Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мейрамхана бизнесінің даму тарихын ашып көрсету




 

Қонақжай индустрия мекемелерінің дамуы тарихи жағынан адам қоғамының даму кезеңдерімен сәйкес келеді. Тамақтандыру мекемелері орналастыру мекелерімен қатар дамыды. Бұл дамуының тарихы төрт кезеңнен тұрады:- көне;- орта ғасырлық; - жаңа уақыт; - қазіргі кезең.

Көне кезең (б.э.дейін 4 мың жыл – б.э. 476 жыл). Бұл кезеңге алғашқы қонақжай

индустрияның мекемелері – таверндер – жатады. Олар тамақтандыру үшін ғана арналды. Сауданың дамуы және соған байланысты ұзақ жүрісте болу тамақтандыру ғана емес, сондай-ақ түнеуді де ұйымдастыруды қажет етті. Бұл мекеменің басқа түрінің пайда болуына – тұрушылар ауласына – әкелді. Тұрушылар ауласы Рим империясының территориясында көп тарады. Кейінрек, орта ғасырдағы (5-15 ғасырлары біздің эраның) қонақжай мекемелерінің дамуына үлкен әсерін тигізгені діни дәстүрлер. Бұл кезеңде қасиетті орындарға барып жүгінушілердің саны көбейді. Шіркеу, монастырларға жүгінуге келгендерді қонақ қылуға, оларды тамақтандырып, түнетуге жүктеді. 8 ғасырда Ұлы Карл императоры қажылық жасайтын адамдарға арнайы үйлерді ұйымдастырды. Бұндай үйлерде тегін тамақ беріліп, етікшінің, шаштараздың қызметтері тегін көрсетілді. Бұл жеке мекемелердің дамуын тежеді. Тамақтану мекемелерінің қарқынды дамуы жаңа уақыт кезеңіне жатады. Жаңа уақыт (16-20 ғас. басы). 16 ғасырда алғашқы кофеендер ашыла бастады, олар сол уақыттың мәдени және әдеби өмірінің орталығы болды. Кофеендердің дамуы Батыс Еуропадағы кофе, шай деген экзотикалық сусындардың таралуымен байланысты. Еуропадағы алғашқы кофеен 1652 жылы Лондонда, ал Венада 1683 жылы ашылды. Жеке айтсақ, Венада кофеге сүт немесе бал қосылған кофелер алғашқы рет ұсынылды. 18 ғасырдың соңында Еуропа континентінде кофеендер ең көп таралған тамақтандыру мекемелері болып саналды. 1553 ж. Парижде алғашқы "Тур д' Аржан" рестораны ашылды. "Ресторан" деген термин 18 ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. Бұл термин француз тілінде "restorantes" "қалпына келтіру" деген мағнаны түсіндіреді. Бұл сөзбен тәулік бойы істейтін париждық таверндегі Буланже мырзаның негізгі тағамы – сорпа – аталынды. Әлемде Буланже мырзаны қазіргі ресторанның әкесі деп атайды. Буланже мырза 1767 ж. шарап соусында жасалынған қой етінің сорпасын тұңғыш рет ұсынды. Ұлы Француз революция кезінде 1789-1799 жж. көптеген француз аспазшылары басқа елдерге қашып кетті. Қоныстанған елдерде олар мейрамхана бизнесін дамытты. Осыған байланысты мейрамхана бизнесі сол кезде әлемде кең тараған болатын. 19ғасырдың басында ағылшындар мейрамхана бизнесімен айнала бастады. 19ғасырдың ортасында "a la carte" (а ля карт) мәзірін қолдана бастады. А ля карт деген – клиент берілген тізім бойынша өзіне ұнаған тағамды таңдап алады. 1898 ж Лондонда "Савой" отелі ашылды. Оның басқарушысы белгілі Цезарь Ритц болды (қазір отель Ритц-Карлтон соның атында). Ал шеф-повары (аспазшы) – Жорж Агюст Эскофье болды. Бұл екеуі ресторандарды қонақ үйлердің ішінде ұйымдастыруға ұсыныс жасады. Әйгілі Эскофье кулинария бойынша анықтамалықты шығарып, асханада бөлініп (бригадный подряд) жұмыс істеуді алғаш рет енгізді. Қонақжай мекемелерінің дамуында АҚШ-тың ролі зор болды, бірақ алғашқы тұрушы аулалар бұнда Еуропаға қарағанда көп кеш пайда болды, тек 1607 жылы ғана. Ең алғашқы таверна 1634 жылы Бостонда ашылды, 1642 жылы голландықтар Нью-Йоркте өз таверінін ашты. Осыдан бастап таверндер қоғамдық өмірдің орталығына айналды. 1831 жылы АҚШ-та "Дельмонико" деген 1-ші ресторан ашылды. Осы ресторанның Джон Дельмонико қожасының арқасында 2 тілді мәзір енгізілді (французша, ағылшынша). Сол уақыттарда АҚШ-тың ресторан бизнесінің дамуына фрацуз дәстүрлері өте қатты әсер етті. Әрбір жоғары кластық американдық отелінде өзінің француз шеф-повары болатын. Мәзір тек қана француз тілінде басылатын еді, бұл ағылшынша сөйлейтін адамдарға қиыншылық әкелді. Ал "Дельмонико" ресторанның иесі Джон Дельмонико екі тілде (француз және ағылшын тілінде) мәзірді алғаш рет енгізді.19-20 ғасырларда қонақжай индустриясы күрделі салаға айналды. Қонақ үйлер мен қатар тамақтандыру мекемелері де (мейрамхана, кафе, асханалар) көп салына бастады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных