Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ежелгі Шығыс философиясындағы Конфуций ілімі




Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар. Олар: 1) үнділерден келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған – даоцизм, 3) конфуциалдық. Бірақ, конфуциалдықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Бұл ілімнің негізін салған – нақты адам. Ол б.з.д. VI-V ғ.ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479).

Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес, шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі – нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған.

Конфуцийдің Сократтан айырмашылығы мынада. Егер Сократ нақты жағдайды байқап, одан абстрактылы ой тұжырымдаған болса, Конфуций нақты жағдайға жалпылық ой тұрғысынан пікір айтқан. Конфуций өте керемет дарын иесі болып, әлі күнге дейін қытай­лық­тардың қоғамдық санасында кең орын алуда. Себебі неде десек, мәнісі былай. Біздің заманымызға дейінгі, Конфуций өмір сүрген уақытта ол елде тәртіп бұзылып, адамдар біріне бірі әлімжеттік көрсетіп, тонап, соғысып жатқан болатын. Содан адамдарды тәртіпке, адамгерші­­лікке, бірлікке шақыру ауадай қажет болды. Сол қиын-қыстау ауыр жағдай Конфуцийдің ілімін дүниеге алып келді. Оның данышпандығы сол жағдайға әбден сәйкес келгендігі. Мәселен, Конфуцийдің пікірінше елді түсі­ністікпен басқарудың үш буыны бар. Олар: 1) әділеттік, 2) табиғатты сүю (аялау), 3) әдет-ғұрыпты құрметтеу. Немесе, қоғамда ауыз бірлік болу үшін байланыстың тиімді үш басты түйіні, түрі бар дейді Конфуций. Бірі, басқарушы мен бағынушы, екіншісі, әке мен бала, үшіншісі, ері мен әйелі арасындағы қарым-қатынас. Тыныштық, татулық болу Конфуцийдің пікірінше, бі­ріншілерді екіншілердің мүлтіксіз тыңдауы, айтқанда­рын бұлжытпай орындауы.

Егер кімде кім рақымшылық сезімді қолдаса, онда атасы мен анасын құрметтеп, мемлекет басшысының айтқаны заң болса, басқаларға сөзімен шыншылдықты көрсетсе, ондай адамды сауатсыз болса да ғалым дер едім, дейді Конфуций.

Қазір ата-анаға балаларының қайырымды болуы, олар­ды тек асырау деп түсінсе, бұл кемістік. Малды да асырайды. Дұрысы оларды қамқорлыққа алу, дейді Конфуций.

Қайырымды адам қатал болмаса, ол басқаларға ықпал жасай алмайды, білім алуда да осал болады, дейді.

Әдет-ғұрыптың керегі не, егер адам болып туған соң, адамгершілік жасай алмаса.

Сөз сөйлеуде адамдарда кездесетін үш түрлі қателік бар дейді Конфуций. Бірі – пікірді керек кезі болмаса да айтып қалу. Бұл аңғалдық. Екіншісі – пікірді мәселе пісіп жеткен кезінде айтпай қалу. Ол – құпиялық, қулық. Үшіншісі – пікірді тыңдаушының бет-жүзін барламай айтып салу. Бұл – бұл соқырлық дейді.

Конфуцийдің жақсы көретін ұстанымы: нақыл сөзді барлық жағдайда емес, тек нақты жағдайға және тың­даушымен жүргізіліп отырған әңгімеге сай айту.

Конфуций пікірінше ғылым мына салалардан қалыптасады:

1) Тарих, кітапта жазған ойлар. 2) Халықтың нақыл сөздері. 3) Әдет-ғұрып.

Конфуций айтқан екен: кейде ғылым (білім) елді басқаруға керек, ақша соны есептеуге қажет деп. Сөйтеді де ал ғылым (білім) жалпы елге керек, қажет дейді.

Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын», – депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных