Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің оқу бағдарламасы




(syllabus)

 

Модуль пәнінің атауы «Қазақ тілі»

 

Барлығы__6___ кредит

 

Курс ___1, 2___ Семестр _1, 2, 3__

 

Практикалық сабақтар __ 90 _ сағат

 

СОӨЖ ___ 45 ___ сағат

 

СӨЖ __ 135 ___ сағат

 

Емтихан __1, 2, 3__ семестр

 

Барлығы ____ 270 ___ сағат

 

Аралық бақылау ______ 6 _____

 

Қорытынды бақылау түрі __ емтихан ___

 

А С Т А Н А – 2012ж.

 

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

 

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: С.М.Сапина - ф.ғ.к., А.Қ.Утанова - ф.ғ.к., доцент, К.К.Қанафиева– п.ғ.к., доцент, Ж.Т.Нурканова – аға оқытушы, Г.Ж.Мауленова – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі.

Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы)

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі.

Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады.

Пәннің сипаттамасы: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

С1 деңгейі бойынша:

- жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

- қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

- алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных