Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Статистиканың пәнін, әдісін және міндеттерін сипаттап көрсетіңіз.




«Статистика» пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу.Оларға халық шаруашылық салаларының әлеуметтік-экономикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, өсіңкілігін немесе кемуін зерттеукезінде әртүрлі әдістерді қолдана білуді, жиналған мәліметтерді талдау және болашаққа болжау жасауды, сатистикалық көрсеткіштерге қорытынды жасауды оқытады.Статистика органы экономика салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып табылады. Осыған орай, өз объектісін зерттеу үшін түрлі статистикалық әдістерді, атап айтқанда стандартты жіктемелерді, ішінара бақылауды, қорытындылаушы шамаларды, динамикалық қатарларды, индекстік және коррелляциялық- регрессиялық әдістерді, баланстарды қолданады. Соған талдау және қорытынды жасайды.Статистика қоғамдық өмірдің әртүрлі құбылыстары туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау және жариялаумен айналысатын тәжірибелік қызметтің бір саласы.Пәнді оқытудың негізгі міндеті - арнайы пәндерде қолданылатын статистиканың негізгі әдістерін оқыту.

Пәннің міндеттері:

- әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін қолдана білу;

- жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу;

- статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;

- мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу;

- ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау; халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;

- халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білулері керек:

- Қазақстан Республикасындағы статистиканың ұйымдастырылуын;

- мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін;

- статистикалық өзара байланыстарды талдау әдістерін;

- статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды;

- абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену;

- динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену;

-қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау;

- халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу;

- экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу;

- өндірілген өнімді тұтыну мен қор жинауды және оған талдау жасауды үйрену;

- ұлттық шоттар жүйесін құруды оқып- үйрену;

- табыстардың бөліну процестерін зерттей білу және т.б.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных