Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Анти бөлшектер және олардың аннигиляциясы




Электрон мен позитрон антибөлшек жұбының мысалы. Позитронның бар болуын теория жүзінде 1930ж. Дирак болжады, ал эксперимент жүзінде 1932 ж. Андерсон дәлелдеді.

Практикада әрбір бөлшектің анти бөлшегі бар. Бөлшек пен анти бөлшектің массасы, өмір сүру уақыты және спині бірдей. Қалған сипаттамалары, о ның ішінде электр заряды мен магнит моменті модулі бойынша тең, бірақ таңбасы бойынша қарама-қарсы. Протон p және анти протон , нейтрон n және анти нейтрон , нейтрино e және анти нейтроино e, электрон е - және анти электрон е⁺ бөлшек пен анти бөлшектің мысалы болып табылады.

Бөлшек пен анти бөлшектің әсерлесуі олардың аннигиляциясына әкеледі. «Аннигиляция» термині «жоғалу» деп аударылады, бірақ та оны сөздің тура мағынасында түсінуге болмайды. Электронның позитронмен аннигиляция процесі нәтижесінде екі (сирек үш) жоғары энергиялы фотон (γ – квант) туады.

 

 

және де электрон-позитрон жұбының энергиясы фотондар эненргиясына ауысады. Осы процесс кезінде кем дегенде екі фотонның пайда болуы импульстің сақталу заңының салдары. Кері процесс болуы да мүмкін – энергиясы көп (Ey > 1,02 МэВ = 2 me c2) γ- кванттар затпен (Х ядромен) әсерлескен кезде электрон-позитрон жұбы туады.

 

Х бөлшегі энергия мен импульстің сақталу заңдары орындалуы үшін қажет.

Электрон-позитрон жұбының туу және аннигиляция процестері материяның түрлі формаларының өзара байланысының мысалы болып табылады: бұл процестерде зат пішініндегі материя электромагниттік пішініндегі материяға айналады және керісіше.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных