Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сабақтың барысы.




1. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі қезеңдері.

1. 1841-1850 ж.ж. - балалық шағы.

2. 1850-1857 ж.ж. - Орынбор шекара комиссиясы қазақ балалары үшін ашылған мектепте білім алып, үздік бітіруі.

3. 1857-1859 ж.ж. - Еңбек жолының басы, тілмаш, аудармашылық қызметі.

4. 1860-1863 ж.ж. - Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алуы. Дайындық жұмыстарының жүруі: қаржы жинау, көмекші оқушыларды дайындау, мектеп іргетасын көтеруі.

5. 1864 ж. 8 қаңтар - Торғай мектебінің ашылу салтанаты. Ыбырайдың оқыту әдістемесінің тәжірибелі сынақтан сүрінбей өтуі.

6. 1864-1879 ж.ж. - Ғылыми, қоғамдық көзқарасының кемелденіп қалыптасу қезеңі. Этнографиялық, қоғамдық оқу-әдістемелік еңбектерінің жарық көруі.

7. 1879-1889 ж.ж. Ыбырайдың зайырлы білім беру ойларының жүзеге асуы.

Ыбырай - тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза aнa тілін үйрету арқылы халықтың бай тілі мен өнерін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы.

Жүз жыл бұрын дәл осылай дана адам,

Ұлы мұра қалдырдым деп кеткен бе?

Тұңгыш peт мектеп ашып даладан,

Жалт қаратқан жалпақ елді мектепке.

Алтынсарин тәліміндегі құндылықтар - талаптылық, еңбексүйгіштік,

ұқыптылық, ұжымшылдық, байқағыштық, зеректік, тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға».

 

КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ АСЫРА СІЛТЕУЛЕР

Жусанбаева Г

1918 жылы 16-қазанда «РКФСР-дегі бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» мен «Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация» жарияланды. Ережеде екі басқышы болатын мектеп жүйесі бекітілді. Қазақстанда жазу мен сызудың артта қалуына байланысты ұйымдастырылған жүйе төмендегідей еді:

- оқыту мерзімі 4 жылдық бірінші басқыш мектептер;

- екі орталықтан тұратын жеті жылдық мектептер (бұлардың біріншісітөрт жылдық, ал екіншісі үш жылдық болды), 1918 жылы Шымкентте, Перовскіде, Түркістанда қазақ-орыс мектептері ашылды. Ардагер ұстаз X. ЬІбырайымұлы өзінің естелігінде қазақ мектебінің қалай ашылғанын: «1918 жылы Жаңа Семейде қазақтың тұңгыш бастауыш мектебін аштым. Бір жылдан кейін 1919 жылы бұл мектеп Кеңес мектебіне айналып, №26 қазақ бастауыш мектебі деп аталатын болды. Мектеп ашу үшін біз Жаңа Семейде тұратын Мцхаметжан Сейітқулов деген байдыңүуйін жалдап тұрдық.Кейінірек М. Сейітқұловтың үй-жайы тәркіленіп,үйі түбегейлі түрде мектепке берілді. Тұңгыш ашылган жылы 60 оқушы болған. Оларды. Дүйсенбай Иманқұлов деген мұғалім екеуіміз оқыттық. Біз татар мектептеріне арналған оқулықтар бойынша дайындалып келіп, сабағымызды қазақ тілінде оқытып жүрдік...- деп әңгімелейді.

Қазақ мектебінде мектеп үйлері, көрнекі құралдар, оқулықтың болмауы, мұғалімдердің жеткілікті даярлығының жоқтығы мектеп ісіне зор кедергі келтірді.

Республикада қазақ мектебіне арнайы оқулықтар шығару мәселесі де көп қиындыққа ұшырады. Қазақ тілінде оқулықтар жазуға даярлығы бар топ, негізінен, бұрынғы Алаш қозғалысының қайраткерлері еді. 1920 жылы (4-12-қазанда) Қазақстан Кеңестерінің I Кұрылтай жиналысында Ахмет Байтұрсынов КазАССР-інің Халық ағарту комиссары болып сайланды. Құрылтай жиналысынан кейін Ахмет Байтұрсынов 1921 жылы 31-қаңтарда зиялы қазақ азаматтарын мәжіліске шақырып, кеңес ашқан. Мәжіліс қазақ тілінде 1-ші 2-ші басқыш (баспалдақ) мектептері үшін оқулықтар жазуға Һәм тәржімалауға тез арада кірісу мәселесін көтерді. Мәжіліске Елдес Омарұлы, Хайритдин Болғанбайұлы, Сымағұл Сәдуақасүлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәкен Сейфуллин, Биахмет Сәрсенұлы, Әлихан Бөкейханов, Сабыр Айтқожин қатысты. Мәжіліс оқулық шығаруға бағытталған төмендегідей қарар шығарды.

1.Казақ-қырғыз тарихы — М. Жұмабаев.

2.Жалпы тарих — X. Болғанбаев.

3.География — А. Бөкейханов.

4.Геометрия — Б. Сәрсенов.

5.Жаратылыстану — Е. Омаров.

6.Педагогика — М. Жұмабаев.

7.Мектептер гигиенасы — К. Тілеулин.

8.Алгебра бастауыш — Е. Омаров.

9.Арифметика — М. Тұрғанбаев.

10.Физика — Ф. Ғалымжанов.

11.Қазак тілінің оқуы — А. Байтұрсынов.

 

Аталган оку кітаптары дер кезінде жазылып басылып шығып, 1928-1929 жылдарға дейін казақ мектептерінде оқу құралы болып келген. 1930-34 жылдар аралығында қазақ тілінде бастауыш мектебі үшін 92 оқулық атауы (жалпы данасы - 5.672,2 мың), орта мектеп үшін 52 оқулық атауы (жалпы данасы - 726,2 мың) шығарылды2.

Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңдерінде Казақстанда мектеп салу ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеді. Орыс мектептерінің өз алдына үйлері болса, казақ мектептерінде үйлер жоктын касы болған. Павлодар уезінін халық ағарту мәлімдемесінде қазақ мектептері жалдап алған үйлерде, қара көлеңке жер үйлерде сабақ өткізеді. Көп мектепте отыратын парта жоқ, тақыр еденде оқиды...

Қағаз-қарындаш бола қалса, тізесіне қойып жазады, сынып тақтасы болмағандықтан үйдің қабырғасына немесе пешке жаза салады. Онда да бормен емес, ақ кесекпен, болмаса жанған ағаштын көмірімен жазады делінген.

Қазақ ауылдарында ашылған қазақ мектептерінің көпшілігі колхоздар есебінен бой көтерген. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 1921 жылдың ақпанында өткізілген 1-ші сессиясында республикада халық-ағарту ісінің материалдық базасы қаралды. Сессия - «Казақ мектептері үшін үй салу негізгі міндет деп есептелсін» деп қаулы етті. Осы қаулыға сәйкес губерниялық оқу-ағарту бөлімінің халықтық мектеп үйлерін салуға, көмектесуге шақырған Үндеуі Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен, Атбасар, Ақтөбе уездерінің көптеген ауылдарында қолдау тауып, мектеп үйлерін салуға жергілікті халық белсене қатысқан. Соның нөтижесінде Өскемен уезінде -23, Бұқтырмада - 30, Семейде - 33, Атбасарда - 35, Актөбеде - 22 мектеп еңбекші халықтың көмегімен салынып, өз алдында жүмыс істеген. Сол кезеңде мектеп үйін салу жайлы жоспарлар кабылданғанмен, жергілікті қаржының дұрыс бөлінбеуінен, құрылыс материалдарының тапшылығынан, ұйымдастыру жүмысының нашарлығынан орындалмай қалып отырған.

1925-1926 жылдардағы Қазақстан Халық ағарту мәліметі бойынша казақ мектептерінің 29,5 проценті мектеп үйімен камтамасыз етілсе, 70,5 процент қамтамасыз етілмеген. Казақ мектептері жазу құралдарымен 15-20 процентке, оқулықтармен 10-12 процентке жабдықталып отырған.

Қазақ балаларының мектепке қамтылуы басқа елдерден әлдеқайда төмен тұрған. 1929 жылдың аяғында Қазақстанда 8-11 жастағы балалардың бастауыш мектепке қамтылуы 75 процент болса, РСФСР-да 93,8 процентке жеткен. Шындығына келсек, 1918-20 жылдардағы азамат соғысы, іле-шала басталған аштық, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, зиялыларға қарсы репрессия қазақ мектептеріне кері әсерін тигізгені анық.

1921-22 жылдары Қазақстанда болған жұт, ашаршылықтан күйзеліске ұшыраған губерниялар мектеп жұмысын мүлде тоқтатты.

1921-22 жылдар аралығында 6248 мектептен 3125 мектеп қалған, яғни,екі есеге қыскарған.

Оқушы саны 492 420 дан 223281-ге азайған, ал мұғалім саны 10560-тан 5386-ға кеміген.

Халык санағы мәліметі бойынша 1920 жылы Қазақстандағы сауаттылар республика тұрғындарының бәрінің 14,4 проценті, ал жергілікті қазақтардың 3,1 проценті кұрағанын атап көрсетті.

1930 жылғы тамызда Казақ АССР-нің Орталық Атқару Комитеті мен Халық комиссарлар Советінің республикадағы жалпыға бірдей бастауыш оқу туралы заңы жарияланды. Заң 1930-31 оқу жылынан бастап күшіне енуге тиіс болды. Жалпыға бірдей міндетгі бастауыш оқуға 8-11 жастағы балалар тартылуға тиіс еді.

1931-33 жылдарғы ашаршылық кезеңінде жалпы білім беру ісі құлдырай бастады. 1932 жылдың 1-ші ширегінде 10 мыңдаған оқушы мектеп қатарынан шығып, жүздеген мектептер жабылды. Мәселен, Алматы облысында 1932 жылдың аяғында оқу жылының аякталуына 2 ай қалғанда 305 бірінші басқыш мектебі, 2 екінші басқыш мектептері жабылды. 1-ші басқыш мектептен 35337 оқушы, 2-ші басқыш мектептен 2140 оқушы таратылды8. Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша окушылардың мектепке қатысуы 50 процептке төмендеп кеткен.

Республикада 1939 жылдың басында 5997 бастауыш, 1619 орталау, 532 орта мектептер жұмыс істеген.

1939-40 оқу жылында мектеп жасындағы 8-14 жас аралығындағы 7122 бала мектепке тартылмай қалып отырған. Балалардың оқуға толық камтылмау себебі, кейбір халық ағарту бөлімдерінің жүмысының нашарлығынан жөне мектеп басшыларының есеп жұмысын дұрыс жүргізбеу салдарынан болды.

Қазақ ССР Оқу Халық Комиссариатының мәліметі бойынша 1939-40 жылдары киім-кешектің жоқтығынан Солтүстік Қазақстан облысында - 1592 бала, Алматы облысында - 672, Батыс Қазақстанда - 1190, Акмола облысында - 1129 бала мектепте окымаған.

А. Байтұрсынов 1914 жылғы жазған мақаласында: «Мектептің жаны - мұғалім, мұғалім білімді болса. білген білімін басқага үйрете білетін болса. ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» деген болатын деп автор мектептің жаны - мұғалім екендігін келешек ұрпаққа насихаттайды.

Жаңа ашылған қазақ мектептерінде мүғалім кадрларының жетіспеуі, білім таяздығы мектептегі білім беру ісіне өз әсерін тигізді.

1925-26 оқу жылында республика бойынша 5853 мұғалім жұмыс істеді, оның 2061-і қазақ мектебінің мұғалімі болған. Сол жылдары жоғары білімді мұғалім саны - 61, арнайы білімді мұғалім саны - 490.

1939-40 жылдары Қазақстандағы мұғалімдер білімінің төмендігін мына мәліметтерден көруге болады. Сынақ барысында 30 263 мұғалімнің тек 9046-сы, яғни 29,9 проценті мұғалім дәрежесіне ие болған, ал 18 546 мұғалім, яғни 61,9 проценті жұмысқа уақытша жіберілген сырттан оқитын мұғалімдер екені анықталды.

Кейбір мұғалімнің білімінің төмендігін Май ауданының Жаңа Тұрмыс ауылының бастауыш мектебінің мұғалімі Байбатыровтың жауабынан көруге болады: «Чапаев және Амангелді деген кімдер?» деген сұраққа «Чапаев - Алматыда жұмыс істейді. Амангелді - Москвада, меніңше» деп жауап қайтарған.

Казақ зиялыларына қарсы репрессия жылдарында қазақ мұғалімдері қудалауға түсіп, саны азайып отырған. 1937 жылдың күзінде бір Ақтөбе облысында 1944 мұғалім 235-і «халық жауы» деген желеумен жұмыстан шығарылған.

Кеңес дәуіріндегі ілгерілеушілікті асыра көрсету барысында Қазақстан 30-жылдардың аяғында жаппай сауатты елге айналды деп жарияланып келді. Шын мәнінде солай болды ма? Архив деректеріне сүйенсек, 1935 жылы республикада тұрғындардың бөрінің 61 проценті, қазақтардың49 проценті ғана сауатты болған. Білім саласындағы «ақтаңдақтар» Кеңес дәуірінде ғылымда да қордаланып келді деп автор өз ойын тұжырымдайды.

Ол қоғам мүшелерінің дүниетанымын калыптастыруға кесірін тигізбесе, пайдасын берген жоқ. Демек, зарығып күттірген тәуелсіздік жағдайында Кеңес үкіметі қасақана жасаған олқылықтардың орнын шұғыл толтыруымыз қажет. Осынау ащы шындықтың мәнін тез арада ұғынып, іске кіріспесек әлемдік өркениеттен дәмеленуге қақымыз да болмайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных