Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Педагогика пәні......




Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»-баланы жетектеуші сөзінен алған.Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе,кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін-делдал-ұстаз,мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты,белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ал педагогика пәні-индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады,тұлғаның қалыптасуы олардың белсеңді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып,жасамай,тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінеді.Осыдан тәрбие заңдылықтары,оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей,әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді.Сондықтан педагогтканың шұғылданатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу,яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып,арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы,оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы.Бұл бағытта педагогика үлкен прогресске ие.Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік бақылау,пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп,ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда.Бұларға:педагогикалық бақылау,әңгімелесу,мектеп құжаттарын зерттеу,оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу,озат педагогикалық тәжірибені үйрену,қорытындылау,әлеуметтік талдау(сұрақ,анкета жүргізу,тестен өткізу,рейтингтік сараптау)математикалық статистиканы талдаудан өткізу және т.б. әдістер.Мысалы,педагогикалық бақылау әдісі.Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады.Себебі педагогикалық құбалыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді.Бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қорытындалауға мүмкіндік береді.Оның мән мағынасы келесіде болу керек,оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты.Сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде.Бақылау әдісі нақты теориялық ой-пікірлерге нәр беріп,кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп,тексеріледі.

Тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Білім үйрету - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процес.

Оқыту- білім берудің негізгі жолы. О. Екі жақты бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, дағдыны игереді, оларды өмірде қолданады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных