Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі




«Этнопедагогика» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Білім» мамандықтарына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты:

Өз халқының дәстүрі мен мәдениетіне, тарихына, тіліне сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- өз халқының салт-дәстүрлеріне, дініне, тарихына, тіліне деген құндылық қатынастарын қалыптастыру;

- халықтық шығармашылық арқылы (декоративті-қолданбалы, музыкалық, поэтикалық) шығармашылыққа баулу;

- әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің этномәдени тілектерін қанағаттандыру үшін жағдайлар туғызу;

- әртүрлі кезеңдер мен әртүрлі халықтардың рухани құндылықтарын тану негізінде студенттер бойында патриотизм сезімімен ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.

 

3. Білім мен білік:

- адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны туралы;

- этникалық дүниетанымды қалыптастырудағы халықтық білімдердің мәні мен рөлі туралы;

- этникалық тәрбиені ұйымдастырудағы этноәлеуметтік-жетекші әдістің мәні туралы;

- этникалық тәрбиенің құралдары ретінде дәстүрлердің, салттардың, салт-жоралардың, ырымдардың ережелердің тәрбиелік ерекшеліктер туралы;

- адамның жасына және жеке басының ерекшеліктеріне байланысты дамуы туралы;

- этнопедагогикада адамның біртұтас биоәлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы туралы;

- «Этнос субъектісі» ұғымының мәнін терең түсінуі;

- өз халқының және олармен бірге тұратын басқа халықтардың ұлттық мерекелерін, этикетін, ережелері мен нормаларын, салттарын, дәстүрлерін, мәдениетін, философиясын, тарихын, тілін кеңінен құрметтеу және білуі.

4. Білімгер міндетті:

Білімгер таныс болуы тиіс.

- қазіргі заманның жастарын тәрбиелеуде өз халқының прогресивті тәрбиелік дәстүрлері мен салттарын шығармашылықпен пайдалануға;

- өз мүмкіндіктерін этноәлеуметтік рөлдердің мәнін терең ұғынып, түсінуі, толерантты болуға бағытталуды.

 

Білімгер білуі тиіс:

- Негізгі этнопедагогиканың теориялардың негізін;

- Мемлекеттің ұлттық саясатын;

- Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дәстүрлерін;

- Халықтың тәрбиелеу тәжірибесін.

Білімгер меңгеруі тиіс:

- Тәрбиеде көпмәденилік пен толеранттықты тарату.

 

 

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных