Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақ елі - менің Отаным




Қазақстаным – бесігім алтын тербеткен,

Ырыздық дәмді өзіңнен еміп, ер жеткем.

Өзімдік емес,өзгенің жұмақ өлкесі,

Жақсы да болар, өзіңе бірақ келмес тең.

Қазақстаным – кең байтақ менің мекенім,

Кей кезде сені қиялмен шарлап кетемін.

Шет жерге шығып жұмаққа аялдасам да,

Отаным менің, өзіңе аңсап жетемін.

Арайлап атқан таңы бар,асу бермес асқарлары бар,сайын да-ла жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел – Қазақстан. Қазақстан – бүтін қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол менің елім. Тәңірі асты-үсті байлыққа тұ-нып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Сан ғасырлар көкірегінен мұң кетпеген қазақ еліне тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Отаны үшін,елі үшін қабырғасы қайы-сып, еңіреген ер азаматтар қай заманда да болған. Халқым деп ту-ған, халқым деп өмір сүрген, тіпті сәби кезінен-ақ бесікте тербел-ген еркелер емес, ел-жұртын рухани бесікте өздері тербету үшін жаралған батырларымыздың арқасында бүгінгі жарық күнге же-тіп отырмыз. 1991жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Ке-ңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз демократиялық және құ-қықтық мемлекет деп жариялады. Міне,содан бері егемен елміз. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Рес-публикасымен, оңтүстігінде Қырғыз,Өзбек, Түркімен елімен, ал ба-тысында Әзірбайжан Республикаларымен шектеседі. Көк туымыз қайта желбіреп, өз әнұранымыз байтақ кеңістікке қайта асқақтады. Жаңарған рух, жанданған тарих, жасарған жүрек бәрі-бәрі өз жа-расымын тауып, бір арнаға тоғысты. Осындай бақытқа жеткен Қазақстан халқының асқан биіктері де аз емес.Аз уақытта тәуел-сіздік таңымен мемлекеттік тіліміз мәртебе алып, ұлттық келбе-тімізді танытты.Бұл бар істің басы. Ұлттық тілі жоқ мемлекет, мемлекет бола алмайды. Ата заңымыз қабылданып, ұлттық теңгеміз айналымға шықты.

Қазақ – Қобыландының ұрпағы,батыр ел.

Қазақ – Қозы мен Баянның ұрпағы, тату ел.

Абылайдың ұрпағы,айбарлы ел,

Төле бидің ұрпағы, шешен ел.

Қазыбек бидің ұрпағы, көсем ел,

Әйтеке бидің ұрпағы, батыл ел.

Ұлы Абайдың ұрпағы, ақын ел.

Жүрегі таза, жақсыларға жақын ел.

Мен елімнің нұрлы да шуақты күндерінің мәңгі боларына, білімді де өнегелі ұландарының жетістіктеріне бүкіл әлемнің «Қазақстан, Қазақстан!» деп таңдай қағарына сенемін. Сүйікті Отаным, жасай бер мәңгі, жайнай бер! Көгімізде бейбіт-шілік белгісіндей боп – көгершіндер, теңдік, бостандық белгісіндей боп – қыран құстар самғап ұша берсін!

Бүгінгі партада отырған шәкірт – ертеңгі азамат. Сондықтан да, қыран қазағымның қанаты қырқылмауға, қайта көкке қарай еркін өрлеуі, ұлттық рухы өлмеуі қажет екенін естен шығармайық.

Қайда жүрсем, туған елім өзіңді.

Сағыныштан бір көруге асығам,

Сондықтан да мақтан тұтам өзіңді.

Қастерлеймін салт – дәстүрің, сөзіңді.

Қазақстан – туған елім, Отаным,

Түсінерсің мендік іңкәр сезімді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных