ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бухгалтерлік есеп» пәні. Сабақ тақырыбы:«Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы бағаның құрылуы жәнеСабақ тақырыбы: «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы бағаның құрылуы және өнімнің өзіндік құны есебі» Жоспар: 1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тағамдарының сату бағасын анықтау 2. Шоттар байланысы
Баға – бұл тауардың ақшалай құны, ол өнімнің өзіндік құнынынан тұрады. Бағалардың келесі түрлері бар: 1. көтермен және бөлшек бағасы 2. сатып алу және сату бағасы Мысал №1. «Дәмді котлеттің» сату бағасын есептеу. Бұл үшін рецептісі берілген кестені қолданамыз: 3 категориядағы шошқа етінің брутто салмағын есептеу үшін, 2 категориялық шошқа етін (147 г.) қосу сүйек (20 г.) бөлеміз ірі бөлшектенген шалафабрикаттардың нормасына (64,6%). 3 категориялы майлы шошқа етінің құрамы 258,5 г. ((147 + 20) / 64,6 * 100%), ол котлеттің калькуляциясына кіреді. Еттен басқа «Дәмді котлет» тағамының құрамына пияз бен қоспалар кіреді. 3 категориялық еттің сатып алу бағасы – 1 кг. - 280 тенге, пияз – 1 кг. 20 теңге, қоспалар – 100гр. 25 теңге. Тағамның бағасын анық анықтау үшін калькуляцияны шикізаттаның 10 кг. 100 тағамға деген есеппен жасаймыз.
«Дәмді котлеттер» тағамының сату бағасын есептеу
Үстеме 200%, ал ҚҚС 13 % екендігін ескере отырып тағамның сату бағасы келесі: (72,99 + (72,99 * 200%) + (72,99 + (72,99 * 200%) * 13%) =3062,28 / 10 кг.= 306,2 теңге Соустар мен гарнирлардың бағасы бөлек есептеледі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін мысал ретінде қарастырып көрейік: Мысал №2. «Шағала» кафесінің қоймасынан асханаға 264000 теңгеге шикізаттары, сонымен қатар кондитоерлік тағамды жасауға 129000 теңгенің шикізаты босатылды. Қоймада шикізаттар сатып алу бағасы бойынша есепке алынады. Шикізаттардың бір бөлігі тағамдарды және кондитерлік тағамдарды пісіруге жұмсалды. Қолданбаған 30000 теңгенің шикізаты асханадан қоймаға қайтарылды. Дайын өнім асханадан буфетке 110% үстемемен сатуға жіберілді, кондитерлік тағамдарының ұсталмаған 108000 теңгенің шикізаты қоймаға қайтарылды, ал сатуға буфетке 21000 теңгеге босатылды. Кафенің қоймасына жабдықтаушылардан шикізаттар түсті, олар апта бойы барға сатуға 100% үстемесімен және кафенің буфетіне 70% үстемесімен жіберілді. Барға 94000 теңгенің тауары, буфетке 192000 теңгенің тауары босатылды. Кассирдің есебі бойынша тұтынушыларға 652080 теңгегің тауардары мен тағамдары қолма – қол ақшаға сатылды, ал кафе қызметкерлеріне жалақы есебіне түскі тағам 40000 теңгеге босатылды. Кондитерлік тағамдар цехының қоймасынан «Дана» кәсіпорынына 150000 теңгеге өнім босатылды. Барменнің кінәсінен 5 бутылка каньягі сынды, жалпы бағасы – 2000 теңге. Басшының шешімімен барменнен 2000 теңге сомасы есепбінен алынады. Ағымдағы периодта жалпы және әкімшілік шығындарының көлемі – 45000 теңге мөлшерін құрады., сату бойынша шығын – 73000 теңгеге тең. Шоттар корреспонденциясын құрайық:
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|