсе онда олар «дұрысырақ» жауап беруге тырысады. Бipақ барлығы ондай емес.

Ұсынылған жауаптар «тiзбегiнiң» артында жауаптың ұсыныл­ғаннан басқа нұсқасын таңдay керек болса және ол нұсқаны ай­қындауға өтiнiш болса, онда

 

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

 

жауаптар «тiзбегi» «ашық» болады. «жабық тiзбекте» жауап нұсқаларының барлығы түгел берiледi.

Анкетада бiрiн-бiрi толықтыратын қосымша сұрақтар бола­ды. Сол себептi кейде «ашық» және «жабық» сұрақтар жиынтығы пайдаланылады.

Әдетте, криминологиялық зерттеулерде сұралатын адамның аты- жөнi мен мекенжайы көрсетiлмейтiн анонимдiк деп аталатын сұраулар да болады. Бұл анкетада «шағын төлқұжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сұрақ­тардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да малiметтердiң бо­луы мумкін.

Анкетаны құрастырғанда оның артынан ЭЕМ-де өңделетiнiн ескеру керек. Сұхбаттасу дегенiмiз - қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе құқық қopғay органдарының қызметкерлерiмен, сондай-ақ басқа адамдармен әңгiмелесу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных