Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ




Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынані орыстың және Батыс Европа мәдіниетінің игі әсерімен молықтырды.

Мұхтар Әуезов

 

Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғабит Мүсірепов

 

Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді. Тек қана ақынға тән, тек қана біліммен суарылған ақылға тән қабілетпен, романтикке тән жоғары сезімталдықпен халық өмірінің өзгеруін, найзағай отының туған өлкесін де дүр сілкіндіруін тіледі. Қамықты да. Бұл ретте де ол XVIII-XIX ғасырлардың Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғаларының далалық бауырласы екенін танытты.

Шыңғыс Айматов

 

АХМЕТ ИҮГНЕКИДІҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІ

Рманғали Г

Орта ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының әдеби мұралары мен көне жазу ескерткіштері өте мол әрі бай. Осындай тамаша мұралардың гүлденіп, қанат жаюы Қарахандықтар дәуіріне тұспа-тұс келеді. Бұл дәуірде жазылған шығармалардың өзіндік ерекшеліктері бар. Қарахандар дәуірінде дидактикалық сарында жазылған бірқатар туындыларды ерекше атап өтуге болады. Себебі, осы сарында жазылған әдеби шығармалар Көк Тәңірге сыйынған түркі елін бірте-бірте ислам дініне шақырып, оны насихаттауды алдына мақсат етіп қояды. «Дидактикалық әдебиеттің негізгі міндеті – философиялық, моралдық, этикалық және діни идеяларды көпшілік оқырман қауымға уағыздау, ғибрат айту арқылы жеткізу болып табылы».Міне, осындай көркем туындылар қатарына Х-ХІІ ғасырлардағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Иассауидың «Даналық кітабы», т.б. жатады.Бұл еңбектер танымдық, насихаттық сипаттарымен қатар таусылмас рухани байлықтың көзі.Жалпы, бұл әдебиетіміздегі тың әрі құнды дүниелер болып табылады.Дидактикалық сарында жазылған әдеби мұралар оқырманға жете таныс емес екендігі шындық.Оны зерттеп халыққа таныстыру – алдымыздағы үлкен мәселелердің бірі.

Көркем сөз шебері Ахмет Иүгнеки түркі тіліндегі әдебиетіміздің шарықтап, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты. Өмірдің жарық сәулесін көрмей өссе де, көкірек көзі ояу, ақылды да зейінді, асыл азамат әдебиетімізге баға жетпес үлкен мұра қалдырды.ХІІ ғасырдың орта кезі мен ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен жалғыз туындысы – «Ақиқат сыйы» дастаны.Бұл дастанның түпнұсқасы сақталмаған, бізге тек араб, ұйғыр тілдеріндегі көшірмелері ғана мәлім.

Сол ғасырларда өмір сүрген көптеген ғалымдар еңбектерін араб тілінде жазғаны белгілі.Алайда, А.Иүгнеки сынды бірқатар ақындар сол кезде мемлекеттік дәрежеге ие болған түркі тілінің мәртебесін көтеруге күш-жігерін салды.Жасынан оқу-білімге құштар болып өскен Ахмет көп ізденіп, түркі тілін өте жақсы меңгереді. Шығармасын өз ана тілінде жазып, келешек ұрпаққа баға жетпес мұра қалдырды. Ара-тұра діни ұғым-түсініктерді, дастанның тақырыптары, Алланың қасиетті сөздері, хадистерді санатқа қоспағанда, орта ғасырда жазылған дастан басынан аяғына дейін таза түркі тілінде жазылған ақыл-кеңеске тұнып тұр.

Өсиет, нақыл сөздер ретінде жазылған бұл дастан белгілі бір сюжетке құрылмаған. Ақын бір жүйемен әрбір тарауды жеке-жеке тақырыптарға бөледі.Осындай жеке тараулардың бірінде А.Иүгнеки білім алуға, тәрбиелі адам болуға, адамгершілік қасиеттер, моралдық ұғымдар жайында ғибратты сөздер айтады: «Хақиқатта» адамгершілік, әділетшілік, білімділік, ақыл-парасаттылық сияқты өнегелі тәлімдер дәріптеліп, адамшылыққа жат іс-әрекет, мінез-құлықтар сыналады.Білім жөнінде, тіл туралы, әдептілік, дүниеқорлық, тағы басқа мәселелер туралы пікір қозғалады». Ақын шығармасын барлық шығыстық әдеби дәстүрге тән қайырымды, мейірімді Алланың атымен, ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.с.) салауат айтумен және төрт сахабаны мадақтаумен бастайды.

Ей, Алла, көп мүнажат етем саған,

Ең әуел рақымың – мен аңсаған.

Айтайын артықтығын Пайғамбардың,

Ұғып ал толғауымен ой мен ардың.

Айттым сәлем төрт досыма қолдайтын,

Мен – бір пәнде тәубедан тыс қалмайтын.

Садық, Фаруқ Зун-нурин – үшінші,

Төртінші Әли – қас батырым талмайтын.

Бұл өлең жолдарын оқи отырып, ақын еңбегіндегі алғашқы кездескен мұсылманшылық сарынын көруге болады.

Міне, шынайы хақ дінді тауып, бүкіл өмірін соған арнаған Ахмет болашақ ұрпақтарына өмірдің қалтарысына түсіп кетпей, иманды, тәрбиелі, сабырлы болуға, жақсы істер жасауға үндейді.

Бұл заман оқығандардың дәуірі екенін жақсы түсінген А.Иүгнеки кейінгі ұрпақтарына білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы былай дейді.

Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.

Білімсіз тең бола ма білімдімен,

Азамат – білікті әйел, ез ер – қатын.

Білгеннің өзі өлгенмен аты өлмейді,

Аты өшер білмегеннің құры жүріп.

Ақын білім туралы осылай толғаса, қасиетті Құран-Кәрімнің бірқатар сүрелерінде білімнің пайдасы жайында мынадай аяттар кездеседі: «Алла-Тағала сендерден иман келтіргендердің және ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді» (Мужадәлә 58:11), «(Мұхаммед), Білгендер мен білмегендер тең бола ма? – де» (Зүмәр 39:9). Яғни, ол ислам діні адамға қажетті барлық нәрселерді қамтығанын көрсетуге тырысты. А.Иүгнеки дүйім жұртқа түсінікті қарапайым тілде ислам дінін осылай терең түсіндіруге атсалысты. Ақын білімді адамның алды жарық, дәрежесі биік, адамгершілігі мол, зерделі де ақылды болатыны жайында ұтымды пікір ұсынады. Пайғамбарымыз «Бесіктен бейітке дейін білім іздеңдер (Әбу Дардадан (ради аллаһу анһу) Тирмизи)» деген өнегелі сөзіне сүйене отырып, орта ғасыр ақыны адамзатты рухани байлыққа шақырады.

Білім іздеу жолында адам екі дүниенің де бақыт кілтін табады.Оқу-білімнің кәусар бұлағынан сусындағандар батыл ұмтылыстар жасайды.Ал егер білімсіз болса, бойына жаман әдет жұқтыруы мүмкін, кейін олардан айырылуы өте қиынға түсетінін ескертеді.Сол себепті аурудың алдын алып, одан сақтайтын түпсіз терең тұңғиық – білім дейді.Айта кететін бір жайт, халықтың нақыл сөздерінің төркіні Ахмет Иүгнеки айтқан өнегелі ақыл өсиеттердің кейбірімен ұқсас.Бұған ешкімнің таласы болмауы тиіс.Мысалы, оның «Білімді білімсіздің мыңын жеңер, Ол біліп білім ізін, теңін теңер» деп айтқан өлең жолдары «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» деген қазақтың мақал-мәтелімен үндеседі.

Білімсіз құны жоқ бос бақыр болып даңғырлағанша, білім алған әлдеқайда артық.Ол халықтың бір керегіне жарайтыны кәміл. Ахмет Иүгнеки сүйекті майға теңейді, егер майсыз сүйек болса, оған ешкім қол созбайды дейді. Сол сияқты білімсіз надан бұл дүниеде тірі өлік болып есептеледі. Сонымен бірге надан адам ойланбай сөйлегендіктен өз тілінен өзі таяқ жейді. Міне, білімнің алатын орны ерекше екенін осыдан көруге болады.

Әрбір адам «Білімді Қытайдан болса да, үйрен» деген пайғамбарымыздың хадисін шырақ етіп ұстап, төмен құлдырамай, жоғары биікке ұмтылуы тиіс.

Алла өзін біліммент құт етеді,

Қайырсыз надандықты жұт етеді.

Білімді үйренген талай қауым,

Құдайды қолдан жасап бұт етеді, - деп, А.Иүгнеки білімнің бір ұшығын құдайдың өзінде жатқанын көрсетеді.Яғни, Алла әрбір нәрсені ақылмен, біліммен жаратқаны білімді адамға аян. «Ақшасы жоққа – білім таусылмайтын қаржы» демекші, білімді адамның жүрегі әр уақытта таусылмайтын кен екенін түсіндіреді.

Сонымен, Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» дастанында білім туралы айтқан ғибратқа толы нақыл сөздері болашақ ұрпаққа өшпес мұра болып қала бермек. «Кімде-кім үйінен білім іздеп шыққан болса, Алла-Тағала жолында жүрген болады» деп Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтпақшы, Ахмет Игүнеки де өзі жеткен жетістіктерге, ізденудің арқасында тапқан рухани байлыққа басқалардың да жету мүмкіншіліктері бар екенін аса сенімді түрде айтады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных