Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық экономикалық интеграция




Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭА-ның негізгі мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:

еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады:

- милитаризация мен қару-жарақтану;

- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- ұлттық мәдениеттің жойылуы;

- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.

Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды мақсат етеді.

Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықта бейбітшілікті жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позицияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. Бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принципті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акциялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».

Орытынды

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен, осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.

Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік нарығының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдделерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникация мен ақпараттық камтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары жасалады және т.б., яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.

Дебиеттер

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы, 2003. – Б. 264-292,400-428.

2. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: ОФППИ «Интерлигал», 2005 ж.

3. Шеденов Ө.К. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым. - Ақтөбе, 2004. - Б. 415-443.

4. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика //Егемендi Қазақстан.- 16.12.2004

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары

2. Әлемдік шаруашылық.

3. Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы. ҚР-ның әлемдік экономикаға енуінің мәселері.

4. Еркін экономикалық аймақ.

5. Қазіргі кездегі әлемдік валюта нарығы.

6. Валюталық курстың түсінігі.

7. Валюталық курстың халықаралық жүйесі.

8. Ғаламдық проблемалардың мағынасы.

9. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.

10. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

11. Халықаралық экономикалық интеграция

СӨЖ тапсырмалары:

1. Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымы

2. Абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Сыртқы сауда айналымы қалай анықталады:

A) Экспорт плюс импорт.

B) Пайданың мөлшерімен.

C) Пайыз деңгейімен.

D) Өндіріс ауданымен.

E) Біріккен кәсіпорындар пайдасымен.

 

2. Сыртқа капитал шығару – бұл:

A) Өндірістің тиімділігін ұйымдастыру.

B) Басқа елдерге тиімді орналастыру және пайдалану мақсатындағы капитал экспорты.

C) Басқа елдер экономикасына көмек беру.

D) Халықаралық несиені көбейту мақсаты.

E) Ақша қаражатын банктерде жасыру.

 

3. Халықаралық жұмыс күші миграциясы:

A) Халықты басқа мемлекеттерге жұмысқа қабылдамау.

B) Жұмыс күшінің формасы.

C) Жұмысқа қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс жерлерге тиімді орналасуы.

D) Мемлекетке маманданған қызметкерлердің келуі.

E) Жалақыдағы мемлекетаралық айырмашылықтар.

 

4. Валюта бағымы (курсы) деп:

A) Ұлттық валютаны.

B) Европалық валютаны (евро).

C) Долларды.

D) Басқа валютаның ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны.

E) Алтын мен күміс жиынтығын.

 

5. Қазақстан Республикасында қай жылы ұлттық теңгенің еркін құбылатын ауыстыру бағамы режиміне өтуі басталды:

A) 1 мамыр 1998 жыл.

B) 1 сәуір 1998 жыл.

C) 25 наурыз 2000 жыл.

D) 1 сәуір 1999 жыл.

E) 13 ақпан 1999 жыл.

 

6. Дүниежүзілік сауда ұйымына мемлекеттің кіруіндегі кемшілігі төмендегілердің қайсысы:

A) экономикалық қауіпсіздік

B) сыртқы сауда көлемінің өсуі

C) төлем балансының құрылымының жақсаруы

D) әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігі бар тауарлардың сапасын көтеру

E) ауылшаруашылығының мүмкін дағдарысы

 

7. Әлемдік экономиканың негізгі сферасына төмендегілердің қайсысы кірмейді

A) сыртқы сауда

B) валюталы несиелі операциялар

C) өндірістік кооперация

D) ғылыми-техникалық одақтастық

E) ішкі цехтық мамандану

8. Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясын кім ұсынды?

A) Дж. М. Кейнс

B) А. Смит

C) К. Маркс

D) Д. Рикардо

E) М. Фридмен

 

9.Салыстырмалы мүмкіншілік принципін алғаш қалыптастырған:

A) Томас Мальтус.

B) Адам Смит.

C) Пол Самуэльсон.

D) Давид Рикардо.

E) Альфред Маршалл.

10. Экономикалық тиімділік:

A) Өндірістің тиімді ұйымдастырылуы.

B) Өндірістің нәтижесі.

C) Қолданылатын ресурстардың мөлшері.

D) Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

E) Өндірістің шоғырлануы.

 

11. Жеке бір елдің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы қалай аталады:

A) Халықаралық шарт жасау.

B) Халықаралық сауда.

C) Халықаралық байланыс.

D) Халықаралық алмасу.

E) Халықаралық еңбек бөлінісі.

 

12. Жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты:

A) Ақша-несие саясаты

B) Салық саясаты

C) Фритредерстік саясат

D) Инвестициялық саясат

E) Протекционизм

 

13. Ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау:

A) Ақша-несие саясаты

B) Салық саясаты

C) Фритредерстік саясат

D) Инвестициялық саясат

E) Протекционизм

 

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных