Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЯМР – спектроскопиясы




ЯМР құбылысын алғаш рет американдық физиктер Ф.Блох пен Э.М.Парселл байқаған. ЭПР спектроскопиясындағыдай, бұл әдісте сыртқы магнит өрісінде пайда болатын спинді жүйелердің зееман деңгейлерінің арасындағы резонансты ауысулар зерттеледі. Осы екі әдістің арасындағы айырмашылығы теория мен эксперименттегі айырмашылыктарға келтіретін - зерттелетін бљлшектердің магнит моменттерінің абсолюттік мәндері мен таңбаларында және әрекеттесулерінде жатады. Сонымен қатар, зерттелетін объектілер мен шешілетін есептердің сипаттамалары ерекшеленеді.

ЯМР спектроскопия өзінше және басқа физикалық әдістермен қатар қолданылғанда молекулалардың химиялық құрылысын, олардың стереохимиялық конфигурациясын және конформацияларын зсрттеу үшін өте эффективті әдіс болып табылады. Кері есептерді шешу үшін ең алдымен спектрдің келесі параметрлері пайдаланылады:

1. Сигналдардың (мультиплеттердің) орталықтарынан анықталататын ЯМР сигналдарының химиялық ығысулары;

2. Әрекеттесуші ядролардың санымен және олардың спиндерімен байланысты мультиплеттіктері;

3. Ядролардың спин-спинді әрекеттесу тұрақтылары; 4. Мультиплеттердегі интенсивтіктердің таралуы;

5. Сигналдардың интегралдық интенсивтіктері.

Молекулалардың құрылымын анықтаудан басқа, ЯМР спектрлеріндегі сызықтардың интенсивтіктері сандық талдау жасау үшін пайдаланылуы да мүмкін. Оверхаузердің ядролық эффектісімен байланысты, ЯМР-дің фурье- спектроскопиясында сигналдың интегралдық интенсивтілігі ядролардың санына әрқашанда пропорционалды бола бермейді. Стационарлі ЯМР-әдісі үшін мұндай шектеу жоқ, және де фундаменталды ереже жұмыс істейді - бір ядроға келтірілген белгілі изотоптың ядроларының барлық топтарының розонанасты сигналдарының суммалық интенсивтіктерінің үлесі - тұрақты шама. Демек, сигналдардың интегралдық интенсивтіктерін салыстыру арқылы молекуладағы ядролардың әр түрінің салыстырмалы санын табуға болады.

Заттың құрылымын анықтау үшін, ең алдымен, химиялық ығысулардың корреляциялық кестелерін пайдаланып, ЯМР спектрлері бойынша шыңдардың әр гобының химиялық ығысуларын есептеп, оларды идентификациялайды. Содан кейін әрбір шынның аса жіңішке бөлінуіне қандай спин-спинді әрекеттесу келтіретінін айқындайды. Соңында, берілген заттың құрылым формуласын жорамалдап, шыңдардың интенсивтіктерін анықтайды да топтардағы зерттелетін магнитті ядролардың мөлшерінің қатынасын табады. Осы ядролардың жалпы саны белгілі екенін ескере отырып, (мысалы, элементтік талдау арқылы), олардың әрбір топтағы санын табуға болады.

ЯМР әдісінің көмегімен молекулалардың екі (немесе бірнеше) күйі немесе түрі арасындағы алмасу кинетикасын зерттеуге болады. Егер әр түрлерінің өмір сүру уақыты ЯМР әдісінің сипаттаушы уақытынан үлкен болса, осы түрлер жеке байқалады. Ішкі молекулалық өзгерістердің басқа (баяулатқан ішкі айналу. таутомерия, циклдардың инверсиясы. конформациялирлың өзгеруі т.б.). молекула аралық алмасу реакцияларды да, баска да тепе-теңдік химиялық реакцияларды да (протонды алмасудың әр түрлі, лигандты алмасу, ионлардың рекомбинациясы т.б.) зерттеуге болады. Мысал ретінде сірке кышқылының су ерітіндісіндегі протондық алмасуы келтірсек, алмасуда сызыктардың арасындағы химиялық ығысу мен әрбір сызықтың ені өзгеретіні көрініп тұр. Осы параметрлердің өзгеруінен алмасу жылдамдығы жөнінде сөз етуге және тепе-теңдік тұрақтыларын табуға болады.

Қос радикалдардың аралық түзілуімен өтетін химиялық реакциялар "ядролардың химиялық поляризация' құбылысы аркылы зерттеледі.. Құбылыстың маңызы - қос адикалдардың құраушылары сонғы өнімдерге айналғанда, осы өнімдердің ЯМР-спектрлері түзілуден кейінгі алғашқы уакытта поляризацияланган болып шыгады, яғни сигналдарының интенсивтіктері жоғарылау (жұту) немесё сигналдары "теріс" (шығару). Олар бірге-бірте кәдімгі сигналдарға ауысады.

Ағзаға әсер ететін негізгі факторлар Фактор сипаттамасы Фактор әсерінің режимі Әдістер атауы
Бірінші топ: контактілі қабаттасқан электродтар арқылы токпен әсер ету Тұрақты бағыттағы ток Төменгі және орташа жиілік тегі ауыспалы ток Жоғары жиіліктегі ауыспалы ток     Үздіксіз Импульсті Үздіксіз Импульсті Гальванизация, емдік электрлі форез Фарадизация. Электр стимул-дегіш және электрлі диагнос-тика. Әртүрлі импульсті токтар. Электроұйқы Синусоидалық модульдеуші ток. Интерференциялы ток, кең спектрлі жиілігі бар ток Диатермия, электрлі хирургия. Жергілікті дарсонвализация
Екінші топ: контактісіз қабаттасқан электродтарға өріспен әсер ету Төменгі жиіліктегі тұрақты немесе ауыспалы магниттік өріс Индукция ның магниттік құраушы өрістері Сәулеленудің электромагниттік өрісі Индукция-ның электрлік құраушы өрістері Тұрақты электр өрісі Төменгі жиіліктегі тұрақты немесе ауыспалы магниттік өрі Индукция Үздіксіз Импульсті Импульсті Үздіксіз Импульсті Үздіксіз Импульст Магнитті терапия Индуктотермия Жалпы дарсонвализация Микротолқындық және ДЦВ терапия Электр өрісі терапиясы (УЖЖ -терапия) ИмпульстіУЖЖ-терапия Франклинизация (статикалық душ) Аэроионотерапия.  

Қазіргі кездегі МТР.

Гальванизациялауға арналған құрал – бұл ауыспалы ток торабының түзеткіші, пульсті тегістеуге арналған, шығушы реттегіш потенциометрлі фильтр-мен жабдықталған және өлшегіш құрал.

Гальванизациялауға арналған аппараттың принципиальді электрлік схемасы.

Импульстік токты қолдану аумақтарын былай жіктеуге болады:

1) электрлі диагностика;

2) электрлі терапия;

а) электрлі стимулдегіш;

б) электроұйқы;

в) басқа да емдік процедуралар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных