Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЭТН-1. БІР ФАЗАЛЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ




Коммерциялық емес

Акционерлік

Оғам

Электртехниканың теориялық негіздері кафедрасы

ЭТН-1. БІР ФАЗАЛЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ

5В071800-Электрэнергетика мамандығы үшін

№ 1-3 есптеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

 

 

Алматы 2011

 

Құрастырушылар: Аршидинов М.М., Нурмадиева Э.А. ЭТН-1. Сызықты электр тізбектеріндегі қалыптасқан режімдерді есептеу. № 1-3 есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар- (5В071800-электрэнергетика мамандығының студенттері үшін) Алматы: АЭжБУ, 2011.-17 б.

 

 

ЭТН курсының «Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері», «Бір фазалы синусоидалы токтың тізбектері», тақырыптары бойынша есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар келтірілген.

Есептеу-графикалық жұмыстар «Электротехника» бағыты бойынша оқитын екінші курс студенттеріне арналған.

Без. 54, кесте. 18, библиогр.-7 атау.

 

 

Пікір беруші: техн.ғыл.д-р., профессор К.К.Жумагулов

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе 4

1 Тапсырма №1. Тұрақты токтың тармақталған сызықты тізбектерін есептеу 5

2 Тапсырма №2. Аралас қабылдағыштары қосылған бірфазалы синусоидалы токтың электр тізбектерін есептеу 10

3 Тапсырма №3. Бір фазалы синусоидалы токтың тармақталған электр тізбектерін есептеу 13

Әдебиеттер тізімі 16


Кіріспе

«Электртехниканың теориялық негіздері» (ЭТН) курсын оқығанда есептеу-графикалық жұмыстар (ЕГЖ) оның маңызды компоненті. ЕГЖ-н орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше талдап үйренуге, ал олар ЭТН курсын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда 3-семестрде оқылатын ЭТН-нің негізгі бөлімдерінің үш ЕГЖ-на тапсырмалар мен нұсқаулар бар. № 1 ЕГЖ тұрақты токтың тарамдалған сызықты электр тізбегінің негізгі әдістерін қолдана отырып, есептеуге арналған. № 2 және №3 ЕГЖ-да бір фазалық синусоидалық токтың сызықты электр тізбегі кешендік әдіспен есептеледі.

Есептеу-графикалық жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы керек:

- өз нұсқасын таңдап алуы керек, тапсырманың тексін ЕГЖ-ның түсініктемесіндегідей қысқартусыз көшіріп жазылуы керек;

- ЕГЖ-ның әр кезеңіне атау беру керек, жұмысты қағаздың бір жақ бетіне орындау керек;

- түсініктемеде есептеу формулалары мен соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді де көрсету керек;

- титулды бетте студенттің аты-жөні, тобы және нұсқасы көрсетілуі керек;

- анықталған өлшемдері бар параметрлер үшін сәйкес есептеу бірлігін жазу керек, комплекстің үстіне нүкте қою қажет;

- түйіндердің, параметрлердің, резисторлардың, индуктивтіктердің, сыйымдылықтардың аттарын, токтың және кернеудің оң бағыттарын өзгертпеу керек;

- лездік шамалардың қисығы, векторлық, топографиялық, шеңберлік диаграммалар қосымша жабыстырылған миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау керек;

- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты графикпен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп таңдау керек. Түсініктемеде сұлбаларды сызғыш, циркулді қолдана отырып, қарындашпен орындау керек;

- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру керек.

 


vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных